Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет270/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
261 
Республикасының Президентінің Түркияға жасалынған сапар кезінде екінші қараша айында Стамбұлда 
өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы саммиті болды». 
Екі елдің басқа деңгейдегі байланыстары ды үдемелі түрде дамып,нығаюда.Мұның бәрі көп жағдайда 
бауырлас екі ел мүдделерінің тоғысуын көрсетіп отыр. 
Анкара Каспий аймағының көмірсутегі шикізатын әлемдік нарықтарға тасымалдауға бағытталған. 
«Баку-Жейхан» экспорттық құбыр тарту жобасына үлкен мән беруде. 1999 жылы 18-19 қарашада 
Стамбулда өткен ЕҚЫМ саммитінің жұмысына Президент Н.Назарбаев бастаған Қазақстан делегация-
сының қатысуы және оның барысында осы мұнай құбыры бойынша Қазақстан-Түркия қарым-
қатынастарындағы маңызды болып саналады. Түркияның саяси басшылығы аталмыш жобаның жүзеге 
асырылуындағы Қазақстанның шешуші ролін ерекше атап өтуде.Қазақстан мамандарының мойындауы 
бойынша, Қазақстанның мұнайсыз «Баку-Жейхан» құбырының тиімділігі болмайды, өйткені 
Әзірбайжанда өндірілетін мұнайдың мөлшері құбыры 60-пайызға ғана қамтамасыз ете алады-деді. 
Елбасы мен Түркиялық дипломат кездесу кезінде үш бағытты қамтитын мәселелер төңірегінде әңгіме 
қозғады. «Оның бірінші саяси диолог түрінде өтті. Екінщі кезекте қауіпсіздік, терроризм және экстермизм 
проблемалары сөз болды. Ал үшінші экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды». 
Тараптар бүгінгі таңдағы екі ел арасындағы эконмикалық ықпалдастық ахуалын қанағаттанарлы деп 
бағалады. 
Сыртқы істер министірлігінің ғимаратында Қазақстан ішкі істер министірлігі Ерлан Ыдырысов пен 
Түркия сыртқы істер министірі Исмайл Джем екеуі: мынадай келісімге қол қойды Түркия Республикасы 
мен Қазақстан Республикасы арасындағы қылмыстық істер және адамдарды ұстап беру бойынша 
құқықтық көмек туралы келісімді бекіту туралы грамоталармен алмасу жөніндегі хаттамаға қол қойды. 
Қазіргі кезде ТМД кеңстігі сыртында Қазақстан мен өте тығыз қарым-қатынаста болған мемлекет 
ретінде ең бірінші кезекте Түркияны атап айтуға болады.
1999 жылы қаңтар айында өткен Қазақстандағы президенттік сайлауға түрік бақылаушыларының 
қатысып өте жақсы баға беруі еліміздің халықаралық деңгейдегі беделінің қалыптасуына қомақты үлес 
қосқаны белгілі. Бұған қоса, бауырластық ықыластың бір көрінісі ретінде Қазақстан Президентінің 
қызметке кірісу рәсіміне Түркия ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Хикмет Читиннің басқаруындағы 
жоғары деңгейдегі делегациясының қатысуын айтуға болады [7]. 
1999 жылы тамыз айында Түркияда болып өткен сұрапыл жер сілкінісі кезінде екі ел арасындағы 
бауырластық қатынастар нақты сипаттар көрінгенін атап айтқан жөн. «Түркия халқы Қазақстан 
үкіметінің зілзала салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін Астана 
мен Алматы әкімшіліктерінің ынтасы бойынша қаражат жинақтау науқанының ұйымдастырылуын 
бауырлас қазақ халқы тарапынан көрсетілген шынайы достық сезімі ретінде қабыл алды». 
Жер сілкінісінен зардап шеккен Дегирмендер елді мекенінің тұрғындары Қазақстан Республикасы 
төтенше жағдайлар жөніндегі агеттігінің құтқарушылар тобына арнайы алғыстарын білдірді. 
Қазақстан мен Түркияның арасындағы екі жақты қатынастардың дамуымен қатар екі елдің 
халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзара әрекеттестігі де маңызды орын алатыны сөзсіз. Түркия 
алғашқыдан бастап Азиядағы өзара ықпалдастың және сенім шаралары кеңесі
(АӨЫСШК) 
шеңберіндегі Қазақстан тарапының инициативасын барынша қолдап келеді. 1999 жылы қыркүйек айында 
Алматыда өткен АӨЫСШК-не қатынасушы елдердің сыртқы саяси мекемелері басшыларының бас 
қосуымен мемлекеттік министрі Абду Халук Мехмет Чай бастаған Түркия делегациясының қатысуын 
айтуға болады. 
Екі елдің халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығы халықаралық және аймақтық ұйымдар 
шеңберінде бір-бірін өзара қолдаудан да көрініс табуда. 
2000 жылы 5 мамырда Түркия мемлекетінде оныншы Президент болып Ахмет Недждет Сезер 
сайланды. Ахмет Недждет Сезер Нұрсұлтан Назарбаев екеуі алғашқы кездесулері Нью-Йоркте Біріккен 
Ұлттар Ұйымының алақалы жиынында кездескен еді [8]. 
2000 жылы 19 қазан күні Түркия Республикасының оныншы Президенті Ахмет Недждет Сезер 
Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Астана әуе жайы басында жоғары мәртебелі мейманды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет