Веноздық жүйе



бет9/10
Дата20.10.2022
өлшемі5.79 Mb.
#463047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
499046.pptx (2)

Табан бетінде веналық табан доғасы (arcus venosus plantaris) ажыратылады. Ол бақайлардың табан жағының беткейлік веналар торынан веналарды қабылдайды. Бұл веналар аяқ ұшының сыртқы бақай веналарымен (vv.digitales dorsales) байланысады. Бұдан кейін веналар аяқ ұшының веналық доғасын (arcus venosus dorsalis pedis) түзеді. Ол аяқ ұшы сыртының веналық торының терілік бөлімі болып табылады, бұлардан табан сүйектерінің сыртқы веналары (vv.metatarsales dorsales) бөлінеді. Бұлардан екі ірі тамыр – латералді және медиалді сыртқы табан сүйектереінің веналары аяқ ұшының жиегімен қанды сыртқы және табан веналық торларына жинайды. Проксималді бағытталып екі ірі тамыр аяқ аймағының теріасты веналарына – үлкен және кіші теріасты веналарына жалғасады.

 Аяқ аймағының үлкен теріасты венасы (v. Saphena magna) сыртқы медиалді венасы жалғасы болып табылады. Ол ішкі тобықтың алдыңғы жиегімен сираққа қарай жоғары көтеріледі және асықты жіліктің медиалді жиегі арқылы теріасты клетчаткасына өтеді, содан кейін санның алдыңғы медиалді бетінде жүріп, осы аймақтан веналарды қабылдай отырып, сан венасына түседі. Үлкен теріасты венасына сыртқы жыныс мүшелерінің және іштің алдынғы қабырғасының веналары келеді: сыртқы жыныс веналары (vv.pudendae externae) мықын сүйегін қоршайтын беткейлік вена (v.circumflexae ilium superficalis), аталық жыныс мүшесінің беткейлік дорсалді веналары, алдыңғы ұма веналары, сонымен қатар қосалқы теріасты венасы (v.saphena accessoria).

Веноздық анастомоздар.Вена тамырдың арасында, сондай-ақ артериялар арасында бар. (Жоғарғы және төменгі қуыс венасының жүйелерінің арасындағы) кава-кавальді және (қақпалы және төменгі немесе жоғарғы қуыс венадан арасындағы) порттары-кавальді анастомоздар бөледі. Қақпалық және қуыс веналар көптеген анастамоздарды құрайды олар майлы тіндердің орналасқан анастомоздар, өңеш қабырғаларында, тік ішектің және бауыр шап байлам бойында бар. Бұл боймен жұретің анастомоздар, құрсақ қабырғасының тері тамырдыңмен қақпалы венаны қосады. Ең маңызды кава-кавальді анастомоздар жұлын каналының және алдыңғы құрсақ қабырғасында орналасқан. Анастомоздардан айтарлықтай қан шығып веналық жүйесінің бірі бұзған жағдайда кеңейеді. Тамырдың қабырғалары тіпті жарылуы мүмкін, және, осылайша қатты қан кетеді (өңеш, асқазан, геморройлық және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет