Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Бруцеллез қоздырғышы, таксономиясы, патогенділік факторлары. Микробиологиялық диагностикасы. Емдеуі мен профилактикасы



Pdf көрінісі
бет62/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106
Микро рк 03.12.20

23. Бруцеллез қоздырғышы, таксономиясы, патогенділік факторлары. Микробиологиялық диагностикасы. Емдеуі мен профилактикасы. 
Бруцеллез – Brucellaтуыстастығына жататын бактериялар тудыратын жұқпалы ауру, ұзаққа созылған дене қызбасы, қимыл – тірек аппараты, жүйке, жүрек- қан 
тамыр және зәр шығару- жыныс жүйелерінің зақымдануымен сипатталады. Қоздырғыш туыстастығының аталуы 1886 ж. Бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан 
ғалым Д. Брюстің атымен байланысты. 
Таксономиясы.
Тұқымдастығы – Brucellaceae. 
Туыстастығы – Brucella. 
Түрлері – Brucella melitensis, Brucella suis, Brucella canis, Brucella ovis, Brucella notomae. 
Brucella melitensis, Brucella suis, Brucella canis, Brucella ovis, Brucella notomae. 
Патогенділік факторлары. Бруцеллалар жоғары инвазиялық қасиетке ие, эндотоксин және агрессия ферменттеріне жататын гиалуронидазаны түзеді. Олардың 
адгезиялық қасиеттері – сыртқы мембрана ақуыздарымен байланысты. Осымен қатар бруцеллалар аллергендік қасиетке ие. 
Микробиологиялық диагностикасы. 
Зерттеуге алынатын материалдар – қан, зәр, сүйек кемігі. Диагноз қою үшін барлық микробиологиялық әдістер қолданылады. Негізгі бактериологиялық әдіс 
қоздырғыштың туыстастығын ғана емес , инфекция көзін табу үшін түрін де анықтайды. Сонмен қатар, серологиялық әдіс (Райт, Хеддельсон аглютинациялық 
реакциялары, жанама геммаглютинациялық реакция, комплементті байланыстыру реакциясы және тағы басқалар), тері аллергиялық сынамалар (бруцеллинмен 
Бюрне сынамасы) қолданылады. Биологиялық әдіс үшін ақ тышқандар және теңіз шошқаларына жұқтырады. 


Бактериологиялық әдіс-негізгі және барлық уақытта жүргізіледі, теріс нәтиже инфекцияның толық жоқ екеніне негіз емес. 
Биологиялық әдіс- бактериологиялық әдіспен бірге жүргізіледі. Салмағы 250-300 болатын теңз шошқаларына немесе 17-20 грамм салмақты ақ тышқандардың шап 
аймағына, іш қуысына зерттеу материалын 0,5-1 мөлшерде енгізу арқылы жүргізіледі. 
Серологиялық әдісте бруцеллез қоздырғыштарының антигендерін анықтау реакциялары қолданады
Антиденелерді бейтараптау реакциясы- АбДР- антиденелердің антигендерді бейтарптап, арнайы антигенмен байланысқан эритроциттердің агглютинациялануын 
тоқтатуға негізделген. 
ЖГАР- адам қан сарысуларында бруцеллездік антиденелерді анықтайтын арнайы және жоғары сезімтал дтагностикалық әдіс. 
ИФТ- аурудың барлық түрлеріне қолданады, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін және бруцеллезге қарсы вакцинацияланған адамдарды анықтау үшін 
қолданылады. 
Емдеуі. Негізгі емі – кең спектрлі антибиотиктермен емдеу. Созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықтан арнайы иммунды емдеу- өлі вакцинаны және 
бруцеллездік иммунды глобулинді қолданады. 
Алдын ал. Бруцеллезден сақтануда – санитарлық –гигиеналық шаралар маңызды рөл алады. ҚР 2002 жылға дейін эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша 
бруцеллездік құрғақ тірі вакцина адамдарға қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет