В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


-Дәріс тақырыбы. Негізгі функцианалдық машиналардың және жұмысшы органдарының жұмыс процесінің көрсеткіштері



бет18/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
9-Дәріс тақырыбы. Негізгі функцианалдық машиналардың және жұмысшы органдарының жұмыс процесінің көрсеткіштері.
Процестердің энергиясиымдылығы, энергоресурс, қуатты қолдану коэффициенті, технологиялық машиналар жұмысының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері.

Өндірілуші өнімнің сапалық көрсеткіштерін талап етілген деңгейде сақтай отырып технологиялық процестің энергосиымдылығын төмендетуді ұйымдастырымдылық, конструктивті және технологиялық амалдармен атқаруға болады.


Процестің энергосиымдылығын технологиялық әдіспен азайтуда тиімдестірудің резервтерін анықтай отырып процестің параметрлерін (температура, қысым, реакцияға түсу жылдамдығы, ортаның салыстырмалы қозғалысы және т.б.) тиімдестіру жолдары қарастырылады.
Бұл жерде процестің энерготұтынуына тікелей әсер етуші параметр анықталып, оның тиімді мәнін орнату жұмыстары жүргізіледі.
Процестің энергосиымдылығын төмендетудің конструктивті өрісінде конструктивті параметрлері мен конструктивті құрылғыларын жетілдіру және өлшемдерін тиімдестіру мәселелері қарастырылады.
Процестің энергосиымдылығын төмендетудің ұйымдастырымдылық әдісінің басты мақсаты, бұл процестің дұрыс ұйымдастырылуы, материалдык және энергетикалық ресурстармен қасиетті дәрежеде қамтамасыз етілуі, процесті атқарудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі және т.б.
Процестіц энергосиымдылығын төмендету, оның энергоресурстарын тиімді пайдаланудағы басты мәселе төмендету жолдары мен іс-шараларын технико-экономикалық түжырымдау.
Мысал үшін силикат қышы өндірісіндегі негізгі энергосиымды процестердің бірі, бұл оларды автоклавтарда 170 дейін бумен өңдеу. 1000 дана қыш үшін процестің меншікті жылу сыйымдылығы шамамен 1090 мың кДж құрайды, немесе 400-500 кг бу. Бұл процесте бумен өңдеу циклынан кейін және ыстық конденсатпенен үлкен бу ысырыпталады. Бу шығынын азайту үшін, оны бір автоклавтан екінші автоклавқа өткізу қолданылады, мұнда қышты әрбір автоклавта жеке бумен өңдеуге қарағанда жылуды үнемдеу 23% дейін жетеді.
Мұнайдан мөлдір мұнайөнімдерін алудағы ректификациялау және (айыру) фракциялау процестері үлкен мөлшерде қыздырушы бу мен суыту суын қажет етуші энергосиымды процесс. Сондықтанда жоғары пайдалану көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ең маңыздысы, бұл процестің теориялық негіздерін білуге негізделген қондырғы жұмысшының тиімді режимдерін қамтамасыз ету. Сонымен қатар жүйе жұмысының тиімді энерготұтынуын қамтамасыз етудің және бір жолы, бұл ағындардың жылуын қайта қолдану. Бұл іс-шара жеке кондырғыда ғана емес, көпкомпонентті қоспаны бөлудің бүкіл техиологиялық схемасын қамтуы тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет