Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет121/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
119 
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер өзінің кайзері үшін ғана емес, олар шығыстағы орыс 
варварларынан және батыстағы “дұрыс емес” Цивилизациясынан германдық өмір сүру сипатын және 
германдық Мәдениетті қорғады. Санасында жаудан мәдени жетекшілікке ие болып, немістер нарықтық 
экономика құруындағы қиыншылықтарды, өмірдің кедейшілігі мен кемтарлылықты және әлеуметтік 
қабаттардың теңсіздігін компенсациялады. Мүмкін сондықтан соғыс осындай ұзақ және қантөгісті болды. 
Жеңілістен кейін Германия үлкен репарациялармен және рейндік зонаның демилитаризациямен 
қорланған болатын. Сонымен қатар осы зонаға 1923 жылы француздар өз әскерін кіргізді. Осындай 
жағдайда ұлттық ерекшеліктердің және реваншизмнің идеялары дамыды. Немістерге Екінші 
дүниежүзілік соғыс Бірінші дүниежүзілік соғыстың логикалық жалғасы ретінде болды. Нәтижесінде 
германдық Мәдениеттің идеясы ерекше ариялық рассаның идеясына айналды. Соңында ұлттық идеяның 
екі модификациясы бір-бірінен ерекше болып және кейбір мәселелерінде қарама-қайшы болды. 
(ұлтшылдар немістердің мақтанышы болатын кітаптарды өрттеген.) 
ХІХ-ХХ ғасырларда ұлттық ерекшеліктің идеясы құрылмаса, онда национал-социализм Германияда 
осындай мықты тамырларға ие болмас еді. Германдық ұлттық идеясымен бірге дәл осындай негізде 
итальяндық идея дамыды. Муссолини өзге әлемге қарсы болатын білескен ұлты бар корпоротивті 
мемлкетті құруға талпынды. Көне Рим тарихынан итальяндық тамырларды шығару фашизмнің негізгі 
идеялық базасы болды. Осымен ұлттық мәдениет Германияда өзге мәдениеттерден жоғары болды деп 
саналды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Германия мен Италияның құлдырауы ұлттық идеяның дамуына 
шек қойды. Жеңілудің кезеңі Франциямен салыстырғанда қысқа болды. Сол кезден бастап Германия 
және Италия бір Еуропаға кіретін мемлкеттер. Экономикалық және мәдени жағынан жақсы дамитын, 
тыныш өмірмен сүретін мемлекеттер өздерінің ұлттық идеяларына шағым болмайды [20]. ХХ ғасырдың 
басында қазақ зиялыларының ой-өрiсi, бiлiм-билiктiлiгiнiң дәрежесi өзi көрші елдердегi әрiптестерiмен 
салыстырғанда ешқайсысынан кем болған жоқ. Тiптен халықаралық, әлемдiк деңгейде болды. Өйткені
өткен ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық идеологияны қалыптастыруды қолға алды. Өйткенi 
ұлттық идеясыз бар қазақты жұмылған жұдырықтай күшке айналдыру мүмкiн емес едi. 
Ұлттық идеяға тағы бір түсінік берсек, бұл белгiлi бiр тарихи кезеңде ұлт алдында тұрған мiндеттер. 
Соларды белгiлеу зиялылар мiндетi. Қандай өзектi мәселелер шұғыл шешуге мұқтаж, соларды iрiктеп, 
қорытып қоғам алдына, билiк алдына қою зиялылар үлесiнде. 
Өткен ғасыр басындағы зиялыларымыз бұл ретте өз мiндеттерiн орындай алды. Олар әбден негiздi 
«қазақ ұлтшылдығы» идеясын қалыптастыра алды. 
Ұлттық идеология дүние жүзiнiң отарлық езгiдегi көптеген елдерiнде қалыптасты. Солардың бiразын 
мысалға алар болсақ Түркияда «Жас түрiкшiлдер» шықты. Үндiстанда Ганди бастаған ұлт патриоттары 
Үндi ұлттық конгресiн құрып, ұлт-азаттық қозғалыс теориясы мен практикасын қалыптастарды. Мынау 
iргемiздегi Қытайдың өзiнде ше. Сун Ят Сен бастаған ұлттық жаңғыру қозғалысы шамамен осы уақытта 
жүрдi емес пе? Осы және басқа да елдердегi ұлт зиялылары отарлық және феодалдық мешеулiктен 
арылмай, өз халықтарының тұрмысын жаңа сапаға көтеру мүмкiн еместiгiн анық сезiндi. Осындай 
әлемдiк үрдiстер бiздiң елде, қазақ топырағында да жүрдi. Осы негiзде концептуалдық тұрғыдан «қазақ 
ұлтшылдығы» өмiрге келдi.
Қазақ ұлтшылдығы – санадағы патология емес. Өмiрлiк негiздерi айқын құбылыс. Француз 
социологтары осыдан бiраз бұрын-ақ мынаған көз жеткiзген: егер елге келген келiмсек мигранттардың 
үлес салмағы жергiлiктi халықтың 17% асып түссе, сондай-ақ олардың сыртқы түрi, тұрмыс-салты, дiлi 
мен дiнi жергiлiктi жұрттан тым өзгеше болса, онда соңғылары өздерiн оккупация жағдайындағыдай 
сезiнбек. Патшалық переселен саясатының нәтижесiнде қазақ жерiне iшкi ресейлiк губерниялардан көшiп 
келгендердiң үлес салмағы 1914 жылы 35% жеткен (қараңыз: Н.В. Алексеенко. А.Н. Алексеенко. 
Население Казахстана за 100 лет. 1897-1997 гг. Усть-Каменогорск, 1999, с.26). Өткен ғасырдың 20-30-шы 
жылдарындағы қазақ басына түскен қырғындардан соң бұл көрсеткiш 47,7% көтерiлдi. Сондай-ақ бұл 
жай сандық басымдылық қана емес-тiн. Қазақ жерiнiң табиғи байлықтарын емiн-еркiн иемдену, ал 
халықтың өзiн орыстандыру процесi жүрiп жатты. Осының бәрiн көрiп және түсiне отырып қазақ саяси 
тобы үнiн шығармауға тиiс болды. Ал егер қарсылық танытса «ұлтшыл», ретроград атанып, репрессияға 
алынуы қалыпты құбылысқа айналды. Сөйтiп әрбiр Азамат отанына, әдiлдiкке араша түсу құқынан 
айрылды. Қазақ ұлтшылдығының түп-тамырын мiне осы ахуалдан iздеген жөн. Басын ашып айтатын бiр 
жай «қазақ ұлтшылдығы» кейiндеу большевиктер әлемге жар салғандай агрессияшыл, өзгеге көз алартқан 
құбылыс емес-тiн. Ұлтшылдықтың екi түрi бар. Олар халықаралық деңгейде, ғылыми әдебиетте айтылып 
та жүр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет