Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
258
Дуайені дегеніміз-қабылдаушы мемлекеттің дипломатикалық корпусы әріптестерінің арасында
бірінші болып сенім грамотасын тапсырылған дипломатиялық өкілдіктің басшысы.
1992 жылдың қазан айының 30-31-ші күндері Анкара қаласында Түркі
тілдес мемлекеттердің бас
қосуы болды. Түркия Республикасының сол кездегі Президенті Тұрғыт Озал, Әзірбайжан
Республика-
сының сол кездегі Президенті Абулфайз Елчибей, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Өзбекстан Республикасының
Президенті Ислам Каримов және Түркіменстан Республикасының Президенті Сапармұрат Ниязовтар
кездесуі болды.
Бұл кездесуде Түркия Республикасы Орта Азиядағы Түркі мемлекеттерге
экономикалық және
мәдени саласында қолдау жасайтын ниеттерін аңғартты, өзара қатынастардың орындалуына қанағат-
танып отырғандарын білдірді және ары қарай ынтымақтастық пен іс-қимылдарды үйлестіріп отыруға
шақырды. Кездесуге қатысушылардың аймақтағы жағдайды тұрақтандыру мен тұтастай алғанда Азия
құрлығындағы қатынастардың жарастығы жолында осы бағытты жалғастыра беру туралы ұйғарымға
келуілері түркі тілдес мемлекеттердің бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін де аса маңызды болды.
1993 жылы 9 сәуірде Алматыда ресми түрде Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал
келді. Тұрғыт Озалдың Қазақстанға екінші рет ресми сапарымен келуі.Тұрғыт Озал Түркия Республикасы
делегациясын таныстырды. Онда Вице-президент
Ерік Асанбаев болды, премьер-министр орынбасары
Қуаныш Сұлтанов т.б. болды.
Қазақстан мен Түркия Республикасының делегациясының арасында даму шеңберінің белестерінен
басталған еді, екі жақ кездесулердің қажеттілігін желеуін және Түркия деңгейде координацияларды
кеңейту, беймасштабта қарау керектігін көрсетті. Түркия Президенті Тұрғыт Озал 1993 жылы қаңтар
айында тәуелсіз Қазақстанның 1-ші конституциясын жоғары дәрежеде екендігін атап өтті [4]. Екі ел
басшылары келісім барысында екі жақ барлық маңызды, алғашқы үкімет аралық келісімдерге келісті.
Әсіресе
сауда экономикасы саласына, ғылыми-техникалық, мәдени байланыс кадр дайындау. Түркия
делегациясы өз шарттарын Қазақстанға экономикалық көмектің бағытталуын түсіндірілді. Сонымен қатар
парламент аралық байланысты нығайту көзделді.
Тұрғыт Озал Қазақстан Президентінің инициативасын қолдады. Инициативасында Азия құрлығында
бейбітшілікті сақтау мақсаты қарастырылды. Келіссөзге Вице-президент Ерік Асанбаев, премьер-
минестр сол кезде Сергей Терешенко, оның орынбасары Асхат Жабагин, Президент апаратының
жетекшісі және министр кабинетінің
жетекшісі Нұртай Абызаев, және т.б. министрлері қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғыт Озал екеуі түстен кейін Парламент үйіне барды. Осы Парламент үйінде
Түркия Президент Тұрғыт Озал парламент алдында сөз сөйледі: Түркия халқы Қазақстан Реформаларына
жақсы көзқараста екендігін атап айтты.
Біздің айрықша қуантатын жәй сіздің республикадағы тұрақтылық, бұл демократиялық қоғам көмек
береді тағы нарықтық экономикаға өту, негізгі принциптер жаңа конституцияға әлем елдерінде
қалыптасқан Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын келдім деді. Президент дана саясатшы Н.Назарбаев
басқарған ел ұлы мемлекет болуына сенемін. Түркия осы жолда жан-жақты қолдау, ұсыныс беруге
дайын деді. Өйткені 15 жыл ішінде Түркия үлкен тәжірибе жинақтады, дін қиыншылықтарымызды түрлі
жолдармен шығу жолын қарастырамыз [5] деді.
1993 жылы 17 сәуірінде Тұрғыт Өзал дүние салды. 1993 жылы мамыр айында Түркия Республика-
сының 9-Президенті Сүлеймен Демирел болып сайланды. Н.Назарбаев С.Демирелді 1990 жылы қараша
айында Түркияға алғаш барған сапарында танысады. Ол кезде аса ірі оппозицияшыл партияның
жетекшісі болған еді.
1994 жылы қазанның 17-де Анкарада Түркия мен Қазақстанның арасында достық және
ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Түркия Президентінің Анкарадағы резиденциясында салтанатты қол қою рәсімінде сөз сөйлеген
Н.Назарбаев:
«Екі елдің арасында «туысқандық, жақындық» қатынастар бар екенін айтты. Түркия Қазақстанның
тірегі болып табылады деп атап көрсетті. Біз сіздерге сенеміз деп атап көрсетті. – Біз үшін Түркияның
күшті болғаны өте маңызды. Құрамында Түркия мен Орталық Азияның түркі тілдес республикалары
кіретін ұйымды құратын уақыт келді деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Бұл ұйымның әлде кімге қарсы
бағытталмайтындығын және әскери болмайтындығына, оның мақсаты бейбітшілікті және халықтардың
әл-ауқатын нығайту нығайту болып табылатындығына сенім білдірді».