АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ
АРХЕОЛОГИЯ И ЭТНОЛОГИЯ
ARCHAEOLOGY AND ETHNOLOGY
ӘОЖ 94(574):9-05
МРНТИ:03.20
https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.20
А.Ә. Якуб
1*
, Р.М. Купбаева
2
, Қ.М. Шекербеков
3
1
аға оқытушы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент қ., Қазақстан
2
аға оқытушы, Шымкент университеті, Шымкент қ., Қазақстан
3
аға оқытушы, Шымкент университеті,
Шымкент қ., Қазақстан
E-mail: shkm_79@mail.ru
АЛАШ БАСПАСӨЗІНДЕГІ МУЗЫКА ТУРАЛЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Аңдатпа
Мақалада отаршылдық кезеңіндегі мерзімді басылымдардағы, Кеңестік Қазақстандағы Алаш
баспасөзіндегі музыка мәселесі біршама зерттеп-зерделеніп, Тәуелсіздік дәуіріндегі «Рухани жаңғыру»
үдерісінің тарихи сананы жаңғыртудағы рөлі мейлінше талдап-тарзыланады. Сонымен қатар осы мәселе-
ге қатысты мұрағаттардан алынған «Туркестанские ведомости», «Ақ жол», «Шолпан», т.б. газет-журнал
материалдарын да молынан қолданған автор тақырыпты барынша ашып көрсетуге хал-қадерінше
тырысып бағады.
Сонымен қатар ұлт зиялысы, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытұлының музыка тақырыбындағы
рухани мұрасы сол кезеңдегі баспасөз материалдары негізінде біршама сарапталып, әсіресе, оның
«Музыканың пайдасы», «Асыл қазына жиналса екен», т.б. мақалаларына кеңірек тоқталады. Яғни осы
мәселеге қатысты мұрағаттардан алынған «Ақ жол» газетіндегі мәні жоғалмаған жоғарыдағы мақала-
ларды да мейлінше кәдеге жаратқан автор тақырыпты барынша ашып көрсетуге ұмтылады.
«Рухани жаңғырудың» басты тірегі, «Мәңгілік ел» идеясының негізі саналатын ұлттық құндылық-
тарды дәріптеу мәселесі, Алаш баспасөзінің ұлттық музыка өнеріне қатысты көзқарасына ғылыми тұр-
ғыда оң баға беру, бәсекеге қабілетті біртұтас ұлтты қалыптастырудағы төл тарихымыздың зерттеушілер
назарынан тыс қалған кейбір тұстарын қайта қарастырудың маңыздылығы, Тәуелсіздікті тұғырлы етудегі,
ұлт рухын көтерудегі бұл ғылым саласының өскелең ұрпаққа ықпал-әсері де назардан тыс қалмаған.
Достарыңызбен бөлісу: |