Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж. 260
Ал кеткесін С Демител бастаған Түркия делегацисы Шымкенттен Анкараға ұшып кетті. Жергілікті
әуе жайда мәтебелі мейманды Нұрсұлтан Назарбаев вице-премьер Ахметжан Есімов, президент
аппаратының басшысы Нұртай Әбікаев, басқада ресми адамдар шығарып салды.
1995 жылы 15-ші тамыз күні Алматыда Түркияның Премьер-министірі Танссу Чиллер ресми
сапарымен келді.
Екі жақ бірі-бірін өз елдеріндегі саяси және экономикалық жағдаймен таныстырып, өзара тиімді
негіздегіекі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың болашағы туралы, аймақтық және
халықаралық көкейтесті проблемалар жөнінде пікір алмасты.
Түркия премьер-министрі Қазақстанда жүріп жатқан, нарықтық принциптерге демократиялық
қоғамының ірге тасын қалауға бағытталған саяси және экономикалық өзгерістерге үлкен мүдделік
танытты. Танссу Чиллер біздің республикамызда жүзеге асырылып жатқан елдегі ішкі тұрақтылықты
нығайтуға, мемлекеттік үкімет қызметінің арттыруға байланысты конституциялық реформаны жақтаған
сөз айтты.
1997 жылы 3-7 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының премьер –министрі Әкежан
Қажыгелдиннің Түркияға алғаш ресми сапары болды. Бұл сапар екі ел үшін де пайдалы болды. Ең
бастысы экономиканың келешегі тұрғысынан маңызды шешімдермен нәтижеленді. Қажыгелдиннің бұл
сапарының Қазақстан үшін маңыздысы – елдің пайдалы қазбалары жайында Түркия іскерлеріне кеңінен
мәлімет берілгендігі. Түркияның премьер министрі Нежметтин Ермакан мәр тебелі мейман құрметіне
берген қонақасына Түркияның Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен үлкен холдингтердің иелерін
шақырған еді.
Қазақ мұнайының Стамбұлдың Алтын базарында өңделіп сатылуы, Еуропаға жеткізілуіндегі
Түркияның рөлі айтылды.
Сапарлар бір жағынан дипломатиялық қатынастарды екінші жағынан экономикалық қатынастарды
нығайтуда Қажыгелдиннің сапары тұсында Қазақстанның пайдалы қазбалары, мұнай, жаңа астана
Ақмоладағы құрылыстар күн тәртібінде сапарлар тұсында қабылданған шешімдердің , келісімдердің,
уақытында жүзеге асырылуын қадағалаймыз, өйткені Қазақстан экономикасының аз уақытта түзеліп кетуі
үшін бір сәтті де бос жіберуге болмайды,-деді.
1998 жылы 29 қазан айында Түркия республикасы 75 жылдық мерекесін төрткүл дүниеге жар салып
атап өтті. Елде төрт күндік мереке жарияланған. Әлемнің 175 елінен қонақтар шақырылған. Мерекеге
шақыруды 100-ге жуық мемлекет қабыл алды.
Анкара мереке құшағында. Сан елдің тулары желбіреді. Солардың арасында Қазақстанның туы
бауырлас мемлекет Түркияның туының қасында ілініп тұрды.
28 қазан күні кешкісін Түркия Республикасының Президенті Сүлеймен Демирел мен зайыбының
атынан сарайда кешкі қонақасы берілді.
Ал 29 қазан күні тойдың ресми рәсімдері өтті. Түркі мемлекеттері Президенттері өзара әңгімелесіп,
пікірлесуге де мүмкіндік алды.
Ресми рәсім Ата Түрік кесенесіне келіп тәу етуден басталды. Арыстандар аллеясында рәсім де
мерекелік рухқа тарихи жолды ой елегінен өткізуге Түркияны демократиялық үрдістерін бағымдауға әсер
еткендей.
Жоғары мәртебелі меймандар Түркия парламентінде жиналды.Осында С.Демирел мырза құттық-
тауларды қабылдады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бүкіл Қазақ-
стандықтардың атынан құттықтау айтып, арнайы ескерткіш сыйлық-қыран бүркіт бейнесі бар күміс табақ
сыйлады» [6].
Қазақстан Республикасының бауырлас Түркия мен түркі салаларындағы өзара ынтымақтастығы
пәрменді түрде даму үстінде.
Екі елдің басшылары арасында жүйелі түрде болып тұратын жоғары деңгейдегі байланыстар екі
жақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени – гуманитарлық қарым-қатынастарға қосымша серпін
беретіні сөзсіз.
«1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республика-
сының Президенті Сүлеймен Демирелдің екі рет кездесулері болды. 1-шілде айында Қазақстан