Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет120/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
118 
дықтар француздарға қарағанда Вьетнамнан осындай кемсітушілікті көрген жоқ. Вьетнам американдық 
ұлттық идея эволюциясының бір кезеңіне ғана айналды. Уақыт өте келе АҚШ Афганистанды және 
Иракты демократияландырудың мүмкіншілігі туды деп ойлады. Сонымен қатар мемлекетте американ-
дықтарға ислам әлемі қарсылық көрсете бастады. “Демократизация” шеберлерінің Ирак тағы бір 
конфузына айналуы мүмкін. Бірақ осы соғыстағы американдықтармен жемтік саны вьетнам соғысының 
жемтігімен салыстыруға қиын. Қазіргі жаһанды ислам әлемімен соғысы американдық ұттық идесын 
өлтіреуі мүмкін. Мессиандықтан бас тартқан Франция тағдырын АҚШ-та қайталау мүмкін.
Егер Франция мен АҚШ-та ұлттық идеяның қалыптасуы қатты модификацияланған сценарий 
бойынша қалыптасса (американдықтар демократияны тарату мәселесі бойынша француздардың 
ізбасарына айналды), Германияда ол мүлдем басқа жолмен өтті. “Тұнжыраған германдық гений” өз 
идеяларын әлемге әкелмей, әлемге өзін әкелді. Яғни бүкіл адамзат ішінде немістер табиғатынан өзгеше 
және ілгерілігі бар халық деп ұсынған. ХІХ ғасырда Германияда ұлттың қалыптасу процессі қарқында 
дамыды. Шағылған герман тілдес халықтарды бірігіп, бір ұлт ретінде қалыптасу негізгі міндет болды. 
Патшалықтар, герцогтықтар, графтықтар және жеке қалалар – осының барлығы бірігуі тиіс еді. ХІХ 
ғасырдың бірінші жартысында ұлтшылдардың (националистердің) негізгі мақсаты бірлікке жетуі еді. 
Әсіресе жеке германдық мемлекеттерінің сақталуымен экономикалық кеңестікті құруға мүмкіндікті
туғызған кедендік одақ құруы маңызды болып саналатын. Кейінде Кедендік одақ негізінде бір саяси 
кеңестікте орналасқан империяға айналды. Осы кеңестікті нақты орнықтуру үшін бір ортақ идеялық 
бірлік қажет еді. Дәл сол кезде Альптан оңтүстікке қарай Италияның бірігінің процессі өтетін. Осы 
процесс аяқталғаннан кейін саяси қайраткерлердің бірі осындай сөзді айтқан: “Біз Италияы құрдық, енді 
итальяндықтарды құру керек”. Расында да ортақ мемлкеттің болуы ортақ халықтың болуынының куәлігі 
бола алмайды. Италия туралы айтылудың Германиямен байланыстырып айтуға болады. 
Отто фон Бисмарк герман империясынан кейін германдықтарды құруға тырысқан. Динамикалық, 
ақкөңілді баварлықтар салдафон-пруссактарға әрқашан ұнатпаған. Солтүстік Германия қалаларының
еңбекқор және алғыр фритредтер Берлин диктатына қарсы болды. Ал Италияда, Фладрияда және 
Англияда сататын және ертеден бері франция мәдениетін жақтайтын космополиттік рейндік немістер 
ортақ ұлттық мемлекетті құруына мүлдем жатқызуға болмайтын еді. Бірақ Германияны бөлген негізгі 
факторы – ол діни фактор еді. Католикалық және протестандық мемлекеттерден құрылған империя 
монолитті болуға тиіс еді. Бисмарк үшін әскери жолмен құрылатын империядан гөрі осындай міндеттер 
қиыншылық туғызды. Гугеноттер Людовик XIV кезінде Франциядан қуылған болатын. Экономика үшін 
қиындық туғызған болса, ұлттық бірлік үшін көмектесті. АҚШ-та мәдени және конфессиялық өзгешелік-
терге қарамай англосаксондық протестандық негіз бойынша ұлттың қалыптасуы өтті. Италияда католизм 
доминатты болды. Германияны онүшжылдық діни соғыстан кейін бірігуге қиын болды. Басында Бисмарк 
өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін культуркампф (мәдениет үшін күрес) саясатын өткізді. Ол тура 
католизмге қарсы болып, ешбер жетістікке жеткен жоқ. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары темір канцлердің 
тактикасы өзгерілді. Биліктен социал-демократтар мен либералдарды шығарып, конфессияаралық негізде 
бірлік құрыла бастады. Енді барлық патриотты немістер жақсы азаматтарға айналды.
Соңында герман мәдениетінің мінезі халықтың негізгі анықтамасына айналды. Нарықтық 
шаруашылық функцияларымен байланысқан кішкентай машақаттарды шешетін еуропалылық халықтан 
Германия жергілікті националистер үшін рухани гигант ретінде анықталды. Кіші машақаттардан гөрі 
немістер өзінің ұлы поэзиясымен, музыкасымен, философиясымен өзінің ұлттық болмысын ұлы істермен 
байланыстырды. Уақытында көне гректер физикалық ізгіліктің мысалы болса, немістер өздерін рухани 
ізгіліктің үлгісі деп санаған. Германия өзін Батысқа қарай абстрактылы боп ұсынды. Өмір сүру үшін 
күресі өтетін, адамның адамды эксплуатациялау, нарықты ойсыз қолданатын батыста осындай 
Цивилизация басым болатын. Германияда осы Цивилизацияның құндылықтары емес, мәдениет басты 
болды. Ол Батыстағы шаруашылықтың дамуындағы болатын эксцессіз, эффективті экономиканың 
қалыптасуын және дамуын қарастырды. Гоббстік барлығының барлығына қарсы соғысынан гөрі 
қоғамның бірлігін ұсынды. Ол жаушылықтан, дүниеқорлықтан әлеуметтік сақтандыруды ұсынатын. 
Сондықтан Бисмарк Еуропадағы әлеуметтік сақтандырудағы көптеген жетістіктерге жеткен. Сондықтан 
Германияда ірі бизнес қарқында дамуып, отандық өндірушілерді шетелдік бәсекелестен қорғады. Әр 
түрлі немістердің ұлттық көзқарасында әр түрлі мәдениет болды. Кейбіреулері Германияның ұлылығын 
Гегельдің еңбектерінде көрсе, басқалары француздық жұмысшысымен салыстырғанда неміс өз 
мемлекетімен сақтандырылғанында дп есептеген. Іс жүзінде сақтандыру шартты түрде ғана болды. Және 
ХХ ғасырдың негізгі параметрлері бойынша неміс өзінің батыс көршісінен кедейлеу болды. Бірақ ұлттық 
идея шындықпен аз байланысты болады және ол өзінің жеке өмірімен сүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет