мақал-мәтелдері мен жұмбақтары да бар. 4. Орыс тіліндегі түркі элементтерін зерттеу. 5. Тарих жөніндегі еңбектер. 6. Географиялық атаулардың транскрипциясына байланысты еңбектер. 7. Түрлі рецензиялар. Платон Михайлович Мелиоранский (1868-1906) Платон Михайлович Мелиоранский 1887 жылы Петербург университетіне араб-парсы-түрік-татар бөліміне оқуға түседі. 1899 жылы «Күлтегін ескерткіші» деген тақырыпта магистрлік, 1901 жылы «Араб-филолог о турецком языке» деген тақырып бойынша докторлық диссертация қорғайды. «Краткая грамматика казак-киргизского языка», «Турецкие элементы в языке», «Слово о полку Игорове», «Заимствованные восточные слова в памятниках русской письменности домонгольского времени», «Сельджук-наме» как источник для истории Визянтии в XII и XIII веках», «По поводу новой археологической находки в Аулиетинском уезде». Александр Николаевич Самоилович 1880 жылы Нижний Новгородта гимназия директорының семьясында дүниеге келеді. Гимназияны бітіргеннен кейін 1899 жылы Петербург университетінің араб-парсы-татар-түрк бөліміне оқуға түседі. Оның дербес ғылыми қызметі 1902 жылдан басталады. 1902 жылы проф. П.М.Мелиоранскийдің кеңесі бойынша Түркменияға диплом жұмысына материал жинауға барады. Сол материал негізінде түрікмен тілінің фонетикасы мен грамматикасы бойынша жазған оның диплом жұмысы жоғары бағаланып, жас ғалым алтын медаль алды. Александр Николаевич Самоиловичтің көптеген еңбегі түрікмен халқының тілі мен әдебиетіне, тарихы мен этнографиясына арналған. Сонымен қатар оның еңбектерінде қазақ, өзбек, татар, ноғай, қырым татарлар, Осман түріктері мен Сібір түркі халықтарының тілі мен тарихы туралы да зерттеулер мол кездеседі. Сөйтіп, ол зерттеу аясының кеңеюіне байланысты ақырында үлкен энциклопедист түрколог дәрежесіне көтеріледі. 1911 жылы ол Түркияға саяхат жасайды, 1912 жылдың жазында Қырым мен Ставропольда болып, онда ұйымдастырған татар-орыс мектептерінің татар мұғалімдеріне лекция оқиды, жергілікті түркі халықтарының тілі, ауыз әдебиеті мен этнография бойынша материалдар жинайды. 1913 жылы Будапешт, Вена, Берлинге барып, кітапханалардағы қолжазбалар мен танысады. Осы сапарының ең негізгі жемісі- Париж кітапханасынан «Хұсрау уа Шырын» және Бабырдың өлеңдер жинағын алып қайтады. Бабырдың өлеңдерін өңдеп, 1917 жылы жариялайды. 1920 жылы Петроградта жаңадан құрылған А.С.Енукидзе атындағы Шығыс тілдер институтына алдымен проректор, ал 1922-23 жылдардан соң ректор болып тағайындалады. 1934 жылдан кейін Шығыстану институтының директоры, ал өмірінің соңғы жылдарында Ғ.А.-ның Қазақстан филалының бастығы болып қызмет істейді. Қазақстанда ұлттық академия құруға негіз болған алғашқы ғылыми мекемелерді, соның ішінде тіл және әдебиет секторын ұйымдастыруға, филолог ғалымдар дайындауға ол тікелей басшылық етті. 1937 жылы еліміздің бетке ұстар интеллигенттерімен бірге Александр Николаевич Самоилович те тұтқынға алынады. 1938 жылы ақпан айында репрессия құрбаны болады.
Достарыңызбен бөлісу: |