В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


-Дәріс тақырыбы. Бақылау және диагностикалаудың техникалық құралдары



бет15/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
6-Дәріс тақырыбы. Бақылау және диагностикалаудың техникалық құралдары. Жабдықтарды техникалық диогностикалаудың әдістері мен құралдары.

Кез келген жабдықтың жұмысының өту процессі көптеген көрсеткіштермен сипатталады, мысалы: білікті майдалағыштың білігінің айналуы, айналу жылдамдығымен сипатталады; смесителдің жұмысы кезінде пайда болатын шум, оны материалдармен толтыру дәрежесімен сипатталады; элеватордың подшипниктерінің қызуы, температура мәндерімен сипатталады. Әрбір осындай параметрлердің мәні негізгі үш факторға байланысты болады:


-берілген жұмыс режиміне;
-қоршаған ортаның жағдайы;
-машинаның техникалық күйіне.
Машинаның техникалық күйін анықтау кезінде жұмыс режимі мен қоршаған ортаның жағдайы тұрақты және берілген болып есептеу қабылданған. Кез келген механизмнің параметрлер жұмысы оның жұмысын толық және бөлек элементтераралық байланысымен анықтайды. Айталық білік пен подшипник үшін оның негізгі параметрі болып саңылау мен тартылуы, овальдылығы және қиғаштығы болып саналады. Параметрлердің өзгеру жылдамдығы, пайдалану факторларына және бөлшектердің тез желінуіне байланысты болады. Машинаның теникалық күйінің шектік параметрлері жұмыс барысында істен шығуымен немесе жұмыс көрсеткіштерінің төмендеуімен (өнімділігі, энергия сұранысы, қауіпсіз жұмыстары) түсіндіріледі.
Осы себептен жабдықты диагностикалау үшін алдымен істен шығуды анықтайтын параметрлерді пайдалануымыз қажет.Мұндай көрсеткіштер диагностикалық белгілері деп аталады. Жабдықтарды диагностикалау үшін диагностикалық белгілер ретінде жұмыстың тиімділік көрсеткіштерін пайдаланады, яғни вибрация және шум деңгейі, герметикалығы, түйіндер мен бқлшектердің температурасы, өнім сапасы ж.т.б.
Диагностикалық белгілер мен механизмнің құрылымдық параметрлер арасындағы байланысты орната отырып оның техникалық жағдайын толық анықтауға болады. Диагностикалау нәтижесі бойынша келесідей жайттарға қорытынды жасалады:
-жарамсыздықты табу;
-ТҚК ж Ж жүргізу сараптамасы;
-жабдықтардың қалдық ресурстары.
Жабдықтарды диагностикалаудың негізгі әдісі, олар:
-кешенді механика-технологиялық көрсеткіштер бойынша жұмыс тиімділігін бағалау;
-жұмысшы және бос режимде энергия шығынының нақтылылығын анықтау;
Подшипниктегі температураны және редуктордағы майдың қызу дәрежесін бақылау;
-жабдықтың акустикалық және вибрациялық жағдайын анықтау.
Вибрациялық көрсеткішті амплитуда және қозғалу жылдамдығы бойынша бағаланады. Акустикалық жағдай машина жұмысының шум деңгейінің сипаттамасымен бағаланады. Дыбыс деңгейі дыбысөлшегішпен анықталады, ал вибрация резонансты стетоскоп көмегімен анықталады. Ал жарамсыздықты термиялық бағалау үшін температураға байланысты түсті өзгертетін термиялық краскілерді пайдаланады. Жабдықтардың техникалық жағдайын бағалау кезінде және жұмысқабілеттілікті ұстау үшін тәжірибелі операторлардың, слесарлардың және басқа да мамандардың көмегіне сүйену қажет.
Жұмысқа пайдалану
Жабдықты пайдаланудың бүкіл мерзімінде оның сенімділігін жэне үздіксіз жүмысын камтамасыз ететін техникалык іс-шаралар кешенін жұмыска пайдалануды үйымдастыру деп айтамыз. Бұл іс-шаралар жабдықта тасымалдау, қоймада сақтау жэне тағайындалуы бойынша қолданудың барлық кезеңдерінде орындалады жэне де бүл техникалық іс-шараларды профилактикалық жұмыстар және жөндеулер деп түрлендіреді. Бүл екеуі үғым өнеркэсіп кэсіпорындарында «Техникалық күтім көрсету және жөндеу» жүйесінің негізін қалайды. Бүл жүйе жабдыққа технологиялық күтім көрсету жэне бақылау, техникалық қызмет пен жөндеу сынды жөндеу-техникалық іс-шараларды, олардың орындау тәсілдері мен әдістерін үтымды үйкестіре отырып, т ехнологиялық жабдықтың жұмысқабілеті жағдайын және оның қауіпсіз пайдалануын көздейді. Бұл жөндеу -техникалык іс-шаралар бойынша орындалатын жұмыстар көлемі мен мазмұны дайындау зауытымен конструктордың ұсыңыстарымен кепілдемелері негізінде әзірленген жөндеу техникалық жэне пайдалану құжаттарында регламенттелінген. Бүл қүжаттар дайындау зауытына жөнелтілген жабдықпен бірге келеді де: атап айтқанда:
1) техникалық сипаттамалар; 2) пайдалану бойынша нұсқаулар; 3)
техникалық қызмет көрсету, монтаждау, реттеп елтіру жэне іске косу игеруге
кажетті нүскаулар; 4) төл кұжат; 5) қосалқы бөлшектер мен қүралдар тізімі.
Дайындау зауытын құрылыс орнына жабдықтар темір жол, автомобиль, су жэне эуе көліктері тасымалы менен жеткізіледі.
Тізімге алынып сақтауға қабылданған жабдықтар немесе құрамды бөліктері жарамдылығын қаматамсыз ету, коршаған ортанын зиянды эсерінен сақтау мақсатында типтегі қоймаларда сақталады:1) ашық алаңдар;
2) жартылай жабык алаңдар; 3) жабық, бірақ жылытылмайтын қоймалар; 4)
жабық жэне жылытылмайтын қоймалар.
Технологиялық жабдық пайдалануға монтаждаудан соңғы орындалатын сынау немесе байкау және де іске қосу игеру жұмыстары сәтті өткен жағдайда арнайы акті менен тапсырылады.
Жабдыққа бақылау жасау, технологиялық күтім көрсету және технологиялық күйін диагностикалау. Кез келген жабдықтың жұмыс сипаттамаларын белгілі бір көрсеткіштері арқылы жуықша бағалауға болады.
Жабдықтарды диагностикалау үшін көрсеткіштердің
белгісі ретінде тиімді жүмыс көрсеткіштерін, діріл мен шудың деңгейін, герметикалығын, түйіндері мен бөлшектерінің температурасын, өндірілуші өнім сапасын қолданады. Механизмнің диагностикалық белгілері мен структуралык параметрлері арасындағы орнатылған байланысқа сай оның техникалық күйін жеткілікті дәл анықтауға болады.
Диагностикалау нәтижесі бойынша қорытынды жасалынады және де бұл қорытынды мыналарды қарастырады:

  • жарамсыздықты анықтау;

  • техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жүргізудін қажеттілігі;

  • жабдықтың қалдық ресурсы.

Жабдықтың жағдайын диагностикалаудың негізгі тәсілдері бұл -механика — технологиялық көрсеткіштер комплексі бойынша жүмыс тиімдідігін бағалау: "бос1" жүріс және жүмыс тәртібіндегі жұмысында энергияның нақты шығындарын анықтап табу; қозғалмалы косылыстардағы саңылаудың мәнін анықтау; тіреуіштер температурасын және редуктордағы майлау майының қызу дәрежесін тексеру; жабдықтың акустикалық және дірілдік күйін анықтау.
Қолданылып жүрген тәртіптер мен ережелер жұмысқа пайдаланушы (технологиялық) персоналдарға жабдыкты жүмысқа пайдалану бойынша бір қатар міндеттерді жүктейді. Мүндағы негізгі мәселе бүл, жабдыкка техникалык күтім көрсету, оны жөндеуге дайындау, ал кажет болған жағдайда технологиялык күтім көрсетуді жүргізуге қатысу.
Жұмысшылар мен инженер-техникалық кызметкерлер жабдык қүрылысы мен жүмысқа пайдалану ережелерімен окып танысып емтихан тапсыруы т иіс. Цех бастығы әрбір жұмыс орнына жұмыс нұскауларының жасалуын үйымдастыруы тиіс. Бұл нұсқауларда келесі мәліметтер келтірілуі кажет: конструкциялык сүлбасы; машинаның құрылысының сипаттамасы; оған көрсетілетін техникалык күтімі мен қызметтері бойынша орындалатын жұмыстар мазмұны.
Жүмысшылардың жабдықка көрсететін техникалык жүмыска пайдалану ережелерінің орындалуына бакылау жасау міндеттері цех бастығына цех механигіне және де смена бастыктарына жүктеледі.
Цех бастығы өз тарапынан әрбір жабдықтың накты жұмыс істеу уақытын бакылауды ұйымдастыруға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет