Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
52
әрекет жасағанымен нәтижесіз болған. Бірақ 1911 жылы Цин империясы Моңғол халқын ұстап қала
алмады. Дегенменде бұл Моңғол халқының бір бөлігі ғана еді. Моңғолия Қытайдан тысқары бөлініп
шыққанымен Қытай оларды әліде өз бөлшегі ретінде қарады. Тарихтағы болған оқиғалар біреу үшін
қайғы қасірет алып келсе, біреу үшін қыйындықтан шығуға оңай шешімдер алып келеді. Дәл сол сияқы
Ресейдегі азаматтық соғыстың басталуы (1917) және сол кездегі әскери
қолбасшылардың бірі Барон
Унгерн фон Штернберг бастаған Ресейдің ақ армиясының азиялық атты әскер дивизиясы Моңғолия
жеріне кіріп келуі, соның нәтижесінде көп уақыт өтпей ақ Барон Унгерн бастаған әскери топ қытай
партизандарынан Да Хүрээ қазіргі (Ұлан-Батыр)-ды босатып алуы, сол кездегі Моңғол халқы үшін бір
баспалдақ болсын алға басуына зор үлесін тигізді. Сол үшінде Барон Унгерн бүгінде Моңғол халқы үшін
тарихи тұлға. Негізі Барон Унгерннің жеке басына қатысты әркім әр түрлі көзқараста
[1].
Саяси қайреткер
болғасын оның жасаған ерлігі де қателігінің де болуы да заңдылық деп қабылдауға да болатын шығар.
Осылайша Да Хүрээ-ні өз иеліктеріне алған Моңғолдар Богданы хан сайлады.
Яғни бұл кезде хандық
жүйе әлі жалғасып жатқан және Богд Моңғол тарихындағы соңғы ханы болып қалды. Сонымен қатар
1921 жылдың 3 айдың 1 де ресми түрде Моңғол халық партиясы құрылды. Уақытша үкімет құрылып
партия төрағасы ретінде Данзан, премьер-министр ретінде Чагдаржав, сыртқы
істер министрі ретінде
Бодоо және халық армиясының генералы ретінде Сүхбатар тағайындалды. Осылайша Моңғолдар тәуелсіз
мемлекет құру жолындағы алғашқы қадамдарының бірін жасады. Бірақ Моңғолия тәуелсіздігін әлемде
ешбір мемлекет мойындамады, тәуелсіз ел болудың кейбір критерилеріне сай емес деп танылды. Ресей
империясының сыртқы істер министрі Д.Сазанов сынды адамдар Моңғолдарды тәуелсіз мемлекет болуға
тарихи тұрғыдан дайын емес тіпті тәуелсіз мемлекет болуға қауқарсыз деген пікірде болды. Себебі әскер,
қаржыгерлер, мемлекеттік қызметкерлер де жоқ” деп қарастырды. 1921 жылдың қыркүйегінде Моңғолия
өзін әлемге тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Осы жылы 5 қарашада Моңғолия Халық Республикасы
мен Кеңес Одағы Үкіметі арасында келісімшарт орнап екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың
құқықтық негізін жасады
[2].
Бұл келісім ресми түрде «de facto, de Jure » деген құжаттамалар бойынша
іске асырылды. Моңғолия үкіметі тек Ресеймен ғана емес, сонымен қатар көптеген европалық
мемлекттермен байланыс орнатуды көздеді. 1922 жылы шығарылған “Моңғолияның максимумы” атты
жоспарында
моңғолдар Швейцария сияқты бейтарап республикаға айналады деп бекітті. Өкініштісі
осындай кезеңдерде ұлт көсемдерінің ойы идеясы сан тарапқа бөлінуі.
Атап айтар болсақ осындай
маңызды шешімдер шығару барысында
Данзанг,Бодоо,Сүхбаатар деген үш топқа бөлінді, бұлар бір
біріне тікелей қарсы шығып бір бірінен алыстап кетпесе де ұлт ішіндегі бөлінулердің, сыртқы күштердің
алауыздық тудыруына себеп болды. Мәселен сол кездегі биліктің сол жақ және оң жақ боп бөлінуі,
нәтижесінде 1928 жылы Моңғол билігіне білімі төмен Марксизм мен ленинизмді догмамен жаттап алған
жастардың келуіне алып келді. Міне осыдан бастап Моңғолия Ресейге
заңдық тұрғыда тәуелді
болмағанымен, персоналдық тұрғыда тәуелді болуына тура келді.
Осы кезеңнен бастап КСРО Монгол
халық республикасына өз саясатын жүргізе бастады. Бұл кезең Моңғол халқы үшін ең ауыр күндермен
жалғасты. Екі алпауыт империяның ортасында миллионға жетер жетпес халқы бар Моңғолияның,
тәуелсіз ел болуға деген талпынысы, халқының қайсарлығы осының бәрі азаттыққа деген асыл
армандарға толы ұмтылыс еді. 1924 жылы Богда хан қайтыс болды.
Осы жағдай елдегі біраз
мәселелердің өзгеруіне алып келді. 1924 ж. 11 айдың 26 күні Моңғолияда алғашқы мемлекеттік жаңа заң
жобасы қабылданып Моңғол Халық Республикасы деп жариялады. Моңғолияның тәуелсіздікке деген
әректеттері бұған дейін де бірнеше сатылардан өтті. Ғасырлар бойы аңсаған асыл арман жолында
қаншама боздақ құрбандыққа шалынды, қаншама қайғы қасіретті бастан кешірді әрине тәуелсіздіктің,
еркіндіктің адамзат үшін құнды болатыны да осы себепті.
Моңғол халық республикасы өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап Моңғол тарихындағы тағы бір
жаңа парағын ашты. Дегенмен заң жүзінде тәуелсіз мемлекет ретінде жариялағанымен, іс жүзінде сыртқы
күштер және ішкі келеңсіздіктерге байланысты жағдай ойлағандай болмайтыны белгілі еді. Жалпы жеке
адам болсын қоғам болсын тығырыққа тірелген сәттерде бұл неге бұлай? Не үшін осындай сәтсіздіктер
болады? Не себепті? деген сияқты заңды сұрақтар туындайтыны анық.
Осы сұрақтарды Моңғолия
тарапынан қояр болсақ және соған қатысты себептерді атап көрсетуге болады. Маңыздысы әрине
мемлекеттің географиялық орналасуы.
Мемлекеттің орналасу концепциясында екі күрделі ұғым бар: саяси және географиялық. Осы
ұғымдар бойынша қарастыратын болсақ кез келген мемлекет үшін көршілес шекаралас мемлекеттер,
және сол шекаралас елдің күші, олардың саяси көзқарасы деген үш параметрмен сипатталады.
Моңғолия тарихтағы айдаһар және аю деген атпен мәлім екі үлкен мемлекеттің ортасында
орналасқан. Сонымен қатар Ресей мен Қытайдың саяси ұстанымы да Моңғолия үшін қауіпті болды.
Себебі ол екеуі де Моңғолияны өз территориясына қосуды басты мақсатта ұстады. Моңғолияны өз