Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет122/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
120 
Бiрiншiсi – агрессияшыл ұлтшылдық. Оның анықтамасы басқаның жерiн тартып алу, табиғи 
байлығын иемдену, шағын ұлттар мен ұлыстарды ассимиляциялау арқылы өздерiне сiңiрiп, ерекшелiк-
терiн жою. Ал «қазақ ұлтшылдығы» жоғарыда айтқанымыздай бұл топқа жатпайды. Оның өзектi жiбi
дiңгектi ойы, «менiң ұлтым өзгеден ерекше артық» деген оғаш пiкiрге саймайды. Мағжан ақынның «Ұлт 
үшiн жаным садаға» дегенiндей, елiм деген азаматтардың өркениетке ұмтылған жұртын, өзгелермен тең 
ету жолындағы жанкештi қызметке әзiрлiгiн бiлдiретiн ұстаным болатын. Яғни ұлтшылдықтың екiншi 
түрi, аяқ астынан сусып кетiп бара жатқан жерiн қорғау, ұлттық мемлекеттiгiн қалпына келтiру үшiн 
күрес деген мағынаны бередi. Егер мемлекеттiгiң болмаса, сен ештеңеге де ие бола алмайсың. Жерiң де, 
салт-дәстүрiң де, жалпы ұлттық құндылықтарыңның бәрi де адыра қалады. Қысқасы, өзiң кiрiптар болған 
мемлекеттiң құрамына сiңiп, ұлттық болмыс-сипатыңнан мүлдем айырыларың хақ. Сондықтан «қазақ 
ұлтшылдығы» бұл – қорғаныстық сипаттағы ұлтшылдық. Әлемдiк азаттық қозғалыс арнасында өмiрге 
келген «қазақ ұлтшылдығының» концептуалды деңгейдегi гуманистiк мазмұн сипатта қалыптасып, ұлт 
зиялыларының сенiмiне ие болып, олардың күрес қаруына айналуында Әлихан Бөкейханов бастаған озық 
ойлы қайраткерлердiң қызметi зор. Сонымен, қорыта айтқанда, ұлтшылдық бұл қазақ қоғамы жағдайында 
Ресей тарапынан төнген отаршылдық саясатқа жауап реакция. Соған жауап ретiнде қалыптасқан 
концептуалды ұстаным. Сол тұстағы ұлттық идея. 
Орыс философы Н.Бердяев кезiнде «Ресей неге революциялық жолға түстi?», «Орыс социализмi 
қайдан шықты?» сияқты сауалдар тастап, оған өзi жауап iздеген. Ұлы философ Ресейде революция 
идеясының үстемдiк алуын бұл мемлекеттiң тарихи даму жолымен, ерекшелiктерiмен байланыстырады. 
Яғни Ресей еуропалық басқа елдермен салыстырғанда ортағасырлық крепостниктiк қатынастар жолында 
тым ұзақ мерзiм болған ел. Еуропалық елдер капиталистiк даму жолына ХVI-ХVII ғасырларда-ақ түсiп 
кеткенде, Ресей крепостниктiк тәртiп шырмауында 20 ғасырға дейiн қалып қойды. Крепостниктiк тәртiп 
мемлекеттiк қатыгез билiктi талап еттi. Ресейде мемлекеттiк билiктiң қатыгез түрi үстемдiк құрды. Көп 
пiкiрлiкке, түрлi ұстанымдарға орын қалған жоқ. Мiне осындай жағдайда Ресей интеллигенциясы мен 
большевизм сияқты саяси күштер революцияны қоғамдық мәселенi шешудiң негiзгi құралы, жалқы тәсiлi 
ретiнде таңдады. Басқаша айтқанда дүлей мемлекеттiк тәртiп өзiне лайық күрес тәсiлдерiн өмiрге әкелдi. 
Кейiн интеллигенция тарапынан көрiнген революциялық радикализмнен большевизм пайда болды. 
Айналып келгенде большевизм Ресейдегi крепостниктiк билiкке, крепостниктiк тәртiптке жауап реакция 
ретiнде өмiрге келдi. Егер бiз империя құрамындағы қазақ халқының жағдайын осы контексте алып 
қарасақ, онда сол репрессиялық шаралар мен науқандардың болмай қалмайтындығын байқаймыз.
Ұлттың бас көтерер жетекшi саяси топтарына қарсы ауық-ауық репрессиялық науқандарды жүргiзiп 
отыру патшалық және кеңестiк жүйелердiң қалыптасып қалған үйреншiктi шараларының бiрi болатын 
[
20
]

Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай 
алатын мемлекеттік жүйе құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық 
тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егішілік пен өнеркәсіптің дамуын 
қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің 
дамуына қажет шарттар түзу болды. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылдың ақпан және желтоқсан 
аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейхановтың, Мұхтар 
Әуезовтің, исі Алаш зиялыларының, қазақтың жіктен азат, әділмін деген игі жақсылары Абайға ұйып, 
тоқталған. Бір Абайдың өзі қазақ өнерінің қаншама тарауының өркендеуіне жол салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет