Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет119/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
117 
Қазіргі уақытта Франция бүкіл адамзатты құтқаруымен айналыспайды. Бүкіл әлемді бақытты қылу 
идесын қазіргі уақытта американдықтар қағып алды. Әрине, американдықтар еркіндік, теңдік, ағайындық 
идеясын адамзатқа таратпайды, бірақ осы триадалық идеяның трансформациясы әлемге демократия, 
нарық және американдық өмір сүру кейіпін таратып, қазіргі кезде негізгі міндеттерге айналды. 
Американдық революция кезінде ұлттық идеология сол кезде қалыптасқан француздардың идеясынан 
мүлдем өзгеше болды. Сол кезде мессиандық Америка сипатына сәйкес келген жоқ. Бір жарым ғасыр 
бойы өз рухани өміріне сай қоныстанушылар өз әлемін қалыптастырды. Олар діни шиеленістермен толы 
Еуропадан қашып, дәл осы Еуропаны енді ой-толғамға оқытқысы келген жоқ. Мұхитпен бөлінген 
тәуелсіздік үшін күрескен колониялардағы психологиялық дағдарыс еуропаның ортасында орналасқан 
Парижге дейін жетте алмады. Колониялардың ішкі саяси трансформациясының геосаяси салдары Монро 
доктринасының (Джеймс Монро президентінің атымен аталған) пайда болуына әкелді. Сонымен қатар 
оны қазіргі таңда Латын Америкаға байланысты экспансионистік деп қарастырады.
ХІХ ғасырдың идеологиясына ХХ ғасыр идеялық арсеналының элементтері ене бастады. Еуропалық 
мемлекеттер доминатты болған кезде, Монро доктринасы - АҚШ жаһанды саясаттан бас тартынын біл-
дірді. АҚШ-ң қызығушылықтары Ұлыбритания, Франция немесе Ресей қызығушылықтарынан тар болған.
Латын Америка шекарасынан әрі қарай шығу деген мақсаттарды ол қойған жоқ. Бірақ, Мексика терри-
ториясына жататын жерлерде экспансия өткізілген болатын. Барлық оңтүстік штаттар (Луизианадан басқа, 
ол Франциядан сатып алынған болатын) көршісінен тартып алынған болатын. Бірақ бұл экспансия қандай 
да бір ұлы идеялармен байланысты болған жоқ. Ол өзге тәсілдерді қолданатын қатаң қоныстандыру 
саясатымен байланысты болды. Глобольды саясат үшін АҚШ экономикалық жағынан дамып барлығы ХХ 
ғасырда ғана өзгере бастады. Осы өзгерістер ұлттық менталитетпен негізделді. Солтүстік американдық 
қоныстанушылар колониялардың құрылуынан бастап, өз өмірін діни принциптермен байланыстырып
эгиостік еуропалық монархтардың желісінен өзінің пікірлерін моралды болып санаған. Американдық 
мемлекеттің пайда болуы рационализм білімділігінің актысы, идеалды жүзеге асыруы ретінде қарас-
тырылды. Осы жерде американдық менталитет Ұлы революцияда пайда болған француздық менталитетке 
ұқсаған жоқ. Өзге елдерге Америкадан мысал алуға болар еді. Бірақ осы мысалды күшпен Монро 
доктринасы білдіре алмады. Күшпен «жаңадан тәрбиелеудің» бір ғана мысалды келтіруге болады – Солтүс-
тік пен Оңтүстік арасындағы соғыс. Солтүстік “аморалды” оңтүстіктерді өз негрлерін қадірлеуді мәжбүр 
етті. Осы “жаңадан тәрбиелеу” принципі Монро доктринасына қайшы келген жоқ. Білімпазды рацио-
нализмнің идеалдарынан шегіну янкилердің көз алдында болды. АҚШ-ң дамуымен және әлденуімен, жаңа 
азаматтармен толуғыумен де моральдық ілгерілік “жасырылған” идеясы жоғалған жоқ. Қоныстанушылар – 
ирландтар, немістер, скандинавиялықтар немесе (кейінде) итальяндықтар және еврейлер – қоғамға ену 
үшін англосаксондық протестандық алғашқы қонастанушылардың идеясын түсініп, сіңіуі керек еді.
Теодор Рузвельт Америка өз шекарасынан әрі қарай шығу керек деген шешімді алғашқы болып
қабылдайды. Бірақ, нақты шешімді Вудро Вильсон жүзеге асырады. Ол АҚШ-ты Бірінші дүниежүзілік 
соғысқа кіргізеді. Бұл президент американдық жарық мінезді адам болатын. Өзге адамдардың ішінде ол 
орта американ адамының көзқарасын ұсынатын. Сондықтан Вильсон соғысты жеңгеннен кейін бүкіл 
еуропалық саясатты американдыққа ұқсастырып өзгертуге тырысты. Бірақ, әлемді “демократияландыру” 
тәсілі күш қолдануы ретінде қабылданған жоқ. Франклин Рузвельт Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 
еуропа істеріне кірісті. Өзінің жол салушысынан гөрі идеализммен азап көрген жоқ. Рузвельт күштің 
мәнін білген және түсінген. Алыста өтетін соғысқа АҚШ-ты кіргізу үшін рузвельт көп еңбектенді. Монро 
доктринасына үйренген американдықтар алғашында енжар болды. Бірақ Германия мен Японияның 
жеңілуімен маңызды өзгерістер пайда бола бастады. Әлемді тәуелсіз және таза жасағандарына американ-
дықтардың көзі жетті. Германияның денафикациясын жасап, Жапонияда экономикалық жаңартуды 
өткізіп, екі мемлекеттің дамуын демократиялық жолмен жүзеге асырған. Кейінен Советтік коммунизм-
нен бүкіл әлемнің құтқаруын АҚШ өз қолына алды. Сол уақытта осы функцияны олардан басқа ешкім 
істей алмас еді. Осыдан бастап американдықтар өз мемлекеті әлемде өзгеше роль ойнайды деген шешімге 
келді. Американдық ұлттық идеясының мәні - демократияны және нарықты бүкіл әлемде қорғау және 
керек болса олардың күшімен мәжбүр ету. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін таталитарлы мемлекет-
терге кіргізген болса, онда қазіргі күні үшінші әлем мемлекеттерінде де қолдануға не кедергі болып тұр? 
60-шы жылдары АҚШ-ң алғашқы соққысын алып, әлемде алатын өз орнын дұрыс түсінеді ме? - деген 
сұрақ пайда болды. Вьетнам соғысында жеңіліс табуы түсінікті және жойқын болды. Өзге мәдениеті бар 
ұлтқа әрбір мемлекетке демократияны орнатуға болмайды деген шешімге келді. Францияға қарағанда 
АҚШ осындай жаһанды жеңілістері болған жоқ. Француздар 1812-1815 жылдары антина-палеондық 
коалициядан және 1870 және 1940 жылдары немістерден жеңілгенінен қорлық көріген, ал Американ-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет