Василий Никитович Татищев (1686-1750)



бет6/8
Дата10.01.2023
өлшемі449.93 Kb.
#468271
1   2   3   4   5   6   7   8
4 такырып Турки тлдеринин XX гасырда зерттелуи

А.П.Поцелуевский (1894-1948) түркі тілдерінің мәселелерін, сондай-ақ түрікмен тілі грамматикасының теориясы мен қазіргі жүйесін жан-жақты зерттеген ғалым. Н.К.Дмитриев (1898-1954) – түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқұрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, құнды пікірлер айтқан көрнекті оры түркітанушысы. Н.Э.Наджип (1899-1991)-орта ғасыр туркі жазба әдеби тілін және қазіргі түркі (ұйғыр) тілдерін зерттеген, тарихи сөздіктер жазған атақты ғалым. В.М.Насилов (1893-1970)-көне түркі жазба ескерткіштерін, қазіргі түркі (ұйғыр) тілдерінің грамматикалық жүйесін зерттеген көрнекті ғалым. Э.В.Севортян (1901-1979)-түркі тілдерінің тарихын, тарихи зерттеудің принциптерін жасаған, түркі тілдерінің этимологиялық сөздігін жасаған, әзірбайжан тілі бойынша еңбек жазып қалдырған атақты түркітанушы-тілші. К.К.Юдахин (1890-1975)-қырғыз тілінің сөздік байлығын жіті меңгеріп, қырғыз-орыс сөздігін жариялап, сөздік жасау теориясын жасаған, өзбек, қырғыз тілдерінің диалектілері мен әдеби тілін зерттеген көрнекті ғалым. Н.А.Баскаков (1905-1993)-бүкіл түркі тілдері бойынша құнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, ұйғыр, алтай, тува т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым.

А.Н.Кононов (1906-1974)-көне түркі жазба ескерткіштерінің грамматикалық жүйесі мен мәтінін жариялаушы, түркітаным тарихын зерттеуші, қазіргі түрік, өзбек тілдерін зерттеген және тілді зерттеу әдістері туралы теориялық еңбек жасаған атақты ғалым. Б.А.Серебренников (1915-1989) –жалпы тіл білімі бойынша еңбек жариялаған, алтай тіл бірлігін зерттеп, оның угро-финн, түркі (татар, чуваш, башқұрт) тілдерін зерттеген, тарихи грамматика мен салыстырмалы-тарихи грамматикасын жасаған атақты ғалым. Қорыта келгенде, түркітану ғылымының дүниеге келіп, толық қалыптасу тарихы XVIII ғасырдан басталады. Бүгінде кең мағынадағы (тіл, тарих, этнография, әдебиет салаларын түгел қамтыған) түркітану ғылымының еліміздің кең-байтақ өлкелерін мекендейтін 40-тай ірілі-ұсақты (сан жағынан) түркі халықтарының мәдени, рухани өмірінде алатын орны орасан зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет