Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж. 54
әрине тәуелсіздіктің, еркіндіктің адамзат үшін құнды болатыны да осы себепті. Осылайша Моңғол халық
республикасы өз тәуелсіз ресми түрде жариялап Моңғол тарихындағы тағы бір жаңа парағын ашты. Бірақ
өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялағанымен басындағы бұлт жақын уақытта сейілмейтінін сезді. Сол
үшінде Моңғол халық республикасы Кеңес Одағына арқа сүйеуден басқа амалы қалмады. Моңғолияны
Кеңес Одағынан басқа ешкім мойындамады және оған тәуелсіз мемлекет ретінде аяғынан нық тұру үшін
әлі де көп нәрсе жасау керек болды. Моңғол халық республикасы мемлекеттік даму жолында еуропалық
модельді ұстанғысы келгенімен экономикалық жағдай, сыртқы күштерден қорғану үшін амалсыздан
Ресей империясының көмегіне жүгінді. Ал КСРО тарапынан алып қарайтын болсақ Олар Моңғол халық
ре-89 «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция
спубликасын тәуелсіз мемлекет ретінде мойындағанымен өз құрамына кіргізуді басты назарға ұстады.
1924 жылы Моңғолия халық партиясы (МХП) -ның ІІІ съезінде капиталистік даму жолы Моңғолия үшін
қолайсыз деп жарияланды және партияның елдің капиталистік емес дамуы туралы жалпы бағыты
жарияланды. Соған сәйкес 1925 ж. моңғол халық партиясының аты моңғол халықтық революциялық
партиясы болып өзгертілді. Осы жылы МХРП-ның IV съезінде партия бағдарламасы қабылданды, онда
феодалдық тапты жою, елдің экономикалық тәуелсіздігін жеңіп алу, социализм идеологиясы және
феодализм құру үшін экономикалық алғышарттар құру міндеті қойылды. Моңғолия КСРО-да жүргізілген
шараларға назар аудара отырып, социалистік қайта құрулар жолына түсті. 1924 жылғы МХП-дің алғашқы
Конституциясы феодалдық жер иеліктерін жойды. Осылайша Ресей империясы барлық салаларға өз
саясатын белсенді түрде жүргізе бастады. Тіпті бой ұсынбағандарды түрлі жала жауып аяусыз жазалады.
1922 жылы басталған саяси қуғын-сүргіннің белді кезеңі 1933 жылғы Лхумбе ісі болды. Ж.Лхумбе
партияның орталық комитетінің хатшысы болған. Ж.Лхумбе мен іске қатысқан басқа адамдардан
алынған айғақтарға сәйкес олар Жапондық барлау агенттігін құрып, революцияға қарсы қарулы
көтеріліске дайындалуда деген дәлелсіз жала жабылды. Бұл жағдайға байланысты саяси, партиялық,
әскери қызметкерлер және жүздеген бейбіт тұрғын қудаланды.Моңғол тарихында бейбіт халықтың өмірін
жалмаған осы саяси қуғын сүргінді 3 кезеңге бөліп қарастырады. • 1922-1939 • 1940-1955 • 1956-1990
Жалпы репрессияға ұшырағандардың санын айтар болсақ репрессияның шарықтау шегі 1937-1939
жылдары 22-35 мың адам, жалпылама саны ең көбі 100 000 адам қаза тапты деп есептеледі. Алдыңғы
көрсеткіш сол кезде Моңғолия халқының үш-төрт пайызын құрады. Оның 18000-ы монахтар болды.
Сондайақ жазушылар мен ғалымдардың еңбектеріне тыйым салынды. Осы репрессияның нәтижесінде
моңғолдың сол кездегі ұлы зиялылары тұтқындалып, жазаланды, олардың көпшілігі өлім жазасына
кесілді. Тарихи және мәдени құнды ескерткіштер болып табылатын жүздеген ғибадатханалар да комму-
нистік зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. Қуғын сүргінде тек Моңғолдар емес жалпы Моңғол
құрамындағы қазақ, буриадтар сынды барлық ұлт азаматтары қамтылды. Қуғын сүргінде көбі 40-60 жас
азаматтары ұшырады. Яғни 40-60 жастағы адамдар бәрі моңғол дәстүрін бойына сіңірген Моңғол
халқының енді ешкімнің езгізінде болуды қаламайтын зиялы қауым еді. Моңғол халқына қарсы жасалған
бұл геноцид «интеллектуалды адасушылық» деп аталды. Осылайша көкірек көзінен айрылған Моңғол
Халық республикасы КСРО ның ықпалында болуына тура келді. Социализмнің алғащқы кезеңдердің
тағы маңызды оқыйғасының бірі Моңғол қоғамын жаппай қамтыған мал мүлікті ұжымдастыру мәселесі.
Яғни барлық мүлік мемлекет меншігінде болуы тиіс бай кедей тең дәрежеде болу керек және барлық адам
мемлекет үшін қызмет ету керек деген ұранмен барлық жеке меншікті мемлекет мүлкіне айналдырды.
1928 жылы басталған ұжымдастыру қозғалысы жүздеген жылдар бойы көшпенді болған моңғолдар үшін
оңай болған жоқ. 1932 жылы ұжымдастыру қозғалысына қарсы үлкен қарсылық болды бірақ ұжым-
дастыру саясатын тоқтата алмады осылайша 1950 жылдарға дейін малшылар мен олардың малдары
кооперативтерге тартыла берді. Осы жылдар аралығында «сталиндік» репрессия орын алды 1937-1939
жж. Яғни репрессия жылдарының алғашқы кезеңі аяусыз қанды қырғынның шарықтаған шегі болып
саналады. 1928 жылдан басталған жаппай ұжымдастыру мәселесі 1959 жылы аяқталды
Моңғолия КСРО-да жүргізілген шараларға назар аудара отырып, социалистік қайта құрулар жолына
түсті. 1924 жылғы МХП-дің алғашқы Конституциясы феодалдық жер иеліктерін жойды. Осылайша Ресей
империясы барлық салаларға өз саясатын белсенді түрде жүргізе бастады
[3].
Бағынбағандарды
қызметінен айыру, жер аудару немесе өлім жазасына кесу сынды қатаң жазалауларды қолданды.
Социалистік қоғам құру идеясы жергілікті халықты үлкен дүрбелеңдікке алып келді.
Моңғол
революциясын кеңестік үлгіге енгізу
үшін Моңғол үкімет басындағы көшбасшыларын репрессияға
ұшыратып. Данзан, Бодо, Дамважав секілді сол сәттегі беделді тұлғаларды жоғарғы лауазымдардан
босатты. Коминтерн шарты бойынша д
воряндардың, ұлттық буржуазияның, зиялы монахтардың мүлкі
әлеуметтендірілді (құны 10 млн. теңге болатын жылжымайтын мүлік). Нәтижесінде 1928-1932 жылдар
аралығында Моңғол экономикасының негізгі көзі болып есептелетін
6 миллион мал басы шығындылды