ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
167
зерттеушілерден бұл тақырыпта қалам тербеген тарихшыларға ғана тоқталмаймыз. Солардың қатарында
саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, халықаралық қатынас саласымен айналысатын авторларды да атап
өтеміз. Отандық зерттеушілер Тоқаев Қ-Ж.К., Сайлау Батыршаұлы, Мұхамедов М.Б., Нұрсұлтанова Л.Н.,
Сомжүрек Б.Ж., Байзақова К.И., Хан Г.Б., Медеубаева Ж.М. және басқалары өз еңбектерінде сыртқы
саясат,
халықаралық байланыстар, көпжақты қатынастарды талдайды. Салмақты тарихи еңбектерде
Қазақстан Республикасының әлемдік саяси үдерістің толық құқылы мүшесі болып қалыптасуы кезеңін
зерделеуге, Қазақстанның
сыртқы саясатын айқындауда, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, оның
геосаяси ерекшелігі факторының әсері мен рөлін зерделеуге Әкімбеков С.М., Әшімбаев М.С., Алтынбаев
М.К., Бакаев Л.К., Иватова Л.М., Лаумулин М.Т., Сұлтанов Қ.С. сияқты ғалымдар еңбектері елеулі үлес
қосқаны айтылады [1, 25 б.].
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты жеткілікті зерттелген тақырып болып
табылады. Бұл мәселенің ауқымды отандық тарихнамасы бар. Отандық зерттеушілер Тәуелсіз Қазақстан
тарихының түрлі кезеңдеріндегі республика сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын,
негізгі бағыттарын жан-жақты талдады. Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің проблемаларын жүйелі
зерттеудің бастауында негізінен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі және Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясы, Әлемдік саясат және экономика институты,
Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері институы талдау еңбектері, Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универси-
теті ғалымдарының зерттеу еңбектері біз көтеріп отырған проблеманы ашуға айтарлықтай үлес қосты.
Алайда осы бағытта тәуелсіздіктің алғашқы онжылдықтарындағы
сыртқы саясат тарихнамасы,
солардың қатарында тарихшы ғалымдардың үлесі әлі де толық зерттелмей келеді. Сыртқы істер
министрлігі қызметкерлері өзінің кәсіби міндеттеріне байланысты елдің сыртқы саяси қызметінің әртүрлі
аспектілерін айқындауға арнайы зерттеулер жасады. Олардың сыртқы саясаттың түрлі бағыттары мен
мәселелері бойынша ғылыми ізденістері монографиялар мен мақалалардың жинақтары түрінде
жарық
көрді. Отандық ғылымда халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат туралы монографиялар мен
ұжымдық басылымдар аясында қалыптасу мен бастаулары, басымдықтар мен бағыттарды талдап қорыту
тәжірибесі қалыптасты. Жоғарыда айтылғандардан елімізде мемлекеттің сыртқы саясатын зерделеу
жүйелі, ұйымдасқан түрде жүргізіліп отырғандығын көре аламыз. Республиканың сыртқы саяси қызметі
тарихын
зерттеу мектептері пайда болып, Қазақстанның сыртқы саясат туралы ғылымы ғылыми-
практикалық білімнің жеке саласы ретінде қалыптасты деп қорытынды жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: