В010500- дефектология мамандығына арналған Семестр Кредит саны Ақтөбе, 2017 ж. Арнайы психология пәні бойынша 5В010500- дефектология мамандыққа арналған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Құрастырушы


Дәріс тақырыбы: Кемістік және оның орнын толтыру



бет4/43
Дата17.10.2022
өлшемі0.55 Mb.
#462878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Арнайы психология УМК

Дәріс тақырыбы: Кемістік және оның орнын толтыру


Аннотация: Арнайы психология ғылым дамуына үлес қосқан Л.С.Выгосткийдің теориясына сипаттама беру . Кемістік пен компенсация ұғымдарының мазмұнын, анықтамасын талқылау. Онтогенез және баланың психикалық дамуындағы әртүрлі факторлардың рөлін қарастыру.
Кілт сөздер: Кемістік, компенсация, онтогенез, психика.

Жоспары:


      1. Кемістік және орнын толтыру ұғымдары

      2. Л.С.Выготскийдің теориясы

      3. Онтогенез және баланың психикалық дамуындағы әртүрлі факторлардың рөлі

Дәріс тезистері: Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. «Алғашқы кемістіктер бір биологиялық жүйенің (талдағыштар, ми құрылымдары) патогендік факторлар әсерінен, органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – алғашқы кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеуінің бұзылуы, соқырлардың бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден алыс болса, оны психологиялық–педагогикалық түзету оңай болады. Қарапайым қызметтермен салыстырғанда, жоғары қызметтерді түзету жеңіл болады.
Даму үдерісінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылу арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты, «төменнен жоғары» болған жағдайда, дер кезінде коррекциялық–педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы, баланың әлеуметтік ортаға, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық күрделі мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық қарапайым психикалық қызметке кері ықпал етеді, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет