Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет117/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
115 
Мысалы, АҚШ-тың ұлттық идеясы АҚШ-ның президентінің халыққа жолдауында құрылады. 
“Монро доктринасында” немесе “Рузвельт доктринасында” ол ұсынылатын. Негізінен үнемі негізігі бір 
тұйінді ой – АҚШ-тың әлемдік жетекші және шиеленіске түскен өзге елдер арасындағы арбитр болу 
идеясы қарастыралатын. Осы мақсатқа жету АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын анықтайды.
Францияда бұл ұлттық идея генерал де Гольдің ойы “Отандық Европа” болып саналады. Мазмұны – 
Еуропаның бірігуі тұжырымына әкеледі. Дей тұрғанмен мемлекет өзінің ұлттық ерекшелігін сақтау 
керектігін назарға алған. Осы негізде Франция өзінің бұрынғы айбындылығын қайтарады дейді. 
Франция пікірінше одақтасқан Еуропаның басында Париж болу керек.
Қазақстандық қоғамдық пікірдің тарихында негізгі қарастырылатын мәселелердің бірі - Қазақстан-
ның тарихи дамуы және қазақ халқының тарихи көршілері мен адамзат арасындағы рөлі. Осы мәселе 
бойынша, “ұлттық идея” түсінігі мемлекеттіліктің өзіндік сана-сезімнің концептуализация тәсілі және 
қазақстандық ұлттық идеяның түрі ретінде маңызды рөл атұарады. Көптеген уақытқа ұмытылған түсінік 
қазіргі уақытта елімізде ғылыми жұмыстарда, сонымен қатар оқырмандарға арналған газет-журналда өте 
жиі кездеседі. “Ұлттық идеяның” тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы туралы ғалымдар, жазушылар 
және саяси жетекшілер көп талқылайды. 
Нақты “ұлттық идея” терминнің мәнін әр автор өзгеше қарастырады. Мысалы: “ортақ мүдделердің
лебізі” (Л.И. Абалкин), “кейбір фундаменталды құндылықтарды білдірудің контурлы ортақ танылған 
көзқарастар ”(А.В. Кива), “адамдардың ұлттық мүдделердің және әлеуметтік мақсаттардың түсінуі” 
(Г.В. Осипов), “ ұлттың өмір сүруінің мәнін түсіндіретін ашылған тарихи позиция” (В.Н. Катасонов), 
ұлттық идея дегеніміз – тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгінгінің талабын тарихта кеткен 
қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу. 
(Алдан Смайыл).
Батыстың саясаттану ілімі мен философиясында кең зерттелген орыс идеясының тереңіне назар 
аударайық. Ресей ғұламаларының бәрі ұлттық идеяға халықтың өткен кезеңдері мен нақты орыс идеясы 
әуелде ұлттың тарихи санасымен қауыштыру және этникалық жетілдіру мақсатын көздеді, оған Ресейді 
құтқару деген түсінік берді.
Ұлттық идея шын мәнінде – ұлтты құтқару идеясы. Н.М. Карамзиннен Н.А. Бердяев, Н.С. Трубецкой, 
И.А. Ильинге дейінгі Ресей тарихшылары мен ойшылдары аталған идеяны тек осы мақсатпен іздеді, 
“Ортақ мұрат философиясы” деді, орыстың жеке-жеке әлеуметтік топтарының мүддесін бір ұлттық 
мүддеге біріктіруге күш салды. Келе-келе бұл талпыныс тұтас философиялық категорияға айналып, үш 
негізге: халықтың тарихи тәжірибесіне, православия дініне, неміс диалектикасына сүйенді.
Бұдан шығатын қорытынды ұлттық идея – халықтың уақытша қиындықтары мен кезеңдік қажеттік-
терін өзек ете салатын тыз етпе идея емес, халықтың бері салғанда ғасырлық, әрі салғанда дәуірлік 
мұратын айқындайтын, келер ұрпақтарға да шамшырақ бола алатын заманалық рухани философия.
Әлемдегі ірі мемлекеттердегі ұлттық идея қалыптасуының тарихына шолу жасайық. Олардың ішінде 
Францияның “Еркіндік. Теңдік. Ағайындық” идеясының пайда болуы және мәні, АҚШ-тың әлемге 
демократины тарату идеясының маңызын, Германияның культуркампф идеясының пайда болуын 
қарастырайық. Барлық уатылу кезеңдерінде әр халық уақытқа сай біріншеден өзінің ұлттық ерекшелігінің 
экстрополяция параметрін нақты анықтап, оны ұлттық идеяда жүзеге асырайды. Француздар өз кезінде 
өзінің ұлттық идеясын “Еркіндік. Теңдік. Ағайындық” ретінде анықтаған [19].
Ұлттық идеяның пайда болу туралы тағы да айтатын болсақ, онда постреволюционды Францияны 
қарастыруға болады. Идеяның пайда болуы ұлттың айбындылығы ретінде емес, ол модернизацияның 
мемлекет алдында қойған психологиялық қиын мәселелерді шешу мақсатында қалыптасқан. Франция 
қиын экономикалық және саяси дағдарыста болды. Ауылшаруашылық инфляциядан азап көріп, 
қалаларда азық-түлік жетпеген. Ал билік сол уақытта еркіндік, теңдік, ағайындық идеяларын талқылаған. 
Дағдарыстың өсуімен дискуссиялар революционистер арасында қанды талауларға дейін жеткен. Осы 
талаулар бұқаралық репрессиялармен аяқталды. Еуропа мемлекеттерінің арасында ең беделді болған 
мемлекет сол уақытта кезкелген тыныш, бірқалпы өмірмен сүрген көршісіне қызыққан болатын. 
Сонымен бірге Францияның жас ұлттың өмір сүруіне қауіп-қатер төндіретін, шетелдік интервенция 
омыраулаған. Осы ахуалда элита қиын психологиялық дағдарысқа түсіп, осы дағдарыстың шешімі 
қоғамдық консалидациясы болатын. Франциялық революцияға бір жарым ғасыр бұрын ағылшын 
революциясы өтті. Ол да мемлекеттің модернизациясымен тура байланысқан болатын. Революция 
көрінбеген катаклизмалармен және қиыншылықтармен өтетін. Бірақ, Англияның еуропалық мемлекет-
терден аралды орналасуымен байланысты өзінің ұлы Ұлттық идеясын қалыптастырмаған. Оливер 
Кромвель көршілеріне протестанизм рухын кіргізу үшін еуропалық істерге қатысуын көздеді. ХVII 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет