ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 137
Ал соңғысы, этникалық топ мәдениетіндегі қазіргі заман өркениет тудырған құбылыстардың ұлттық
мәдениетте көрініс табуы және оның әсері (көркем өнер бұйымдары, қазіргі танымал мәдениеттегі
дәстүрлі заттар, ежелгі мәдениеттің жасанды түрде қалпына келтірілген элементтері және т.б.) [25, с. 363].
Қандай да бір халықтың мәдениетін көрсететін және этнографиялық топқа жататын этнографиялық
экспонаттар этнографиялық коллекция болады. Халық немесе этникалық топ мәдениетінің құрамдас
бөліктері болатын этнографиялық коллекциялар музей коллекцияларының ішінде мәдениет санатына да
жатқызуға болады. Оған киім-кешек коллекциясы, қару-жарақ коллекциясы, кілемдер коллекциясы,
зергерлік бұйымдар коллекциясы, музыкалық аспаптар коллекциясы, наным-сенімге байланысты
артефактілер, тұрғын-үй типтері, жиһаз, шаруашылық және кәсіптік құралдар коллекциясы, т.б. жатады.
Дәл осы коллекциялар жиынтығы этнографиялық коллекцияның құрамын анықтайды. Этнографиялық
коллекцияның құрамдас бөліктерін шаруашылықтан бастап халықтың білім салалары мен дін және
әртүрлі наным-сенімге дейін мәдениеттің ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Мысалы, кәсіп-
шілік бойынша артефактілер, қолөнер бұйымдары, қару-жарақтар, музыкалық аспаптар, тұрғын үй,
жиһаз, ыдыс-аяқтар жүйесі, киім-кешек кешені, наным-сенімге байланысты артефактілер және тағы
басқалары. Бір коллекция құрамына кіретін этнографиялық экспонаттарға атрибуция жасау барысында
олардың әр қайсысына жеке сипаттама беріп қана емес (зат атауы, формасы, жасалу технологиясы),
сондай-ақ олардың өзара байланысын да міндетті түрде жазып көрсетіледі. Өзіндік ерекшеліктеріне қарай
оның функциясы, наным-сенімге байланысты қолданылуы және басқа да қолданыс аясы, ол заттың иесі
немесе жасаған шебердің аты-жөні, сол қолданыс аясына байланысты басқа заттармен байланысы туралы
ақпараттар жазылады. Этнографиялық коллекцияның сақталуы этнографиялық экспонаттың материалына
сәйкес консервациялау және реставрациялау әдістерін қолдану арқылы сақтау шарттарымен қамтамасыз
етіледі. Сондықтан сақтау кезінде этнографиялық коллекциялар этнографиялық заттың жасалу
материалына қарай әр түрлі қорда шашыраңқы болып сақталынады, ал олардың тұтастығы тиісті
құжаттамамен бекітіледі.
Зерттеу аясында этнографиялық коллекция түсінігі бүгінгі таңда жойылып бара жатқан немесе
қолданыс аясынан шығып кеткен, өткен ғасырға тән дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет құбылыстарын
көрсететін этнографиялық заттар тұрғысынан қарастырылды. Заттарды этнографиялық коллекцияларға
жатқызудың хронологиялық шеңбері, әдетте 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басы, яғни индустриалды
өмір салтының жаппай таралуына дейінгі және дәстүрлі тұрмыстық мәдениетің басым болған уақыт
аралығымен негізделеді. Сондай-ақ этнографиялық затқа ХХ ғасырдың ІІ-жартысында қолданған
этномәдени ақпаратқа ие бұйымдар да жатады.
Сәйкесінше осы зерттеу жұмысында ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы Орталық Азия
аймағындағы түркітілдес халықтардың дәстүрлі мәдениет, шаруашылық және тұрмысқа қатысты
этнографиялық артефактілердің қорлану үрдісінің алғышарттарын айқындау және қазақ өлкесінде пайда
болған алғаш музейлердегі аталмыш коллекцияның жинақталу тарихын қарастыру басты негізге алынды.
Музейдегі этнографиялық құндылықтардың халықтың дәстүрлі мәдениеті мен тарихының бірегей
ескерткіштері ретінде де, әрі отандық этнология және тарих, мәдениеттану, ескерткіштану, деректану
үшін де ғылыми-танымдық маңызы өлшеусіз артефактілердің қатарына жатады. Жылдар өткен сайын
этнографиялық коллекция қорларының ғылыми маңызы арта түсуде. Яғни, этнографиялық музейлік
коллекция ұлттық мәдениетті насихаттауда және оны сақтауда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, дәстүрлі
мәдениеттің объектілері халықтың күнделікті қолданыс өмірінен шығып кеткендігіне байланысты
олардың маңыздылығы одан әрі арта түспек.