ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
61
экономикалық тұрғыда қорғау мақсатында аймақта өзге мемлекеттермен еркін саяси бақталастыққа түсе
бастады. Бұл жағдай империяның саяси ахуалын тіктеп, оның ұзақ жылдар өмір сүруіне мүмкіндік берді.
3. Теміржолдың маңызды тұстарының бірі Германиямен саяси және экономикалық байланыстарды
одан сайын арттыратын болды. Берлин-Бағдат теміржолы арқылы Осман
империясына Германиядан
қандай болмасын қажетті материалдардың Стамбулға жылдам уақыт ішінде жеткізуге үлкен
мүмкіндіктер туындады [7, 111 б.].
4. Бағдат теміржолының салынуы Осман империясының халықаралық саясаттағы беделіне де оң әсер
етті. Шығыста империяның саяси өктемдігі қайта күшейе бастады. ХІХ ғасырда Осман империясын
ешқандай өмір сүруге қауқары жоқ, «Еуропаның ауру адамы» деп санаған еуропалық империялар енді
онымен аз да болса санаса бастады. Теміржолды салу мен оны пайдалана бастауы Осман империясының
сыртқы саясатына оң ықпал етті.
Келесі кезекте Берлиннен Бағдатқа қарай созылатын теміржолдың Германия үшін саяси
маңыздылықтарына тоқталсақ:
Теміржолдың Германияның ішкі саяси жағдайын аса үлкен тиімділігі болмағанымен, оның Герман
империясының сыртқы саясаттағы бағыттарын анықтауда маңыздылығы өте жоғары болды.
1. Дойче Банк Анадолы теміржолын Бағдатқа дейін жеткізудің концессиясын өз қолына алған соң,
теміржолды салып, оны болашақта пайдалануда Германияның Осман империясының
алдындағы саяси
беделін одан сайын арттырды. Германия өзінің саяси одақтасы деп шешкен Осман империясына саяси
көмекті аямауға тырысты. Әрине, ол ең алдымен өз мүддесін ойлады. Бұл жолды салуға Германиядан сан
мыңдаған адам көшіп келді. Осман империясы мен жалпы османдық Шығыста немістердің саны күн
санап өсті [8]. Бұл Германияның Шығысты игерудегі басты саясатының бірі еді.
2. Бұл кезде Германияның сыртқы саясаттағы басты бәсекелестерінің бірі болған Британ империя-
сының Шығыстағы маңызды империялық нүктелері болған Суэц каналы мен Мысыр территорияларына
қауіп төндіру герман империализмінің басты геосаяси жоспары болды. Себебі, Шығысқа өту үшін осы
территориялар арқылы өту керек еді. Герман үкіметі Суэц каналы мен Мысырға ұйымдастыру үшін
жасаған әскери жоспарын Берлин-Бағдат теміржолы арқылы жүзеге асыруды көздеді.
3. Әлемдік империализм мен отарлар иелену көшінен кеш қалған Германия Шығысқа қарай жылжып
отарлар иеленуде Осман империясының территорияларын маңызды тірек
пункт ретінде пайдаланғысы
келді. Ал сыртқы саясаттағы мұндай империялық жоспарларды жүзеге асыруда Германия үшін Берлин-
Бағдат теміржолының саяси маңыздылығы өте зор болады деп күтілді.
4. Бағдат теміржолын салып, оны болашақта Берлинге дейін жеткізуді қолына алған Германияның
халықаралық саясаттағы беделі бірден жоғарылады. Германияның саяси тұрғыда күшейіп келе жатқанын
көрген өзге еуропалық империалистік мемлекеттер оның одан сайын күшеюінен қауіптене бастады.
Себебі, Бағдат теміржолын салудың үлкен бөлігін Германия өз қолына алды.
Жоғарыда көрсетілген қажеттіліктер Осман империясы мен Германия үшін
ортақ пайда табуына
мүмкіншілік берді. Берлин-Бағдат теміржолын салу мен оны пайдалану жобасы ХІХ ғасырдың
70-жылдарынан бастау алып, ХХ ғасырдың басына дейін жалғасқан
осман-герман саяси байланыс-
тарының бір саласы болды [9].
Достарыңызбен бөлісу: