Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Ауа микрофлорасы. Анықтау тәсілдері. Санитарлық көрсеткіштер және санитарлық-көрсеткіш болатын микроорганизмдер. Дәріханалар мен өндіріс



Pdf көрінісі
бет63/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106
Микро рк 03.12.20

24. Ауа микрофлорасы. Анықтау тәсілдері. Санитарлық көрсеткіштер және санитарлық-көрсеткіш болатын микроорганизмдер. Дәріханалар мен өндіріс 
орындары ауасын микробиологиялық бақылау мониторингі және микробтық қоныстануын алдын алу принциптері. 
Ауада микроорганизмдер көп мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауа 
микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен тығыз байланысты. 
Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып қалады. 
Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп 
орындары, көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Адам көп жүретін жерлерде және көп қатысатын мекемелер маңындағы ауада 
микроорганизмдер саны көп болатыны анықталған. Ал керісінше ауыл, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз 
болып келеді. Ауаға көтерілген сайын микробтар да азая түседі. Ауада микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі бактерицидті әсер етеді. 
Ашық жерлерге қарағанда бөлме немесе үй ауасында микроорганизмдер көп болады. Мәселен, бөлме ауасының м3 олардың саны 100 мыңға жуық жетеді. Бөлмеде 
адам көп болған сайын көтерілетін шаңда көбейеді, микробтар саны артады. Ауа микрофлорасында споралы микробтар, сарциналар, ашытқылар, пигмент түзуші 
бактериялар, актиномицеттер мен зең саңырауқұлағы кездеседі. Жабық ортаға адамның тыныс жолдарының микробтары түседі.
Ауаны микробиологиялық бақылау табиғи немесе микробтарды еріксіз қондыру (седиментациялау) әдісінің көмегімен жүргізіледі. Табиғи седиментация (Кох тәсілі 
бойынша) Петри табақшасындағы тығыз қоректік орта бетіне 5-10 минут бойына микробтарды шөктіру жолымен жүргізіледі. 
Санитарлық көрсеткіш микробтардың индексі-1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококк пен алтынды стафилококтар саны. Бұл бактериялар жоғарғы тыныс 
жолының қалыпты микрофлорасының өкілдері және ауа-тамшылы жолмен берілетін патогенді микроорганизмдермен бөліну жолы ортақ болып келеді. Ауада спора 
түзетін бактериялардың болуы – ауаның топырақ микроорганизмдерімен ластану көрсеткіші, ал грамтеріс бактериялардың көрінуі- антисанитарлық жағдайдың 
көрсеткіші болады. 
Емдеу мекемелерінің ауасын бағалау үшін ұсынылған арнайы нормативті құжаттардың мәліметтерін қолдануға болады. 
Ауаны зарарсыздандыру үшiн; 
• 
үй-жайдың әр 1 м3 көлемiне 2-2,5 Вт қуаттан бөлiнетiндей есеппен, экрандалмаған бактерицидтiк лампалар орнатылып, оларды адамдар болмайтын жұмыс 
аралығындағы үзiлiс кезiнде, түнде немесе арнайы бөлiнген уақытта - жұмыс басталғанға дейiн бiр-екi сағатқа жағып қояды. Ашық лампалардың қосқыштары үй-
жайға кiретiн тұсқа орнатылып: "Кiруге болмайды, бактерицидтiк сәуле таратқыш қосулы" немесе "Бактерицидтiк шамдар жанып тұр" деген жазулары бар жарық 
таблолармен тұйықталып қоюға тиiс. Экрандалмаған бактерицидтiк лампа қосылған үй-жайға ол сөндiрiлгеннен кейiн ғана, ал аталған үй-жайда ұзақ уақыт болуға 
экрандалмаған бактерицидтiк лампа алып тасталғаннан және үй-жай ауасы тазартылғаннан кейiн ғана рұқсат етiледi. 


• 
Қызметшiлер болатын кездерi экрандалған бактерицидтiк шамдар пайдаланылуы мүмкiн. Оларды үй-жайдың әр 1 м3 1 Вт келетiндей есеппен еденнен 1,8-2,0 
метр жоғары орнатылатын, үй-жайдағы адамдар олардың сәулесiне тiкелей шалдықпайтындай, нақтырақ айтқанда, көлбеу жазық бетiне 5'-тан 80'С аралығында 
бұрыш жасап шашырайтындай етiп орналастырады. 
• 
Дәрi-дәрмек қалыптарын жасап шығару кезiнде ауа тазартатын желдеткiш қосулы болуы керек. 
• 
Бактерицидтiк шамдардың жұмыс iстеуiне оңтайлы климаттық параметрлер: жылу 18'-25'С аралығындағы температурадан, ауаның ылғалдылығы - 65 
пайыздан аспауға тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет