Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет248/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Keywords: Tawhid’s point of view, the point of view according to Divine Unity, Materialism, Iman (belief), 
Imam, Leader of virtuous city, The state, The authority 
Кіріспе. Әл-Фараби мен Ибн Халдунның еңбектерін материалистік әрі ахрониялық тану мен ұғыну 
олардың діни түсініктерін қате қабылдауға жол ашады. Түркияның алғашқы әлеуметтанушыларының бірі 
Фындыкоғлының пікірінше, Ибн Халдунның ғылым мен дінді түсінуі жайындағы ориенталисттік 
әдебиеттерде негізінен екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір, Ибн Халдун талқылайтын әрбір 
әлеуметтік феномен Қасиетті Құранмен, тиісінше Құдайдың ерік-қалауымен тікелей байланысты. Екінші 
пікірді жақтаушылардың ұстанымы, Ибн Халдунның озық үлгідегі ислами білімі мен шынайы 
мұсылманшылығы, оның әлеуметтік феноменді реалистік тұрғыдан ақыл мен тәжірибеге сала отырып 
зерттеуіне, түсіндіруіне қатысы жоқ. [1, 69-71] Біздіңше, бұл екі жағдайда да, Ибн Халдунның 
мұсылманшылығы мен Ислами түсінігіне қатысты еш шүбә туғызбаса керек. 
Алайда, Бациева С.М. өзінің «Историко-социологический трактат Ибн Халдуна «Мукаддима»» атты 
еңбегінде Ибн Халдунның «Мұқаддімaһ» еңбегін кеңестік идеология аясында, Маркс пен Ленин ілімінің 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
238 
таптық қоғам көзқарасы тұрғысынан қарастыру керектігін баса айтады. [2, 3-4] Тіпті, Ибн Халдун өз 
еңбегінде діннен гөрі материалистік көзқарас ұстанған деп, сонысын дәлелдеуге тырысады. [2, 216] 
Біздің ойымызша, Әл-Фараби мен Ибн Халдун секілді ортағасырлық ислам ғалымдарына тек 
батыстық өркениеттің «суық» ақылымен немесе кеңестік кезеңнің идеологиялық көзілдірігмен қараған 
сайын, оларды түсіну қиынға соғады. Керісінше, Ислам дінінің дүрбісімен назар салынса, көп нәрсе 
жеңілдеп, айқындала түспек. Себебі: 1) Әр істі өз маманына тапсыру керек, яғни Бациева қанша жерден 
арабист ғалым болғанымен, Ислам дінтанушысы немесе Ислам ғалымы болмағандықтан, бүгінгі тілмен 
айтқанда «Асхананың ішкі жайын» білмей тұрып, Ислам дінін ұстанушы аталмыш ғалымдарға дұрыс 
баға беруі екіталай. 2) Түсініктегі қайшылық, яғни Ислами түсініктегі ғалымдардың еңбектерін материа-
листік көзқарас өкілдерінің дұрыс түсініп, оң баға беруі, біздіңше қисынсыз; 3) Ахрониялық қателікке 
жол берілмеуі керек, яғни ортағасырлық Ислам өркениеті өкілдеріне кеңестік идеология аясындағы 
көзқарастың уақыт шеңберіне байланғандығын ескеру керек. 4) Ибн Халдунның ««Мұқаддімәһ» атты 
еңбегінің Бациеваның кезінде де, қазіргі уақытта да орысша аударылған толық нұсқасы жоқ екендігін 
ұғына отырып, контекстен концепцияны, түпнұсқадан тайып кеткен күмәнді де тұманды тұжырымдарды 
суыртпақтаудың болатындығын ескерген жөн. Теңеу сөзбен айтқанда, бүгінгі күні біздер «Орта ғасыр 
көшінің керуенін бастаған түйелерді, бүгінгі саяхатшыларға емес, қасапшыларға тапсырғандаймыз». 
Дегенмен ортағасырлық ислам ғалымдары, соның ішінде Әл-Фараби мен Ибн Халдун да өз 
еңбектерін ислам діні аясында, дінмен байланыстыра отырып жүргізгендігі белгілі. Бұл жайында,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің PhD докторы Ы.М. Палтөре өз мақаласын былай қорытады: «Қорытa 
aйтқaндa, Әбу Нaсыр әл-Фaрaбидың «Қaйырымды қaлa тұрғындaрының көзқaрaстaры» aтты шығaрмa-
сындa қоғaмдaғы тұрғындaрдың қaл-жaғдaйын реттеу, бaғынушы мен бaсшы aрaсындaғы қaрым-
қaтынaстaр діни мәтіндер, Құрaн aяттaры aясындa түсіндіріледі. Айтылғaн ой-тұжырымдaрдың бәрі де 
aдaм мәселесі төңірегінде тоғысып, діни мәтіндермен ұштaсaтын идеялaрмен өріледі. Олaй болсa, Әбу 
Нaсыр әл-Фaрaбидың шығaрмaлaры діни мәтіндер aясындa aлдaғы уaқыттa әлі де тереңірек ғылыми 
тaлдaу жaсaуды қaжет ететіндігін aңғaртaды». [3, 9]
Осы тұрғыдан алғанда, Осман Шимшекпен баспаға даярланған“Tevhidi Düşünce” ve “Toplum 
Felsefesi”атты кітапта ислам ғалымдары Әл-Фараби мен Ибн Халдунның тұжырымдары таухид 
тұрғысынан талданады. Екі ғалымның да өз еңбектерін Жаратушыдан таратып жазатындығын ескерсек, 
ендеше бұл біздіңше дұрыс шешім. Ол бойынша, көзқарастар материалистік және таухидтік болып 
ажыратылып, төмендегі суреттегідей жіктеледі. [4, 57] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет