Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер



Pdf көрінісі
бет87/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106
Микро рк 03.12.20

12.Иммунопроф.Вакциналар . 
Иммунопрофилактика- инфекциялық аурулардан қорғану үшін вакцина арқылы жасанды иммунитет қалыптастырудағы әдістің бір 
түрі болып табылады
Вакциналар - ол жасанды белсенді жүре пайда болған иммунитет қалыптастыру үшін қолданылатын иммунды биологиялық 
препараттар.
Жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін кейде емдеу үшін пайдаланылады. 
Вакциналардың әсер етуші құрамы спецификалық антиген болып табылады.
Антиген ретінде пайдаланылады: 
-тірі микроорганизмдер; 
-инактивацияланған микроорганизмдер; 
-микроорганизмдер өндіретін антигендік заттар (токсиндер); 


-химиялық әдіспен синтезделген антигендер; 
-гендік-инженериялық әдістің көмегімен алынған антигендер;
Вакциналар түрлері:Тірі вакциналар: 
а) аттенуацияланған (БЦЖ, туляремияға, обаға, күйдіргі, сарып, Ку-қызбасы, шешек, полиомиелит ауруларына қарсы).
б) дивергентті (шешекке қарсы); 
в) векторлық рекомбинантты (В гепетит вирусының HbS антигені тіркелген шешек вакцинасы); 
Тірі емес (неживые) вакциналар: 
а) молекулярлық 
б) корпускулярлық 
Ассоциацияланған вакциналар (АКДС, АДС, I, II, III – типтерінен тұратын полиомиелиттік вакцина). 
Анатоксин – ол улық қасиеті жойылған, бірақ антигендік және иммуногендік қасиеттерін сақтаған экзотоксин.Дифтерия, сіреспе, 
анаэробты газды инфекциялардың және стафилококтық аурулардың алдын алу үшін қолданылады.Оларға жатады: 
-дифтериялық тазартылған адсорбцияланған анатоксин (АД); 
-сіреспелік тазартылған адсорбцияланған анатоксин (АС); 
-адсорбцияланған дифтериялық – сіреспелік анатоксин (АДС); 
-стафилококтық анатоксин; 
-тырысқақтық – холероген – анатоксин; 
БЦЖ – Кальметт және Герен бактериясы. Туберкулез микобактериясын арнайы қоректік ортада өсіріп аттенуациялау тәсілімен алынған 
штамнан дайындалған тірі вакцина.
Туберкулез ауруының спецификалық профилактикасы ретінде қолданады.
Жаңа туылған нәрестелерді 1 - 4 күндері вакцинациялайды.6 жасында Манту сынамасы теріс болған жағдайда қайталап егу 
(ревакцинация) жүргізіледі. 
ВГВ – вакцина Вакцина гендік-инженерия әдісімен алынған .В гепатит вирусының HbS антигенінен тұратын рекомбинантты вакцина.В 
гепатитке қарсы спецификалық профилактика мақсатында қолданады.Вакцинаны парэнтеральды жолмен туылған нәрестеге 1-4- 
күндерде егеді, қайталап егу 2- және 4 айда
ОПВ– Үшвалентті препарат, африкалық жасыл маймылдардың (мартышкалардың) бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша 
дақылдарында өсірілген полиомиелит вирусының 1,2,3, - типтерінің аттенуацияланған штамдарынан тұратын тірі вакцина.Вакцина 
сұйық түрінде шығарылады.
Сал (полиомиелит) ауруының алдын-алу үшін қолданылады.Вакцина егу 2,3,4, айлық жаста жүргізіледі. 
АКДС – вакцина. Көкжөтел – дифтерия – сіреспеге қарсы қолданылатын адсорбцияланған вакцина.
Бұл ассоциацияланған вакцина, өлі көкжөтел бактериясының және тазартылған дифтериялық – сіреспелік анатоксиннің 
қоспасы.Вакцинаны егу 2, 3 және 4 айлық жаста жүргізіледі. 


Hib – вакцина. Гемофильді инфекцияның (гемофилюс инфлюенца В типі қоздыратын) алдын алуы үшін қолданылатын аралас вакцина. 
Құрамында Haemophilus influenzae В типінің полисахариді бар, сіреспелік протеинымен конъюгирленген.Вакцинаны тері астына немесе 
бұлшық етке 2, 3, 4 айлық жаста енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет