Кейін барлық веналар ми қабығының қойнауына (sinus durae matris) қан апарады. Қойнаулар веналық тамырлар болып табылады, олардың қабырғалары мидың қатты қабығының табақшасынан құралған және сондықтан түсіп кетпейді. Мидың негізгі қойнауларына: 1. Жоғарғы сагиталді қойнауы (sinus sagitalis superior) мидың қатты қабығының үлкен орақ тәрізді өсіндінің жоғарғы жиегімен бойлай көлденең қойнауға құяды; 2. төменгі сагиталді қойнау (sinus sagitalis inferior) үлкен орақ тәрізді өсіндінің жиегін бойлай тік қойнауға келіп құяды; 3. Тік қойнау (sinus rectus) көлденеңінен байланысады; 4. Үңгірлі (sinus cavernosus) – түрік ершігі жанында жоғарғы тасты қойнаумен байланыстырады; 5. Көлденең қойнау (sinus transversus) шүйде сүйектерінің көлденең жүлгеміне мишықтың артқы сызығы бойымен жатады; латералды ішкі мойындырық венасына өтетін сигматәрізді латералды қойнауға келіп құяды. Ішкі мойындырық венаның бассүйектен тыс тармақтарына: - Бет венасы (vena facialis) бұрыш венасы (vv.angularis) аталып көздің медиалды бұрышында басталады және маңдай, қабақ, мұрын, бет, еріннің терісінен беттің бұлшықеттерінің шыұшыт бездерін, жұмсақ таңдайын, жұтқыншақтың шырышты қабығынан, мұрын және ауыз қуысының мүшелерінен қан жинайды;
- Төменгі жақсүйек артындағы вена (vena retromandibularis) бас терісінен, кіреберіс ұлу мүшесі аймағынан сонымен қатар сырқы есту өзегінен, дабыл жарғағынан, шықшыт безінен шайнау бұлшықеттерінен, мұрын қуысынан және төменгі жақсүйектен қан қабылдайды.
Мойында ішкі мойындырық венасы құяды. - Жұтқыншақ веналары (vv.pharyngiales) жұтқыншақтың қабырғаларының веналық өрімімен жұмсақ таңдайдан, есту түтігінен қан жинайды;
- Тілдік вена (vv.linguales) тілден тіласты және төменгі жақасты сілекей бездерінен ауыз қуысы түбі бұлшықеттерінен оның құйылымдары болып тілдің сыртқы венасы саналады, ол тіл арқашығынан қан жинайды, сонымен қатар тілдің терең венасы (тіл денесімен аттас артерия жанында екі сабау болып өтеді) және тіласты венасы жатады, оған тіл ұшымен бүйір жақтарынан жіне сілекей бездерінен қан жинайды;
Достарыңызбен бөлісу: |