Іш сүзегі мен парасүзек қоздырғыштары Enterobacteriaceae тұқымдастығына, Salmonella туыстастығына жатады.
Морфологиялық,тинкториалдық қасиеттері:Салмонеллалар
өте ұсақ, грам теріс, ұшы жұмырланған таяқшалар. Жағындыда
шашыраңқы орналасқан. Спора түзбейді, микрокапсуласы бар, перитрихтар.
Жұқтыру механизмі: Іш сүзегі мен парасүзектер үшін жұғудың фекальды-оральды механизмі тән. Аурудың жұғу жолдары: су арқылы,
азық-түлік өнімдері арқылы (алиментарлы) және тұрмыстық- контактілі.
Зерттеу материалы ретінде қан, құсық, асқазан шайындысы, зәр, нәжіс алынады.Диагноз қоюдың негізгі түрі қоздырғыштың бөлінген
таза дақылының турішілік идентификациялаумен анықталатын, фаговарын анықтайтын бактериологиялық әдіс болып табылады. Алдын
алу үшін санитарлық-гигиеналық іс шаралар жүргізіледі. Сонымен қатар эпидемилогиялық жағдайы
нашар аймақтарда вакцинация
жүргізіледі. Іш сүзекті химиялық және V-антигенмен байытылған іш сүзекті спиртті вакцина қолданылады. Инфекцияның ошағында
жедел алдын алу мақсатында іш сүзекті бактериофаг пайдаланылады (қышқылға тұрақты қабықшасы бар таблетка түрінде және сұйық
түрыінде).
17.Туберкулез. Қоздырғышы.
Туберкулез қоздырғыштары М.tuberculosis complex тобын құрайды
Тұқымдастығы Mycobacteriaceae, Mycobacterium туыстастығы, М.tuberculosis негізгі түрі.
Морфологиялық, тинкториалдық қасиеттері: Ұзын, аздап иілген, грам оң,
қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, Циль-
Нильсен әдісімен боялатын таяқшалар. Электронды микроскоппен зерттегенде М.tuberculosis- те микрокапсула, көп қабатты
жасушалық мембрана, цитоплазма-қосындылары(вакуольдар,рибосомалар) және ядролық субстанция табылды. М.tuberculosis
сыртқы
ортаның әсерінен өзгергіштікке ие, полиморфты, ол актиномицеттер сияқты жіп,
l-пішінді, фильтрдан өтетін және ультра ұсақ.
М.tuberculosis-тің антибиотиктерге төзімділігі плазмидті және хромосомды болады.
Жұғу жолдары: ауа-тамшылы, ауашаңды, қатынастық тұрмыстық, трансплацентарлық , тағамдық. Жұқтыру
көздері науқас адам мен
жануар.
Туберкулезге қарсы препараттар бактериостатикалы немесе бактерицидты әсер көрсетеді. Антибиотиктер қолдану негізгі емдеу шарасы
болып табылады. М.tuberculosis резистеннтілігіне қарай туберкулезге қарсы препараттар:
1-Топ :Негізгі,немесе бірінші қатарлық препараттар: изониазид, рифамипицин пиразинамид, тб. Бұл препараттарды сезітал
микобактериалар бөлетін алғаш рет туберкулезбен ауырғандарды емдегенде
пайдаланады
2-Топ :резервтік,немесе екінші қатарлық препараттар : этионамид, канамицин, капреомицин, циклосерин,тб. Бұл препараттарды бірінші
қатардағы антибиотиктерге төзімді М.tuberculosis бактериалары тудыратын аурулары емдегенде пайдаланады.
Туберкулезге қарсы препараттардың бірнешеуін бірден төрттен кем емес тағайындағанда резисттентілігі пайда болғанға дейін ем курсын
аяқтауға мүмкіндік береді.Туберкулез емдеудің жаңа бағыты - моноклонды антиденелер (антибиотиктерді қажетті ағзаларға
тасымалдау). Бұл препараттар улылығын төмендетеді және емдеу тиімділігін арттырады.
Спецификалық алдын алу шарасы БЦЖ вакцинасы. БЦЖ – Кальметт және Герен бактериясы (Bacille Calmette - Yerin). Туберкулез
микобактериясын арнайы қоректік ортада өсіріп аттенуациялау тәсілімен алынған штамнан дайындалған тірі вакцина.
Жаңа туылған
нәрестелерді 1 - 4 күндері вакцинациялайды.6 жасында Манту сынамасы теріс болған жағдайда қайталап егу (ревакцинация) жүргізіледі.
Бейспецификалық шарасы ретінде санитарлық гигиеналық және эпедемияға қарсы кешенді шаралар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: