В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


Технологиялық машиналар жұмысының негізғі технико-экономикалық көрсеткіштері



бет19/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Технологиялық машиналар жұмысының негізғі технико-экономикалық көрсеткіштері.

Машиналар мен аппараттардың пайдалану барысындағы үнемділігі келесі бірқатар көрсеткіштермен анықталады: жабдықтың өнімділігі оны жасақтау және игеруге кеткен шығындар; өнімнің бірлігін өндіруге кеткен шығындар; жабдықтың қызмет ету мерзімі; жөнделу күрделілігі мен оған жұмсалатын шығындар; аппарат немесе машина алып жатқан өндірістік алаң; қызмет көрсетуші персоналдардың саны мен квалификациясы; еңбектің қарапайымдылығы, жеңілділігі және қауіпсіздігі, энергетикалық шығындар.


Жабдықтың тиімді технологиялық параметрлерді қамтамасыз ете отырып қажетті өнімдікті беруменен қызмет ету мерзімі көптеген факторларға байланысты болады, атап айтқанда, бұл аппарат конструкциясы, жасап шығарылу сапасы, комплекталушы бұйымдар мен материалдар сапасы, жөндеулер мен техникалық қызмет көрсетілудің ұйымдастырылу деңгейі, қызмет көрсетуші персоналдық квалификациясы және т.б.
Қызмет көрсетуші персоналдар саны мен олардың квалификациясы пайдаланыстағы өндірістің технологиялық схемасының және жабдықтардың типі және жаңашылдығымен, автоматтандырылу және механикаландырылу деңгейімен, қауіпсіздік техникасы талаптармен және еңбектің ғылыми ұйымдастырылу деңгейімен, өндіріс қуатымен және т.б жағдайлармен анықталады.
1 Өндіріуші өнімді алу мақсатындағы ағындардың, фабрикаттар мен жартылай фабрикаттардың түрін, күйін, физика-химиялық қасиеттерін, пішінін және жағдайын өзгерту- мен байланысты технологиялық процестерді атқаруға жұмсалатын энергетикалық шығындар өнімінің түрін және мөлшерін сипаттаушы ерекшелігімен анықталады.
Еңбектің қарапайымдылығы мен жеңілділігін атқарушы технологиялық процестік автоматтандырылуы мен механикаландырылуының деңгейі, экологиялық талаптарды қанағаттандыру деңгейін анықтайды.
Жөндеу жұмыстарының күрделілігі конструкцияның күрделілік дәрежесімен, тозу түрі және оның сипатыменен анықталса, жөндеу түрінен, оған жұмсалатын шығындар санымен қатар жөндеуге орындаушы жұмысшылардың еңбек ақысымен, қосалқы бөлшектер мен материалдың құнымен жәнеде үстеме шығындар мен анықталады.
Өнеркәсіпте қабылданған жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің нормативтерінде жөндеулердің жеке түрлерін орындауға жөндеушілердің еңбек шығындары келтірілген, және де олар орташа шама ретінде анықталған, сондықтан жуықша көрсеткіш болып табылады.
Техникалық қызмет көрсету және жеңіл-желпі жөндеулерге кететін шығындар өндіріуші өнімнің өзіндік құнына кірістіреді.
Жабдықтарда күрделі жөндеуге кететін шығындар қордан бөлінген қаражатпен қаржыландырылады, және де жабдықтың демонтаждалуы мен монтаждалуын, оның тасмалдануын, жобалау-сметалық және ізденушілік жұмыстарға, жабдықты модернизациялауға, бөлшектері мен түйіндерін дайындау және сатып алуға, жөндеуге қажетті техниканы сатып алуға сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтарды дайындауға жұмсалады.
Энерго ресурс ұғымын технологиялық процеске қатысты айтатын болсақ, бұл процестің энерго сыйымдылығын тиімді оқшаулау, қайта қолдану және мүмкіндігінше үнемдеу ретінде түсінуге болады.
Технологиялық процесстерді атқаруға арналған энергетикалық көздер, бұл көмір, мұнай өнімдері, газ, уран және алтернативті энегия көздері ( жел, су, күн энергиясы және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет