Әр түрлі бактерияларда гететротрофтық дәрежесі біркелкі болмайды. Өлі органикалық заттармен қоректенетін және басқа
организмдерге тәуелсіз микроорганизмдер-
сапрофиттер (гректің
sapros- шіріген,
phitos-өсімдік) және қоректік заттарды
макроорганизмнен алуға тәуелді гетеротрофты микроорганизмдер
паразиттер (гректің
parasitos- арамтамақ) деп бөлінеді.
Паразиттерді облигатты және факультативті түрлерге ажыратады.
Облигатты паразиттер жасушадан тыс жерде мүлдем
тіршілік ете алмайды. Оларға макроорганизм жасушасының ішінде
ғана көбейе алатын Rickettsia, Coxiella, Ehrlichia, Chlamidia
тұқымдастығының өкілдері жатады.
Факультативті паразиттер, сапрофиттер тәрізді иесінің жасушасынсыз қоректік орталарда
in vitro, яғни дәлірек айтқанда
организмнен тыс тіршілік етіп көбейе алады.
12
Консистенциясына байланысты қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық және тығыз болып келеді.
Орта тығыздығы агар-
агар қосу арқылы жасалады.
Агар-агар – балдырлардан алынатын полисахарид. Ол 100
0
С температурада балқып, 45-50
0
С – та қатады. Жартылай сұйық
орта жасау үшін 0,5%, және тығыз орталар үшін 1,5-2% концентрацияда агар қосылады. Құрамы және қолданылу мақсатына
қарай орталарды қарапайым, күрделі,
элективті, минималды, дифференциалдық-диагностикалық және
аралас
қосарланған орталар деп бөледі.
Құрамына қарай орталар қарапайым және күрделі деп бөлінеді. Қарапайым орталарға пептонды су, қоректік сорпа
және ет-
пептонды агар жатады. Осы қарапайым орталардың негізінде күрделі орталар жасалынады, мысалы қантты және сарысулы
сорпа, қанды агар.
Ортаны қолданылу
мақсатына қарай элективті, байыту, дифференциалдық-диагностикалық деп бөледі.
Элективті деп белгілі бір түрге жататын микроорганизм ғана жақсы өсетін ортаны атайды. Мысалы pH 9 болатын сілтілі орта
тырысқақ вибрионын бөліп алуға пайдаланылады. Басқа бактериялар,
атап айтқанда ішек таяқшасы, сілтілік жоғары
болғандықтан өспейді.
Байыту орталары – бұл белгілі бір бактерияның өсуіне жоғары мүмкіндіктер жасап, басқа бактериялардың өсуін басатын
орталар (1- сурет). Мысалы, натридің селениті
қосылған орта Salmonella тұқымдастығына жататын бактериялардың өсуін
күшейтіп, ішек таяқшасының өсуін басып отырады.
Дифференциалдық-диагностикалық орталар бактериялардың ферментативтік белсенділігін зерттеуде қолданылады (2-
сурет). Бұл орталардың құрамына фермент әсер ететін субстрат қосылған жай қоректік орта және субстратқа фермент әсерін
тигізгенде түсін өзгертетін индикатор кіреді. Бұндай ортаның мысалы ретінде Гисс ортасын келтіруге болады. Осы ортада
бактерия жасушасы ферменттерінің қантты ыдыратуын зерттейді.
Аралас (қосарланған) орталар, бірлескен флораның өсуін басатын элективті орта мен микроб бөлетін ферменттің белсенділігін
анықтайтын дифференциалдық-диагностикалық орталар біріктіріліп жасалады. Бұндай орталардың мысалы ретінде
патогенді
ішек таяқшаларын бөліп алуда қолданылатын Плоскирев ортасы мен висмут-сульфитті агарды келтіруге болады. Берілген екі
орта да ішек таяқшасының өсуін басады.
Достарыңызбен бөлісу: