1-теріасты веналық тор 2-самайдың беткей венасы(v.temporalis superficialis) 3-көзүсті венасы(v.supraorbitalis) 4-бұрыштық вена (v.angularis) 5-жоғарғы ерін венасы(v.labialis superior) 6-иекасты венасы(v.submentalis) 7-бет венасы(v.facialis) 8-алдыңғы мойындырық вена(v.jugularis anterior) 9-ішкі мойындырық вена(v.jugularis interna) 10-төменгі жақсүйек венасы(v.retromandibularis) 11-қанатты өрім(plexus pterygoidus) 12-артқы құлақ венасы(v.auricularisposterior) 13-шүйде венасы(v.occipitalis) Бұғанадан жоғары өзінің мойын шандарынан өтіп бұғанаасты венасына құяды. Сыртқы мойындырық венасының қақпақтары бар сыртқы мойындырық веналарына келесі веналар құяды: 1)артқы құлақ венасы (v.auricularis posterior) құлақ өалқаның артында орналасқан беткей өрімінен қан жинайды; 2) жауырынүсті венасы (v. suprascapularis) аттас артериясын екі сабауретінде жанында жүреді, кейін қосылып бір сабауға айналып сыртқы мойындырық венасының соңғы бөліміне барып құяды. Мойын аймағының аттас бөліміне теріден қан қабылдайды; 3) мойынның көлденең веналары (vv. Transverse cervicis) мойынның бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды; 4) алдыңғы мойындырық венасы (v. jugularis anterior) жұп венасының тері веналарынан құралады, сол жерден төмендеп мойынның ортанғы сызығы жаңына барады. Көкіректің мойындырық тілігі үстінде мойындырық веналары әдетте бір-бірімен жақсы дамыған анастамоз – мойындырық вена доғасы (arcus venosus jugularis) арқылы байланысады. Кейін алдыңғы мойындырық венасы сыртқа қарай ауытқып және төс – бұғана – емізік тәрізді бұлшықеттің артынан, өтіп, сыртқы мойындырық веналары қосылып мойынның ортаңғы венасын құрайды. Ішкі мойындырық венасы (vena jugularis interna) бассүйектің мойындырық тесігінен төмен түсіп, жалпы ұйқыартериясымен бірге шығады. Оның барлық тармақтары бассүйексыртқы және ішкі болып бөлінеді. Бассүйекшілік веналарына 1. ми веналары (vv. cerebri) үлкен ми сыңарларынан қан жинайды. Олар беткі және терең болып бөлінеді. Мидың беткі веналары дорсо – латералді, медиалды және базалді бетімен үлкен ми сыңарларынан және мишықтан қан жинайды. Олар мидың төменгі және жоғарғы веналары (vena cerebri media superficiales) мишықтың жоғарғы және төменгі веналары (vv. cereblli). Мидың терең веналары жарты шарларының ақ затынан миды құраушы ядроларынан, қарынша қабырғалары мен мидың тамырлары түйінінен қан жинайды. Оларға негізгі қалаушы венасы (vena basilaris), мидың алдыңғы веналары (vv. Anteriores cerebri) көру төмпешегінің ішкі және жолақты дененің веналары (vv. Thalamastriate superiors et inferiores), мидың ішкі веналары (vv. Internae cerebri), мидың үлкен венасы (vena cerebri magna), мидың жұлын бөлігінің веналары (vv. pontis), сопақша мидың веналары (vv. Medulla oblangata);2. менингеалді веналар (vv.meningeae) мидың қабықтарынан;3. сүйекшілік немесе бассүйектің диплоидты веналары (vv.diploicae) бас сүйектен, осы кезде сүйекші веналарының бір бөлігі мидың қатты қабығының қойнауына құяды, келесісі – веналық түтіктері арқылы бастың сыртқы жамылғысының веналарымен байланысады. 4. Көз веналары (vv.ophtalmicae) көз шарасынан, көзжас безінен, қабақтан, мұрын қуысынан, көз шарасынан, маңдай бөлігі мен сыртқы мұрыннан өтеді; 5. Ішкі құлақ веналары (vv.auditivae), ішкі құлақтың жартылай дөңгелекті өзектері мен ұлудан қан жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |