Дәріс тақырыбы: Дамуында бұзылуы бар балаларды психологиялық зерттеу
Аннотация: Дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеуге арналған психологиялық әдістерге толық сипаттама беру, талқылау, қарастыру.
Кілт сөздер: Даму, кемшілік, психология, әдіс, психологиялық зерттеу.
Жоспары:
Психологиялық зерттеу міндеттері мен қағидалары.
Психологиялық зерттеу әдістері.
Психологиялық қорытынды жасау
Дәріс тезистері: Дамуында бұзылуы бар балаларды психологиялық зерттеу, баланы дәрігерлік-психологиялық-педагогикалық зерттеудің бөлігі болып табылады, ол бала дамуының ерекшеліктеріне жан-жақты баға беруді қамтамасыз етеді. «Баланы зерттеудің кешенді әдісі идеясы, диагностикалық және түзетушілік-дамытушылық жұмысты жүзеге асыратын, әртүрлі бейіндегі мамандардың қолайлы бірігуі нәтижесінде, шын мәнісіне ие болады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды, психологиялық тексеру әдістері әртүрлі, олар қалыпты дамып келе жатқан балаларды тексеру әдістерімен сәйкес келеді, бірақ өзіндік спецификасы бар. Баланың құжаттарын тексеру. Құжаттарды тексерудің міндеті – анамнездік мәліметтер жинақтау, кеміс дамудың себептері жайлы мағұмат алу. Баланы кешенді түрде тексеруде, әрбір маман өз әріптестерінің құжаттарын «оқи» білуі керек, ол бала дамуының көрінісін толық құрастыруда, өзіне қажетті мәліметтерді алады. Балаға психологиялық тексеру жүргізуде, мұндай мәліметтерді баланың даму тарихынан алуға болады, онда төмендегідей мамандардың қорытындылары тіркеледі:
педиатрдың қорытындысы;
психиатрдың, невропатологтың негізделген медициналық диагнозы;
оториноларингологтың сипаттама қорытындысы;
офтальмологтың көру қабілеті туралы сипаттама қорытындысы;
ортопедтің қорытындысы (тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар үшін).
Мұндай нақты материалдар, психолог үшін психикалық қызметтерді зерттеуде, дұрыс бағыт береді.
Достарыңызбен бөлісу: |