ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 55
[4].
Мал мүлікті тәркілеу, яғни мал мүлік үкіметтің еншісі болуы керек, барлығын үкімет басқарады
қарапайым халық үкімет үшін еңбек етеді деген социалистік жолмен даму бағдарламасы үкімет пен
халық арасында қарсылық туындатты. Себебі зиялы қауым Моңғол халық республикасының социалистік
жолмен яғни кеңестік даму жолына қарсы болды. Зиялы қауымның кейбірі социалистік қоғам құру
Моңғолия үшін тиімсіз екенін оның оң нәтиже бермейтінін алға тартты. Міне осы себепті қарсы
көзқарастағы адамдарды биліктен тайдырып қатаң жазалар ұйымдастырды. Халықты өз саясатына
бағындыру, өз дегендерімен жүргізу үшін сол қоғамдағы сенімді тұлғалардың көзін жоюу сол арқылы
қоғамға жаңа түсініктер енгізу, қоғамды басқа арнаға бұруды басты назарда ұстанды. Осы кезеңдегі
репрессияға ұшыраған адамдардың жасын алып қарайтын болсаңыз дені 30-60 жас аралығы. Неге? Себебі
бұлардың бәрі білімді азаматтар болды олар діни тұрғыда, ғылыми тұрғыдан да халыққа жол көрсете
алатын тәжрибелі азаматтар болды. Олар ешкімнің айтқанына көнбейтін, ешкімгің езгісіне шыдамайтын
өздеріне сенетін қайсар тұлғалар болды. Бұлардың бәрі кешегі Қытайдан бөлініп шығуға ықпал еткен
өмірде еркіндіктен асқан құнды ештеңе жоқ деп түсінетін адамдар еді. Міне сол үшінде олар Ресей
саясатына қарсы болды
[5].
Осылай басталған қарама қайшылық 1932 жылғы Моңғолияның батыс
аймақтарындағы болған қарулы көтерілістің болуына әкеліп соқтырды. Бұл оқиға XX ғасырдағы
Моңғолия тарихында ең елеулі оқиғалардың бірі болды. Себебі бұл қаншама адамның кінәсіз атылып
кетуіне қаншама адамның өз елінен жыраққа босып кетуіне әкеліп соқтырған қанды оқиға болып сана-
лады. Және осыған қатысты қаншама тарихи құжаттар әлі күнге дейін жасырын жатқаны тарихшылардың
бұл тақырыпты осы уақытқа дейін зерттеуіне әсер еткен болса керекті. Салдарынан екі тарапта көптеген
адам шығынына ұшырады. Осы көтеріліс барысында жалпы саны 4200 адам өлім құшты. Көбі майданда
оқ құшса, көбі шайқастан кейін ату жазасына кесілді. Сонымен қатар 45 ке жуық ауыл әкімшілік
орындары, аурухана, мектеп, мәдениет үйі, сауда орындары қиратылды. Осы жағдайдың бәрі ел эконо-
микасыныңа айтарлықтай тежеу жасады
[6].
Бұл оқиға Моңғолия тарихындағы болған ең ірі қарулы
көтеріліс болып саналады. Осылай халықтың қарсылығынан туындаған көтерілстер, бағынбаушылық
және оны басуға қолданған қарсы күш көрсету процесесі Моңғолия тарихындағы репрессия, жазықсыз
жазалау қозғалысы болып саналады. Моңғол тарихында болған жалпы саяси қуғын сүргінді 3 кезеңге
бөліп қарастырады.
I. 1922-1939 жж.
II. 1940-1955 жж.
III. 1956-1990 жж.
Жалпы репрессияға ұшырағандардың санын айтар болсақ репрессияның шарықтау шегі 1937-1939
жылдары 22-35 мың адам, жалпылама саны ең көбі 100 000 адам қаза тапты деп есептеледі. Алдыңғы
көрсеткіш сол кезде Моңғолия халқының үш-төрт пайызын құрады. Оның 18000-ы монахтар болды
[7].
Сондайақ жазушылар мен ғалымдардың еңбектеріне тыйым салынды. Осы репрессияның нәтижесінде
моңғолдың сол кездегі ұлы зиялылары тұтқындалып, жазаланды, олардың көпшілігі өлім жазасына
кесілді. Тарихи және мәдени құнды ескерткіштер болып табылатын жүздеген ғибадатханалар да
коммунистік зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. Қуғын сүргінде тек Моңғолдар емес жалпы
Моңғол құрамындағы қазақ, буриадтар сынды барлық ұлт азаматтары қамтылды. Айталық Мурэн қала
маңында жаппай жерленген қабірде 5 мыңға жуық атылған монахтардың сүйектері табылаған. Яғни бұл
сол кезеңдегі моңғолияның ересек азаматтарының
1% құраған [8].
Моңғол халқына қарсы жасалған бұл
геноцид «интеллектуалды адасушылық» деп аталды. Осылайша сыртқы күштердің қысымы, сонымен
қатар ішкі сатқындықтарға тап болған Моңғол қоғамы КСРО ның ықпалында болуына тура келді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей Социализмнің алғащқы кезеңдердің маңызды оқыйғасының бірі Моңғол
қоғамын жаппай қамтыған мал мүлікті ұжымдастыру мәселесі болды
[9].
Яғни барлық мүлік мемлекет
меншігінде болуы тиіс бай кедей тең дәрежеде болу керек және барлық адам мемлекет үшін қызмет ету
керек деген ұранмен барлық жеке меншікті мемлекет мүлкіне айналдырды. Ұжымдастыру қозғалысы
жүздеген жылдар бойы көшпенді болған моңғолдар үшін оңай болған жоқ. 1950 жылдарға дейін
малшылар мен олардың малдары кооперативтерге тартыла берді. 1928 жылдан басталған жаппай
ұжымдастыру мәселесі 1959 жылы аяқталды. Нәтижесінде республика бойынша 389 бірлестік орнады.