Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет142/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
139 
Қазақ халқының теріден жасалған ыдыстарына саба, торсық, көнек, шанақ және т.б. жатады. Бұл 
аталған тері ыдыстардың жасау технологиясында өзгешелігі терілерді ыста ұстаған. Қазақ арасында тері 
ыдыс жасау кезінде тері ыстауға маманданған ысшылар болған, немесе ауылдың ақсақалы ысты салған. 
Себебі ыс дұрыс салынбаса өрт шығып, ыстауға арналған терілерді жарамсыз еткен [28, c. 274]. 
Айта кету керек, қазақтар мен қырғыздардың бұйымдары мен терминологиясында көптеген 
ұқсастықтар кездеседі. Барлық көшпелі халықтар сияқты қырғыздарда да мал шаруашылығы маңызды 
және басты рөл атқарғандықтан, тері өңдеуге және одан әр түрлі бұйымдар жасауға үлкен мән берілді. 
Мысалы, қырғыздар алынған теріні өңдегеннен кейін аяғы мен құйрығын тігіп, мойнын ашық қалдырады. 
Дайын болған теріні міндетті түрде ыстаған. Оның негізгінен қымыз, айран сақтау немесе тасымалдау 
үшін қолданған. Олар оны «меш» деп атайды. Киіз үйде ол әрқашан белгілі бір орынды алады, әдетте 
қымыз сақталатын шаруашылық киіз үйдің жанында ұстаған. Дәл осындай атауы бар, қазақ халқының 
теріден жасалған ыдыстарының бірі – мес, осындай жасалу тәсілі бірдей құбылыс солтүстік-шығыс 
найман қазақтарында да кездеcеді [29, б. 125]. 
Этнографиялық коллекцияның бір түрі – ат-әбзелдер. Ат әбзелдері – жылқыны мініс пен 
шаруашылыққа пайдалануда қолданылатын құрал-жабдық түрлері. Ат әбзелдерінің әсемдеп әшекейленуі, 
түрлерінің сан алуандығы сол кездегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен 
тікелей байланысты болды. Ауқатты байлар, ел басқарған хандар, сұлтандар мен билер ат әбзелдерінің 
түрлі асыл тастар мен бағалы металдармен әшекейлеп жасаған қымбат түрлерін қолданды. Ат әбзелдер 
құрамына ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, айыл, жүген, көпшік, қамшы т.б. жатады.
Осылардың ішіндегі ең негізгісі – ер. Ер – көлікті ерттеп мінуге қолданылатын әбзел түрі. 
Қазақстанның жері өте үлкен, халық саны сирек қоныстанғандықтан, қазақ өңірінің қай саласында 
болсын айтарлықтай жергілікті ерекшеліктер қалыптасты. Бұлардың бір-бірінен негізгі айырмасы – 
олардың жасалу тәсілі мен сыртқы көрінісінде. Осы ерекшеліктеріне қарай «қазақ ері», «құранды ер», 
«шошақбас ер», «қозықұйрық ер» деген атаулар қалыптасқан [10, 21-б.].
Ең көп тарағаны – қазақ ері. «Қазақ ері қайыңнан шабылып, екі қас, екі қаптал және орта ағаш деп 
аталатын бөлшектерден қосылады. Ердің орта ағашы мен екі қапталына қайыңның бұтақсыз түзу 
кесінділері, ал екі қасына көбінесе жуандау қайыңның екі айырылған тұсы қолданылады» [10, 21-б.]. 
Х.Арғынбаев ҚР МОМ қорында сақтаулы тұрған Шығыс Қазақстандық Нәби Кәрібаев деген 
шебердің қолынан шыққан күміс және алтынмен жалатылған ер туралы жазған. Бұл ердің музей 
қорындағы КП нөмірі 9148. «Әйел ерінің алтындаған бір түрі қазір Қазақ ССР-нің мемлекеттік Орталық 
музейінде сақталуда. Сүйегі өте ауыр. Ердің сырты түгелдей ойылған темір әшекейлермен жабылған, 
олардың астынан қызыл барқыт төселген. Темір әшекейлердің бетіне күміс шауып, оның үстіне үшкір біз 
және дөңгелек бедерлі қадаубаспен әр түрлі гүл-жапырақтардың бейнесі жүргізіледі. Бұдан соң кейбір 
әшекейлердің бетіне алтын жалатады, ердің маңдайына қызыл түсті шыны орнатылады. Алдыңғы 
қасының жиектеріндегі күмістелген темір көмкерулерге араб әрпімен жазылған өлең жолдары бар: 
Қажекем бұйырған соң істеп бер деп, Кәрібаев Нәби ұста соққан ері...» [10, 22- б.]. 
Ердің келесі бір түрі – шошақбас ер. Шошақбас ер Жамбыл облысының оңтүстік-шығысы мен Алматы 
облысының оңтүстігін мекендейтін қазақтар арасында көп таралған. Бұл ерлердің ерекшелігі, аты айтып 
тұрғандай, алдыңғы және артқы қастары тікшелеу болып келеді. Шошақбас ерді 4-5 бөлек қайың, қарағаш 
немесе емен сияқты берік ағаш кесінділерінен шауып құрайды. Кесінділерді бір-бірімен шеге арқылы 
ұстатады. Қасының айнала шеттерін күміс, жез немесе сүйекпен әшекелейді. «ҚР МОМ қорында сақтаулы 
(КП 22961) шошақбас ер (Жетісу) бес бөлек қарағаш кесіндісінен құралған. Ердің бел ағашын екі 
қапталдың ортасынан шауып шығарған. Ердің үсті былғарыдан шегеленіп, қара түсті бояумен боялған. 
Алдыңғы қастың биіктігі 34 см, артқы қас 22 см, қапталының ұзындығы 42,5 см, ені19 см.» [30, 163- б.].
Ал, құранды ер, көбінесе Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Алматы облыстарында 
кездеседі. Ердің бұл түрі бірнеше бөлек ағаштардан қосылып жасалады. Сондықтан да оны «құранды ер» 
деп атайды. Х.Арғынбаев және Ә.Тәжімұратовтың жазбаларында құранды ерді 18-20 ағаш кесінділерінен 
құрастырған делінген. 
Әдетте 4-5 бөлшектен жасалатын ерді осыншама көп ағаш кесінділерінен жасалу себебі: «біріншіден, 
ер қосуды кәсіп еткен шеберлер қолынан шығатын ерлерінің біркелкілігін сақтауды көздейді. Екіншіден, 
қолда бар ағаш кесінділерінің қандайын болсын қажетіне жарата береді. Ал, ондай материалдардың 
табылуы да оңайға түспейді. Бұл жағдай ағаш аз өсетін Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыс-
тарындағы ершілерге үлкен мүмкіндіктер туғызады» [10, 24-б.].
Құранды ердің екі қапталын тұтас ағаш кесіндісінен шауып алады. Ал негізгі бөлшектерден екі қасын 
құрастырады. Х. Арғынбаев осы туралы былай жазады: «ең алдымен, әр қасты өз алдына жеке 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет