Төменгі шажырқай венасы тік ішектің жоғарғы бөлігі қабырғаларынан сигматәрізді (vv. sigmoideae) және төмендеген жиек ішектің қабырғаларынан қан жинайды. Ол кіші жамбас астауында жоғарғы тік ішек венасымен (v. rectalis superior) басталады. Кейін жоғары көтеріліп сигматәрізді ішектің қабырғаларынан келетін веналарды қабылдайды. Төменгі шажырқай венасы іш артында орналасып, кейін жоғары көтеріліп сол жиек – ішектік венасын (v.colica sinistra) қабылдап, содан соң оң жаққа ауысып, ұйқы безінің арты арқылы қақпа венасына құйылады (немесе өт венасымен бірігеді). Жоғарғы шажырқай венасы мықын – жиек ішек бұрышынан мықын – жиек ішек венасы (v.ileocolica) болып басталады. Мықын ішектің соңғы бөлімінен, құртәрізді өсіндіден және соқыр ішектен қан жинайды. Кейін жоғарғы және оң жаққа қарай бағытталып, аш ішектің шажырқай түбінде орналасып бірқатар веналарды қабылдайды: a) 16 – 20 аш және шажырқай ішектердің веналарынан; б) оң жиек ішек венасын (v.colica dextra) – жиек ішектің жоғарылаған бөлігінен; в) ортаңғы жиек ішек венасын (v.colica media) – бауыр иілуінен және көлденең жиек ішектен; г) оң жақ асқазан - шарбы венасын (v.gastromentalis dextra) – асқазаннан, үлкен шарбыдан, он екі елі ішек веналарын (vv. pancereaticoduodenales). Kөкбауыр венасы көкбауыр қақпасы аймағында лөлбауыр денесінен шығатын веналық тамырлардан құралады. Осы жерде лөлбауыр венасы: 1) асқазаннан, үлкен шарбыдан қан жинайтын сол жақ асқазан – шарбы венасын (v.gastromentalis sinistra); 2) асқазанның қысқа веналарын (vv.gastricae breves) – асқазанның түбі аймағынан; ұйқы безі веналары (vv.pancreaticae) – ұйқы безі паренхимиасынан қабылдайды. Көкбауыр қақпасынан көкбауыр венасы ұйқы безінің артқы жиегі бойымен оң жаққа қарай бағытталып, кейін жоғарғы шажырқай венасымен бірігіп қақпа венасын құрайды. Аяқ веналары бір-бірімен аностомозданатын беткейлік және терең веналық тамырлар ретінде көрсетілген. Аяқ ұшы аймағында теріасты веналары аяқ ұшының табан және табан сырты веналық торларын құрайды, оған бақай веналары құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |