В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


Тік цилиндрлік пештерді монтаждау



бет42/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Тік цилиндрлік пештерді монтаждау.
Пешті монтаждау, оны келесі блоктарға жинақтауменен жүреді: қызмет көрсету алаңдары бар болат қаңқа; пештің радиантты камерасының ирегі; конустық өткелі мен түтіндік құбыры бар конвекция камерасының ирегі.
Ірі құрастыру алаңында пештің қаңқасының құрастыру және пісіру, түпті пісіру және футеровка мен құбыр ирегін орнату бөлшектерін бекіту, сондай-ақ қызмет көрсету алаңдарын пісіру жұмыстары орындалады. Қаңқаға көтеру кезінде қатандық беру үшін, оны айқасқан немесе үшбұрышты кергіш орнатылады. Кергіш құбырдан және прокаттық металлдан жасалады.
Радиантты камераның құбырлық ирегін іріленген секцияға жинақтайды да, құбырлық дайындамалар цехында сынақтан өткізіп монтаждау алаңына жеткізіледі. Мұнда олар өзбетінше монтаждалуы немесе алдын ала құрастыру сақиналарды қолдануменен толық құрастырылады.
Конвекциялық бөліктің ирегін монтаждау алаңынан тыс жерлерде құрастырып, сынақтан өткізіп монтаждау орнына жеткізіледі. Конвекциялық секцияның габариттілігі жағдайында ол дайындау зауытында толық құрасытырылып сыналғаннан соң жеткізіледі.
Түтіндік құбыр монтаждау алаңына толық құрастырылган түрде жеткізіледі. Пеш гарнитурасы жеке жеткізіледі. Пештің монтаждалуы келесі кезектілікте жүреді. Пештің монтаждалу іргетасын қабылдайды. Мұнда, іргетас жеке тұрған үстамдардан тұратын болағандыктан олардың биіктіктік өлшемдерін мүмкін шек аралығында мұхият тексерген жөн, сондай-ақ олардың бір-біріне және екеуінің пеш центріне қарасты орналасуының дұрыстығын тексергее жөн, өйткені іргетастык болттарға пештің 6-8 ұстынын орнату қажет.
Пеш қаңқасы толық құрастырылғаннан соң, оны монтаждау алаңына жеткізеді де, бір немесе екі кранның көмегімен жерден ажырата монтаждайды. Сонан соң пешті тік жағдайда оның үстындарының табандарында болат төсемдерді немесе сыналарды орната отырып орнықтырады. Орнықтыру аякталганнан соң, жандарын іргетастық болттармен бекітеді де, жылуизоляциялық материалдарменен футеровкалауды орындайды. Футеровкалау жұмыстарының аяқталуыменен кран көмегіменен радианттық камера ирегін орнатады. Ирек құбыр толықтай немесе ірі бөліктер түрінде қаңқаның үстіңгі бөлігінен енгізіледі. Сонан соң конвекциялық камера және түтіндік құбырменен бірге конустық өткел орнатылады да, орныктырылып радиантты камераның фланецінде болттармен бекітіледі. Пештің негізгі блоктарын монтаждау аяқталғаннан соң отынды жағу приборлары, пеш гарнитуралары, сығымдалған ауа, бу, сұйықжәне газтәріздес отын жүйесінің тасымалқұбырлары орнатылады. Монтаждау жұмыстары аяқталғаннан соң, құбырлы ирек пен барлық коммуникациялық жүйелер құбырларын гидравликалық сынау жұмыстары орындалады. Соңында пеш акті бойынша тапсырыс берушіге тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет