Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
168
бәрінен де жоғары қойылды дей келе, Сыртқы саясатымыздың алғашқы он жылдығында негізгі бағыт-
тары еліміздің әлемдік қауымдастыққа кірігуі, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның
экономикалық дамуына жәрдемдесу, отандастарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, мүдделілік
білдірген елдермен өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту болған болатын» дейді. Отандық дипломатия-
ның алдына қойған мақсаттарын әлемдік қауымдастық түсіністікпен қабылдап, жас мемлекетті қолдай-
тындығын мәлімдегенін мақтанышпен атап өту керек. Бұл еліміздің дипломатиясының үлкен бір жеңісі.
Халықаралық сахнада Қазақстанның
саяси танылуын қамтамасыз ету, міндетін жемісті түрде жүзеге
асырған. Бүгінгі Қазақстан туралы ой толғағанда өткен он жыл ішінде біздің еліміздің қандай үлкен
жолдан өткендігін еске түсіресін. Біздің еліміздің басшысының дипломатия саласындағы саясаты толық
өзін ақтады деп сеніммен айтуға болады. Бірақ мұнымен тоқмейілсуге әрине болмайды. Келесі ұрпақтың
дипломаттары күрмеуі мол әлемдік саясатты, әлемдік рыноктың тыныс-тіршілігін айрықша жақсы білуге
міндетті. Халықаралық қоғамдастықта біздің еліміздің мүдделерін жемісті түрде алға жылжытуға және
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жан-жақты білім жиынтығына қол жеткізуі керек - деп ойын
түйіндейді [3, 19-47 бб.].
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының жалпы мәселелеріне
қатысты тарихшы ғалым
Б.Қ. Сұлтанов өзінің еңбектерінде талдау жасайды. Б.К. Сұлтановтың мерейтойына арнап Стратегиялық
зерттеулер институты ұжымы шығарған маңызы жағынан монографияның жүгін арқалайтын кітаптың
екінші бөлімінде ғалымның таңдамалы мақалалары топтастырылған. Б.К. Сұлтанов сарапшы ғалым
ретінде Қазақстанның көрші Орталық Азия республикаларымен қарым-қатынасты
ілгерілетудің бір
мынадай жолын ұсынады. Түрлі жағдайларға байланысты экономикалық интеграцияға осы республика-
лардың саяси элитасы дайын болмағандықтан «интеграция» ұғымын қолданбай, ұлттық органдар,
хатшылық, ортақ штаб-пәтер құрмай-ақ, мемлекет басшыларының, министрлердің, сарапшылардың жыл
сайынғы экономикалық мәселелер бойынша «ынтымақтастықты» тереңдету жолында тұрақты кездесулер
қалыптастыру арқылы ортақ мақсатқа қарай жылжуды ұсынады [4, 340 бб.].
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси Доктринасын қалыптастыру
тарихын талдайтын
Достарыңызбен бөлісу: