Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет85/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
81 
2000 жылдың басында қаражат тапшылығы және республика Үкіметінің «Қазақстан Республика-
сында білім беру мен ғылымды интеграциялау жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген 
ЖОО жүйесін одан әрі оңтайландыру шаралары нәтижесінде тағы да 9 ЖОО ірі аймақтық универси-
теттер мен академияларға қосылды.
Бұл шешімнің мақсаты Астана, Алматы қалалары мен респуб-
ликаның 10-12 аймақтарында мемлекет қаржыландыратын ЖОО-лардың ірі орталықтарын құру болды.
32 ЖОО жекешелендіруге жатқызылмайтын болып белгіленді. Қалған 40-қа жуық жоғары мектеп бірте-
бірте жекешелендірілуі және жеке меншік ЖОО-ға айналуы тиіс болды [8]. 
Жалпы әлеуметтік-экономикалық сілкіністерді білім беру жүйесінің басқа буындарына қарағанда 
жоғары мектептер аз шығынмен бастап өткерді. Тіпті бірқалыпты сипатта дамыған жоғары мектептер 
жүйесінің жедел кеңеюі жүріп, нәтижесінде 2005 жылға қарай Қазақстанда 181 ЖОО жұмыс істеді 
(академиялар, университеттер, консерваториялар). 
Дегенмен, көптеген мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының білім беру мекемелерінің қызметіне 
қойылатын талаптарға жауап бермейтінін және оқу процесін тек табыс көзіне айналдыруға әрекет 
жасайтынын атап көрсеткен жөн. Соған байланысты елімізде мамандар сапасын арттыру және жоғары 
білім мәртебесін көтеру үшін ЖОО-ны лицензиялау мен аттестациялауға қойылатын талаптарды күшейту 
қажет [9].
Бұл тұста жоғары білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін соңғы нормативтік актілердің бірі 
ретінде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеу жүйесінің енгізілгендігін атап өтуге болады. 
Оның басты міндеті оқу орындарының тұрпаты ( жоғары оқу орны) мен түрі (институт, академия
университет) бойынша бекітілген оқу бағдарламаларының тізімі негізінде жоғары мектептердің 
түлектеріне мемлекеттік үлгідегі білім алғаны туралы құжаттар беру құқығына ие болған жоғары 
мектептердің статусын мемлекеттің тануы болды. 
Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2001 жылы 24 
қарашаға дейін еліміздегі аккредиттелген жоғары оқу орындарының қатарына ұйымдастыру-құқықты 
формалары мен ведомствалық бағыныштылығына (39 мемлекеттік және 20 мемлекеттік емес) тәуелсіз 59 
университет, академиялар мен институттар кірді. Мамандар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша 
жетекші болып саналатын олардың біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамы, мол кітапхана
қоры, жақсы оқу-дәрісхана базасы, бүкіл дүниежүзілік Интернет жүйесіне қосылған қазіргі заманғы 
компьютерлермен жабдықталған сыныптары бар, жоғары білім алуға талпынатын жастарды да өздеріне 
тарта алады [10].
Қазақстанның жоғары оқу орындарының ұсыныстары мен тілектерін ескерген ҚР БҒМ білім беру 
ұйымдарының қызметін кешенді бағалау үшін ақпараттар берудің арнайы формасын (қалпын) әзірлеп, 
бекітті. Жұмыс тобы жинап, есептеп, талдаған 19 интеграцияланған көрсеткіштің 5-уі аккредиттеу үшін 
міндетті, ал қалған 14-не 8 көрсеткіштің сәйкес келуі аккредиттеу үшін жеткілікті деген шарт қойылды. 
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің мониторинг және бақылау Департаменті
ұсынған деректерді талдау бағалау өлшемдеріне неғұрлым жиі сәйкес келмейтін көрсеткіштерді 
анықтады. Олар: 
1. ПОҚ бірлігіне ҒЗЖ-ның қаржыландырылуының жалпы көлемі (мың теңге) – 18 жоғары оқу орны 
сәйкес келмеді. 
2. Келтірілген контингенттің әр студентіне келетін негізгі қорлардың (мың теңге) жалпы құны – 14 
жоғары оқу орны сәйкес келмеді. 
3. Келтірілген контингенттің 100 студентіне шаққандағы докторанттар мен доктор ғылыми дәрежесін 
ізденушілер санының катынасы – 24 жоо сәйкес келмеді. 
4. Ғылыми дәрежелері және атақтары бар ПОҚ құрамындағы ғылыми дәрежелері және\немесе 
ғылыми атағы бар жас оқытушылар (35 жасқа дейін) пайызы – 39 ЖОО сәйкес келмеді.
5. ПОҚ-ның 100 адамына келетін шетелдік басылымдардағы жарияланымдар саны – 23 ЖОО сәйкес 
келмеді. 
6. Келтірілген контингенттің 100 студентіне келетін Pentium санатындағы дербес компьютерлер 
саны – 18 ЖОО сәйкес келмеді. 
7. Келтірілген контингенттің 100 студентіне келетін Интернет жүйесіне қосылған компьютерлер саны 
– 28 ЖОО сәйкес келмеді [11].
Келтірілген деректер аспирантура мен докторантура арқылы жас ғылыми-педагогикалық 
мамандарды даярлау мен олардың мамандығын көтеру, материалдық-техникалық және ақпараттық-
әдістемелік базаны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржы-
ландыру көлемін көбейтуде жоғары оқу орындарының қызметін жандандыру қажеттігін дәлелдейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет