В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


-Дәріс тақырыбы. Бағаналық аппараттарды монтаждау



бет45/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
26-Дәріс тақырыбы. Бағаналық аппараттарды монтаждау. Монтаждау тәсілдері мен схемалары.


Тік бағаналы аппараттарды монтаждау.
Тік бағаналы аппараттарға ректификациялы, экстракциялық, бұлау, абсорбциялық, адсорбциялық десорбциялық және скрубберлік процестерді атқаруға мүмкіндік беретін биіктігі 10м-ден жоғары тік цилиндрліқ аппараттарды жатқызуға болады. Мұндай аппаратгар мұнай өндеу және мұнай-химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарда жалпы техникалық парктің 60-70% кздэайды.
Тік бағаналы аппараттарды монтаждау мұнай өндеу және мұнай-химиялық зауыттар салудағы едәуір күрделі инженерлік мәселе. Мәселенің күрделілігі мұндай аппараттардың салмақтың (1200т дейін), габориттік (диаметрі 7- 12 м, биіктігі Н>100м) көрсеткіштері және қабырға қалындығының (80-100мм жоғары қысымдағы аппараттар үшін) үлкендігімен шартталса, ал бұл аппараттың пайдаланылуына койылған талаптар монтаждық жұмыстардың маңыздылығын арттырады. Аппараттардың бейгабориттілігі басым жағдайда оның монтаждау алаңына тірі блоктар және кешенді түйіндер түрінде жеткізуін шарттайды. Әсіресе авто, темір жол көлігімен тасымалдауда. Сонымен қатар құрылыс алаңы оған немесе теңіз маңында орналасқан жағдайда аппарат толықтай дерлік зауыттың дайындылық жағдайда баржаларға тиеліп немесе жүздіріп жеткізіледі. Сонымен қатар мұндайда аппараттарды құрылыс алаңына жүктік тік үлпақтармен де жеткізу тәсілін қолданады. Темір жол немесе автокөліктермен ірі блоктар түрінде жеткізілген бағаналы аппараттарды монтаждау алаңының құрастыру участкелерінде роликтік немесе арқандық құрастыру қабырғаларында құрастырады.
Сонымен қатар түгас қарастырып жобалық жағдайға бірденен орнатумен қатар, мұндай аппаратгарды ірі блоктар түрінде де монтаждау қарастырылған. Мұндай тәсілмен монтаждау барысында кезекті блок орнықтырылып жағдайы бекітілгеннен соң ішкі құрылыстары (табақша немесе торлар), металлконструкциялар, қызмет көрсетуші аландар монтаждалады.
Бағаналы аппараттарды немесе құрамды бөліктерін монтаждау барысында, оны жүк көтеру механизмінде бекіту үшін ілгек, қалақша және монтаждық келте құбырлар түріндегі түрлі страковкалық құрылғыларды қолданады.
Монтаждау тәсіліне қарай аішаратты сырғанатуға және оны бұруға қажетті арнаулы қосалқы құрылғыларды қолданады. Сырғанауын шана немесе рельсте жылжитын арбаны қолданумен қамтамасыз етсе, монтаждаудың жерден ажыратусыз және якорсыз тәсілдерінде аппараттың бұрынуын арнаулы конструкциядағы топсаларды қолданады.
Тік бағаналарды бірден тұтас күйінде жобалық жағдайга орнату мачталық не шеврлық жүк көтеру жабдықтарының, гидрокөтергіштердің, порталдық және оқшаулы крандардың көмегімен жүреді.
Қарастырылған монтаждау тәсілдерін жерден ажыратпай, жерден ажыратумен және якорсыз монтаждау деп топтастыруға болады.
Аталған тәсілдердің қолданылуының шектеулі құрылыс алаңының орналастыру тығыздығына, тұғырлық конструкциялардың биіктігіне және де монтаждалушы конструкциялық салмақтық және габориттік сипаттамаларына байланысты. Монтаждау аппаратгы салмақ центрінен жоғары орында строковкалауменен жүреді.
Мачталармен монтаждау. Бағаналы аппарарттарды мачталық такелаждық жабдықтармен монтаждау бір немесе қос мачтамен, мачтаның қозғалмайтындай және топсалы орнату жағдайында атқарылады. Жерден ажырата көтеріп монтаждау барысында аппаратты қаңқада стровкалап көтеруде, тік жазықтықтан ауытқуы 15° аспауытиіс.
Монтаждаудың сырғанату және топсада бұрып монтаждаудың тәсілдерінің келесі артықшылығы мен кемшіліктерін атап өтуге болады. Сырғаната жерден ажыратып мачтамен монтаждау қарапайым, және де дайындау мен такелаждық жасақтауға аз шығындар талап ететін тәсіл. Дегенмен де бұл тәсілмен монтаждауда монтаждау механизмдерінің жүк көтерімділігі салмағынан артық немесе оған тең болуы тиіс, сондай-ақ такелаждық жасаққа түсетін ең үлкен күш көтерудің соңғы сатысында орын алады.
Топсаны айнала мачта көмегімен монтаждау тәсілі дайындау және қосалқы жұмыстарға үлкен шығындар талап етеді. Бұл шығындар топсаны дайындап орнату, сонымен қатар ірге тасқа әсер етуші горизонталь жүктемелерді қадағалаумен байланысты іс-шараларға байланысты. Дегенмен де көтерудің бұл тәсілінде монтаждау механизмінің жүк көтерімділігі аппарат салмағынан елеулі аз (шамамен 50%) сонымен қатар такелаждық жасаққа әсер етуші максималь күштер көтерудің бастапқы сәтінде пайда болады да, көтерілу жағдайына қарай бәсеңдейді. Аппараттың көтерілу қозғалысыменен орын алатын инерциялық күштерді қадағалау үшін тежеу тартпасы аппаратттың тұрақсыз тепе-теңдік жағдайы орын алғанға дейінгі 3°-4° ерте іске қосылады.
Ауыр салмақты аппарарттарда монтаждауда арқандарға түсетін күш қадағаланады. Қадағалау үшін басқару пунктіменен тығыз байланысты жұмыс істейтін динамометрлерді, накладқалы аркандық электродинамометрлерді қолданса, мачтаның металл конструкциясының жүктік жағдайын термометрлік приборлармен және прогибомерлермен қадағалайды.
Накладқалы динамометрлер арқанға арнаулы қармаушы құрылғы арқылы орнатылады да, арқанның деформациялануының өзгеруін қадағалайды.


Оқшаулы крандармен монтаждау.
Оқшаулы крандармен монтаждау, орнатылушы аппараттың салмақтық және габориттік сипаттамаларына, тұтырлық конструкциялардың (іргетас, постамент металл конструкция және т.б.) байланысты 1, 2, 3 және 4 оқшаулы крандарменен, кранның аппараттың осінде остес немесе аппарат осіне қиғаш орналастырылуыменен атқарылады. Оқшаулы крандармен монтаждау тығыз орналастырылған қондырғы маңында аппараттарды жобалық жағдайға орнатуда тиімді. Монтаждау барысында монтаждауға қатысатын крандар санына қарай аппаратта кранның жүк көтеру механизміне арнаулы келте құбырлар, тіректік құрылғылар, тепе-теңгерілуші траверсалар, сондай-ақ жылжымалы стропты траверсалар көмегімен бекітілуі мүмкін.
Монтаждалушы аппаратпен кран арасындағы өзара орналастыру жағдайы монтаждау жұмысын кауіпсіз және қолайлы жүргізудегі басты шарт болып табылады.
Монтаждау барысында жылжымалы оқшаулы кранның елеулі тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз ету үшін кран ілгегінің мүмкіндігінше аз шығуында аппаратты көтеріп орнатуға, ілгектің ең үлкен ұзындығы аппарат көтерудің бастапқы кезеңінде қажет болатын монтаждау тәсілін қабылдауға; аппаратта көтеру және орнату процесінде жүктеме әсерінде кран ілгегінің шығу диапазонының аз шамасының қамтамасыз етілуіне; кранның оқшау жазықтығынан жүктің полиспастасының минималь ауытқуына; жүлтасқан крандардың кезектен қозғалуына және екінгі кранның қозғалуында қозғалмайтын кранның платформасының минималь бұрылу бұрышының; қамтамасыз етілуіне; табан асты жолдың берік болған жағдайда кранның қозғалыс бағытында кран оқшауының жоспардағы бұрышының 45° аспауына; ал элсін жер қыртысы жағдайында қозғалу бағытына оқшау бұрышының 90° орналасуына ұмтылу қажет. Кран оқшауы ұшының кетерілуші аппаратпенен ара қашықтығы 0,5 м кем болмауы тиіс.



Массасы 300 тонналық бағананы құламалы шевр және ажырамалы ригел көмегімен монтаждау

Сурет. 5.34. Порталды жүккөтергіш аппаратын монтаждау

Сурет 5.38 . Иілгіш тартулармен тіреуді көмегі бар аппараттың монтажы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет