Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет173/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Ж.М. Медеубаеваның «История формирования внешнеполитической доктрины Республики Казахстан 
(1991-2010)» монографиялық еңбегін де атап кетуге болады. Еңбекте тәуелсіздік алған кезден бастап 2010 
жыл аралығындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси Доктринасын қалыптастыру тарихы 
талданады. Елдің халықаралық аренадағы тәртіптік ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы және ішкі 
факторларды зерттеуге ерекше назар аударылған. Тұңғыш рет халықаралық қатынас маманы ретінде 
сыртқы саясаттағы «экзогендік» (сыртқы күштер арқылы өзгерген) және «эндогендік» (ішкі себептерден 
туындаған) факторлар деген терминдерін өзінің еңбегінде қолданған. Қазақстанның қалыптасу процесі 
халықаралық қатынастардың акторы ретінде көрсетілген. Кітаптың кіріспе бөлімінде, Тәуелсіз даму 
жылдарында сыртқы саясат Қазақстан қоғамының эволюциясы, сыртқы саясат мәселелеріне деген 
мемлекеттік көзқарастар және халықаралық байланыстарды одан әрі кеңейту процесінде тұжырымдама-
лық ресімдеу мен доктриналыққа ие болды. Халықаралық байланыстар саласында ҚР доктринасының 
қалыптасуы институционалдық жағдайлар жасаумен және сыртқы саясаттағы өзекті проблемаларды 
шешумен байланысты болды. ХХІ ғасырдағы көпвекторлы саясаттың эволюциясы Қазақстанға әлемдік 
саясат субъектісінен өңірлік ауқымдағы халықаралық қатынастардың акторына айналуға мүмкіндік берді-
деген ойларын білдірген. Медеубаева өзінің еңбегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты 
жеткілікті тұрғыда зерделенгенімен ҚР сыртқы саясатының проблемалары бойынша көптеген жұмыстар 
елдің халықаралық аренадағы қызметінің жекелеген жақтарын көлденеңінен, яғни географиялық, салалық 
бағыттылығынан ғана ашып көрсетеді. Ал Қазақстанның сыртқы саяси қызметін теориялық тұрғыдан 
және сатылы деңгейде қарайтын, яғни сыртқы саясатты қалыптастыру мен іске асырудың негізгі 
логикасын, үрдісі мен перспективаларын айқындайтын жұмыстардың жетіспеушілігі сезіледі-дегендей 
тұжырымдарын жасайды. Осы кезеңде Қазақстан сыртқы саясатта Медеубаевның тұжырымдарында 
тәуелсіздіктің алғашқы бес жылдығында ҚР-ның әлемдік қоғамдастықтағы саясаты, бірінші кезекте, 
әлемде және өңірдегі интеграциялық жобаларды ілгерілетуге бағытталған» - делінген [5, 10-116 бб.]. 
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында Қaзaқcтaнның әлeмдiк қayымдacтықтың тoлыққaнды мүшeci 
бoлып, бacтaмaлapы тәжipибe жүзiндe әpқaшaн кeң қoлдay тayып жәнe нaқты ic жүзiнe acыpылып 
oтыpғандығын қарастыратын М.Б. Мұхамедовтың «Қазақстан әлемдік қауымдастықта» атты еңбегін 
айтуға болады. Еңбекте Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы жақсы қарастырылған. 
Ғылыми еңбекте әлемнің жетекші елдері – АҚШ, ҚХР, Түркия, Ресей және Германия сынды мемлекет-
термен қарым-қатынастарына, ондағы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен ұлттық мүддесінің көптеген 
мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Сонын ішінде этникалық факторлар, қорғаныс мәселелері, шетел-


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
169 
дермен экономикалық және рухани салалардағы ынтымақтастық, т.б. тереңірек айтылады. Қазақстанның 
геосаяси жағдайының қолайлылығы, оның тарихи дамуындағы жаңа қадамдар, көрші мемлекеттермен 
экономикалық және этнолингвистикалық байланыстардағы алғашқы табыстары, әлемнің жетекші елдері 
тарапынан қолдау көрсетілуіне мұқтаждығы оның сыртқы саясатындағы басым бағыттарды бөліп 
көрсетуге объективті алғышарттар болып табылады. Осы басымдықтар өз деңдейінде негізделген еңбек 
деп сенімді түрде айтып кетуге болады. Автор еліміздің саяси даму жолындағы ерекше маңызды кезең 
қазақ мемлекетінің қалыптасу және халықаралық қауымдастыққа батыл ену процесін бірінші тарауында 
жан-жақты ғылыми тұрғыда талдайды. Қазақстанның халықаралық саяси тарихын қарастыра отырып, 
еліміздің алып Кеңестік империяның құрамында болуымыз еліміздің сыртқы саяси жүйемізді қалып-
тастыруға қол байлау болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз сыртқы саясаттағы әлемдік 
қауымдастық талап ететін күрделі міндеттерді шеше білді – дейді. Қазақстан үшін болашақ халықаралық 
айқындама ынтымақтастық, интеграция, өзара іс-қимыл және тату көршілік арқылы ғана сипатталатын 
болады деуге негіз бар. Мұндай саясатқа басқа балама бүгінде жоқ –деген тұжырым жасайды. Мұрат 
Бақтиярұлы Мұхамедовтың кез келген егемендікке қол жеткізген, ие болған мемлекет қысқа мерзімде 
өзін басқа мемлекеттердің, халықаралық қауымдастықтың мойындауына, тең деңгейде қарым-қатынастар 
жасауына қол жеткізу үшін күреседі-дей келе, Қазақстан Республикасы он жылдай уақыт аралығында 
халықаралық қоғамдастықта өз орнын алу жолында 800-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық
шарттар мен келісімдер жасады, көптеген әлемдік, еуропалық, азиялық саяси және эконо-микалық 
ұйымдар мен одақтарға мүше болды, қысқа мерзім мерзім ішінде әлемдік қауымдастықтың толыққанды 
мүшесі атанды» - деген дәйек келтіреді [6, 18-36 бб.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет