Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Су микрофлорасы. Анықтау тәсілдері. Судың санитарлық – микробиологиялық сипаттамасы. Фармацияда суды қолдану мақсаты



Pdf көрінісі
бет64/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106
Микро рк 03.12.20

25. Су микрофлорасы. Анықтау тәсілдері. Судың санитарлық – микробиологиялық сипаттамасы. Фармацияда суды қолдану мақсаты. 
Су микрофлорасы — суқоймаларда тіршілік ететін микроорганизмдердің оралуан түрлерінің (бактериялардың, микроскоптык балдырлар мен саңырау- құлақтардың) 
жиынтығы.
Су микрофлорасы топырақтың микробтық құрамы сияқты, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Ауыз су қоймасының суында әртүрлі 
бактериялар: таяқша тәрізді (псевдомонадалар, аэромонадалар және т.б.) кокк тәрізді (микрококктар) және ирекше тәрізділер табылады. Судың органикалық 
заттармен ластануы анаэробты және аэробты бактериялардың, саңырауқұлақтардың артуымен бірге жүреді.Әсіресе анаэробтар суқоймалардың түбінде (тұнығында) 
көп кездеседі. Су микрофлорасы микроорганизмдермен өңделетін, органикалық қалдықтардан өзін-өзі тазарту процесінде белсенді рөл атқарады. Адам мен 
жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері (ішек таяқшасы, цитробактер, энтеробактер, энтерококк, клостридии) және ішек жұқпасының қоздырғыштары (іш 
сүзегі, парасүзек, жерше, тырысқақ, лептоспироз,энтеровирустар және т.б.) ластанған ағынды сулармен қар еріген кездегі және жауын-шашын сулармен өзен, 
көлдерге түседі. Олай болса, су көптеген жұқпалы аурулар қоздырғышының берілу факторы болып табылады. 
Су құбырларындағы су МЕМСТ 18963-73 (СанЕжН 4.01.055.01)талабына сай ішуге жарамды су болуы керек. Санитарлық органдардың талаптарына сәйкес 1 мл 
судағы микробтардың саны 100 микробтан аспауы тиіс. МЕМСТ 18963-73 стандарттыңрұқсатына сәйкес, ерекше қатал белгіленген ішек таяқшаларыныңтобындағы 
бактерияларының мөлшері, суда немесе тамақтанатын тағамда жалпы микроорганизмдердің көлемі көп болса немесетаяқша бактерияларының саны жоғары болса, 
онда ол суды немесе тағамды қолдануға рұқсат берілмейді. Судың құрамында патогенді 
микробтары болса, онда оны ішуге және өндіріске қолдануға мүлдем тыйым салынады. 
Өнеркәсіпте суды дәрілік заттар шығаруда пайдаланады. Тазартылған және инъекцияға арналған суларды алу дистилляциялық бөлмелерде асептикалық жағдайларға
сай жүргiзiлуге тиiс. 
• 
Тазартылған су өзiнiң физикалық-химиялық көрсеткiштерi бойынша дәрi-дәрмек құралдарының сапасын нормаландыратын мемлекеттiк стандарттарға 
сәйкес болуы керек. Асептикалық жағдайларды талап ететiн дәрілiк заттарды дайындағанда, тазартылған судың микробтардан тазалығына ерекше назар 
аударылады, "Ауыз су" қолданылудағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. 
• 
Инъекцияға және инфузияға арналған ерiтiндiлердi дайындауға инъекцияға арналған мемлекеттiк стандарттардың талабына сәйкес келетiн суды 
пайдаланады, ол тазартылған суға жүргiзiлетiн сынақтан өткiзіліп, апирогендi болуға тиiс. 
• 
Тазартылған және инъекцияға арналған суды алу оларға қоса берiлетiн нұсқаулықтарға сәйкес аквадистилляторлардың көмегiмен жүргiзiледi. Жаңа 
аппаратты қолданудың алдында оның конструкциясы мүмкiндiк берсе, iшкi бетiн этил спиртi мен эфирдiң (1:1) қосындысына шыланған мақтамен, содан кейiн сутегi 
пероксидiнiң 6 пайыздық ерiтiндiсiмен сүртедi. Бұдан кейiн аппарат арқылы 20-30 минөт бойы буды суытпастан өткiзедi, қайта айдап тазартылған судың алғашқы 
(40-60 литр) бөлiгi пайдаланылмайды және ағызып тасталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет