---19. 1.Гепатит А қоздырғышы. 1.Гепатит А вирусы-фекальді оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары зақымданып, морфологиялық бұзылыстар туындап, жедел
гепатит белгілері дамитын жұқпалы ауру.
2.Таксономиясы Тұқымдастығы – Picornaviridae
Туыстастығы- Hepatovirus
Түрі- Hepatovirus A
3.Клиникалық көрінісі . Аурудың жасырын кезеңі 15-тен 50 күнге дейін, көбінесе, 1 ай шамасында болады. Кесел жылдам басталады, температурасы көтеріледі,
асқазан ішек жолдарының қызметі бұзылады.Кеселдің 5-7 күндері дене сарғаюы байқалуы мүмкін. Ауру көбінесе жеңіл түрде,
асқынуларсыз өтеді, 5 жасқа дейінгі балаларда симптомсыз түрде кездеседі. Ауру 2-3 аптаға созылады, асқынулар байқалмайды.
4.Инфекция көзі – індеттің айқын немесе симптомсыз түрімен ауырған адамдар.
Жұғу жолдары – фекальді оральды, яғни ластанған тағамдар, су, тұрмыстық заттар, қол, ойыншықтар арқылы жұғады.
5. Емдеуі – жалпы симптоматикалық. Вирусқа қарсы бағытталған химиялық препараттар қолдану тәсілі жасалмаған. Құрамында
интерферон, оксалин бар жақпалар қолданылады.
Алдын алу. Ішек инфекцияларына қарсы жалпы медициналық бецспецификалық профилактикалық шаралар жүргізіледі. Спецификалық
алдын алу мақсатында вакцина егу қолданылады.Ол үшін инактивацияланған және рекомбинантты яғни гендік-инженердік вакциналар
пайдаланылады;
Гепа-ин-Вак-инактивацияланған,
концентрацияланған,
тазартылып
адсорбцияланған
дақылдық
сұйық
вакцина.
Гепа-ин-Вак-Пол- инактивацияланған, концентрацияланған, тазартылып адсорбцияланған, полиоксидон қосылған, дақылдық сұйық
вакцина.
Аваксим – инактивацияланған вакцина.
Енжар (пассивті) иммунитет қалыптастыру үшін донорлардың қан сарысуынан дайындалған иммундыглобулин қолданылады.
---20 . 1.Гепатит В қоздырғышы. 1.Гепатит В- қан арқылы және қанмен жанасу (контакт) механизмімен берілетін, бауыр зақымданып, жедел және созылмалы гепатит
дамуымен сипатталатын ауру.
2.Таксономиясы Тұқымдастығы: Hepadnaviridae
Туыстастығы: Orthohepadnavirus (адамдардың В гепатит вирусы), Avihepadnavirus (үйректердің В гепатит вирусы)
Түрі – Hepadnavirus B