Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет118/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
116 
ғасырдың Ескі Дүние (Старый Свет) мемлекеттерінінің көбінің негізгі мәселесі діни шағылыс болатын. 
Бірақ лорд-протектор өзінің жоспарын жүзеге асыра алмай, Англияда қол соғұлмау идеясы доминатты 
болып қалады. Францияда осындай жағдай бола алмас еді. Себебі, Париж өзінің негізгі қызметі ретінде 
Еуропа тағдырын шешу болса, сонымен қатар Еуропа да Париж тағдырын шешуге қол сұғылмай отыра 
алмады. Ақырындап француздардың өздерінің алауыздықтан көрген азабы бүкіл адамзат үшін азап идея-
сына көшкен. Христиандақ дәстүр бойынша Құдай адамзаттың күнәсі үшін кресте керіп шегелеп тастаған 
болса, осы азап ету идеясының трансформациясы табиғи болып көрінген. Франция өзін керіп тастаған деп 
сезінгеннің себебі – бүкіл әлемге еркіндік, теңдік, ағайындық идеясын әкелгені. Азап етудің мәні де пайда 
болды. Саяси ұрандардың бәсекейлесі, сәтсіздікке ұшараған ақшалық эксперименттер – осының барлығы, 
еуропаның ең озат ұлттың ырысына түскен, ұлы миссияның элементтеріне айналды. Патриоттық рух 
қоғамның жүрегіне еніп, интервенция жеңілді. Сонымен қатар, француздық революционды әскері 
“Марсельеза” дыбыстарымен, жеккөрген тирандармен басқарылған көрші елдеріне революцияны әкелді. 
Кейіннен наполеондық әскері дәл сол идеяны трансформацияға ұшыратып, азаматтық кодекс пен бур-
жуазиялық еркіндіктерді феодалды бағдарлармен реттелген кәдімгі құқық басым болатын жерлерге әкел-
ді. Орталық және Шығыс Еуропаның дворяндық элитаға Бонапарт монархтардың мұрагерлік құдіретті 
құқықтың узурпаторы ретінде болған. Бүкіл әлемді тираниядан құтқаратын ұлттық идеяға бағынған 
фрацуздар үшін керісінше мұрагерлік монархтар узурпаторлар болды. Наполеон ұлттық рухты кейіптей-
тін (персонофикация), еркіндік, теңдік, ағайындық идеясынының бүкіл комплексін жүзеге асырайтын
авторитарлы лидерге айналады. XVIII-XIX ғасырларда пайда болған француздардың ұлттық идеясы 
қазіргі күнге дейін өзгерілмей келе алмады. Бірақ идея түгелдей мағынасын жоғалтты деп айта алмаймыз. 
Мемлкет ұлы держава болмай, бүкіл әлемге бейбітшілікті әкеле алмайтын болды. Бірақ өз тарихының 
ұлы кезеңі халықтың санасында түгелдей ұмытқар емес. “Ұлы галлдардың” ұлттық мақтанышына 
алғашқы соққы - наполеондық әскерінің өлімі және Бурбанов реставрациясы болды. Бірақ Наполеонның 
өлімімен ұлттық идея өлген жоқ. Бірнеше онжылдықтар ішінде француздық қоғам әртүрлі мақсаттарға 
бағытталған шағылған болып қала берді. Бонапартистер, республикандықтар, лигитимистер (Бурбанов 
жақтастары), орлеанистер (Луи Филип мен орлеандық династиясының жақтастары) бір-бірінің арасында 
бәсекейлесіп, әр қайсысы мемлекетке дағдарыстан шығу жолдарын ұсынған. 1848 жылы Республиканың
жаңғартуы республикандық идеяның әлсіздігін көрсетіп, империяның қайта өркен-денуіне әкелді. 
Бонапартизмның ренессансы алғашында әсерлі болды. Бірақ екі онжылдықтан кейін Ұлы Франция жаңа 
соққы алып, қайтадан өрлене айналмайтын болды. Немістер ІІІ Наполеонның әскерін жойып, 70 жылдан 
кейін – Екінші ұлы соғыс кезінде бір идеяға біріккен француздардың уақыты өткенін көрсетті. 
Француздар енді еркіндік, теңдік және ағайындық идеясын әлемге ұсына алмайтынына көз жетті. 
Францияда ұлы мифтың трансформациясы өтті. Осы трансформация Үшінші республика кезінде 
(ХІХ ғасырдың 70-шы жылдары) басталып, Шарль Де Голль (1958-1969) президенттілігі кезінде өз 
аяқтауына жетті. Миссиандық лаврларға, еркіндік, теңдік, ағайындық принциптерінің жүзеге асырылуына 
үміткер бола алмайтын таза буржуазды республика, қоғамның санасында революционды республиканың 
заңды қабылдағышына айналды. Осындай республикаға қарсы болған кез-келген әрекет қорқынышты 
консерватизм, революцияны жеңіп алуына қастандық жасауы ретінде қарастырылған. ХІХ ғасырда сәтсіз 
“бонапарт” Генерал Буланженің қызметі дәл осындай анықмаға ие болды. Ал генералдар және офицер-
лердің ХХ ғасырдағы 50-60 жылдары арабтарға Алжир жерлерін бермеу әрекеттері француздардың кең 
қабатының адекватты емес көңіліне айналды. Генерал де Голль Алжирді “жауға” беріп, халықтың есінде 
бәрібір ұлы президент ретінде қалды. Неге осындай жағдай мүмкін болды? Себебі қоғам өзгеріске 
ұшырады. Ол модернизацияның психологиялық комплекстерінен өтіп, өзге құндылықтармен өмір сүретін 
болды. Пролетариатқа өз мақсаттарынан басқа да жоғалтуға мүмкін болатын құндылықтар да пайда 
болды. Қазіргі кезде постиндустриалды қоғам жағдайы кезінде пролетариат та трансформацияға ұшыра-
ған. Сондықтан пайда болған күйдегі ұлттық идея қазіргі кезде Францияға қажетті емес. Жалпы 
айтқанда француздар XVIII-XIX ғасырларда ұлы идеяларға бай халық қазіргі таңда өзінің ұқсастылығын 
(идентичность) анықтау үшін ауыспалылы идея қажет. Осыдан да трансформация да пайда болды. Осы 
трансформация Францияны бейбіт, буржуазды жетекшілік идеясына әкелді. Париж ең басынан Ортақ 
нарық құру ісінде саяси доминатты орын алды. Және бүгінгі Евросоюздің кеңеуі, интеграциялық 
жікшілдіктің құруы, АҚШ-пен бәсекейлес бола алатын Франция қазіргі уақытта бүкіл әлемді бақытты 
қылуға тырыспай, өз мемлекетін байытуға тырысады. Еркіндік, теңдік және ағайындық идеясының
трансформациясының негізінде Еуропалық үйдің құрылуы 200 жыл бұрын қалыптасқан Францияның
ұлы ұлттық идеяның реинкарнациясы болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет