Константин Кузьмич Юдахин (1890-1975) Николай Александрович Баскаков (1905-1993) Н.А.Баскаков-бүкіл түркі тілдері бойынша құнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, ұйғыр, алтай, тува т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым. Оның түрткітанымда «Тюрские языки», «Вопросы каракалпакского языкознания» еңбектерімен белгілі. Андрей Николаевич Кононов (1906-1974) А.Н.Кононов-көне түркі жазба ескерткіштерінің грамматикалық жүйесі мен мәтінін жариялаушы, түркітаным тарихын зерттеуші, қазіргі түрік, өзбек тілдерін зерттеген және тілді зерттеу әдістері турлы теориялық еңбек жасаған атақты ғалым. Ол түркітанымда «Грамматика турецкого языка», «Грамматика языка тюрских рунических памятников (VII-IX вв)» еңбектерімен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |