Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет70/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106
Микро рк 03.12.20

 
17 
Бактерияның өсуі деп, жасушаның барлық компоненттерінің бір мезгілде келісімді түрде ұлғаюын айтады. Жасушаның өсуі 
шексіз емес. Ең үлкен өсу деңгейіне жеткен кезде жасуша бөлінеді. Бактериялардың көпшілігі көлденеңінен екіге бөлінеді (4а, 
4б- суреттер). Грамша оң боялатын бактериялардың көпшілігінде бөліну көлденең қалқаның шетінен ортасына қарай 


синтезделуі арқылы жүреді. Грамша теріс боялатын бактериялардың жасушаларының көпшілігінде көбею ортасынан 
тартылып, екіге бөліну арқылы жүреді. 
қисық бойынша бірін-бірі белгілі бір дәйектілікпен алмастырып отыратын бірнеше фазаларды ажыратуға болады: 
1. 
Бастапқы – лаг-фаза (ағыл. lag – қалып қою). Инокуляция (бактерияларды себу) мен көбею аралығындағы уақытты қамтиды. 
Бұл фаза ұзақтығы орташа 2-5 сағатқа созылады, қоректік ортаның құрамы мен себетін дақылдың жасына байланысты. Лаг-
фаза кезінде бактерияларда дақылдандырудың жаңа жағдайларына бейімделу (адаптациялану) жүріп, индуцибельдік 
ферменттердің синтезделуі басталады. 
2. 
Экспоненциалдық (логарифмдік) фаза. Жасушалардың тұрақты түрде максималдық жылдамдықпен бөлінуімен сипатталады. 
Бұл жылдамдық бактерия мен қоректік орта түріне байланысты болады. Бактериялардың арту уақыты генерациялану 
уақыты деп аталады, бұл уақыт бактерия түріне байланысты әртүрлі болады: Pseudomonas түріне жататын бактерияларда бұл 
уақыт 14мин, ал Mycobacterium түріне жататын бактерияларда 24 сағатқа тең. Экспоненциалдық фазада жасушалар көлемі мен 
құрамындағы ақуыздар саны бір қалыпта болады. Бактериялық дақыл бұл фазада стандартты жасушалардан тұрады. 
3. 
Стационарлық фаза. Жасушалар саны көбеюді тоқтатқан кезде болады. Өсу жылдамдығы қоректік заттардың 
концентрациясына тәуелді болғандықтан, соңғылардың қоректік ортада азаюына байланысты өсу жылдамдығы да төмендейді. 
Өсу жылдамдығының азаюы бактерия жасушаларының тығыздануына, парциалдық қысымның төмендеуіне, зат алмасудың 
токсикалық өнімдерінің көбеюіне де байланысты болады. Стационарлық фазаның узақтығы бірнеше сағатқа созылады, ол 
бактерия түріне және оларды дақылдандыру ерекшеліктеріне байланысты болады. 
4. 
Өлім фазасы. Зат алмасудың қышқыл өнімдерінің салдарынан немесе өзіндік ферменттердің аутолизінің нәтижесінде 
болады. Бұл фазаның ұзақтығы ондаған сағаттан бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. 
5. 
Бактериалық популяция өсуінің логарифмдік фазасында болуы үздіксіз дақылда байқалады, бұған қоректік заттарды 
біртіндеп өлшемді түрде енгізіп отыру, бактериялық суспензияның тығыздығын бақылау және метаболиттерден тазартып отыру 
арқылы қол жеткізіледі. Үздіксіз бактериалық дақылдар биотехнологиялық процестерде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет