Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет65/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысын жазуда деректік құндылығы әр түрлі деңгейде болған 
материалдар қолданысқа енгізілді. Оның ішінде құжаттық деректер мен олардың көшірмелері, құжаттар 
жинақтары қолданылды [1]. Еуропалық тілдерде жазылған құжаттар жинақтары мен деректік құндылығы 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
60 
жоғары болған материалдар халықаралық қатынастарда Бағдат теміржол құрылысының саяси ықпалын 
басқа қырынан көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Құлдырау дәуірінде осман-герман саяси 
байланыстарының тарихын зерделеуде мұндай жинақтардың орны ерекше [2]. 
Зерттеу жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері мен тұжырым-
дары қолданыс тапты. Ғылыми-зерттеудегі жалпы тарихи-салыстырмалылық, тарихи жүйелеу әдістері 
пайдаланылды. Сондай-ақ, теориялық және методологиялық негізі ретінде, тарихи оқиғаларды баяндау 
кезінде саяси тарихи процестерді қарастыруда зерттеу жұмысында сыннан өткен диалектикалық амал 
қолданылды. Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары тарих ғылымында болып жатқан 
түбегейлі өзгерістер негізге алынды. Берлин-Бағдат теміржолын салу және Осман империясы мен 
Германия арасында саяси қатынастарды, сондай теміржолдың халықаралық сипаты мен оған қатысты 
туындаған шиеленістердің тарихын қарастыруда жершілдік пен саяси көзқарастар басты назарда болды. 
Сондықтан да, зерттеу жұмысында еуроцентристік, ұлтшылдық, түрікшілдік және діншілдік көзқарас-
тардан бас тартып, тақырыптың өзекті мәселелерін объективті түрде шешуге талпыныс жасалды. 
Талқылау. Жұмыстың тақырыбы шетел тарихнамасында аз зерттелген мәселелер қатарынан орын 
алады. Берлин-Бағдат теміржолын салудың саяси негіздерінен бөлек оның құрылысы туралы мәселелер 
ғалымдардың назарын аударып, ол бойынша неміс, түрік, кеңес ғалымдары зерттеулер жүргізген. Әрине, 
бұл тақырыпта негізінен неміс және түрік ғалымдарының еңбектері ауқымды болып табылады. Берлин-
Бағдат теміржолын салу мәселелерімен шығыстанушы, географ Уго Гроте айналысып, Осман империясы 
мен Германия арасында сыртқы байланыстарды көрсеткен. Уго Гроте Берлин-Бағдат теміржолының 
саяси-экономикалық маңыздылығын және Осман империясы мен Германия арасындағы саяси 
байланыстарды зерттеген [3].
ХХ ғ. бірінші жартысында неміс ғалымдары Германия мен Осман империясы арасындағы сыртқы 
саяси байланыстардың үлкен көпірі болған Берлин-Бағдат теміржолының құрылу мәселелері мен оның 
Шығыс пен Батыс арасындағы қатынастарға тигізген мол көмегі жайлы арнайы ғылыми зерттеулер де 
жүргізілді. Бұл тақырып бойынша Поль Рурбах арнайы ғылыми жұмыстар жүргізген тарихшылардың бірі 
болды. П.Рурбахтың ғылыми жұмысында Берлин-Бағдат теміржолының салыну жоспарлары мен оның 
салыну барысы жайлы мәселелер көтеріліп, бірқатар тың тұжырымдар қабылданған [4].
Сонымен қатар, бұл тақырып бойынша германиялық түрік тарихшыларының бірі Бекир Сыткы 
арнайы зерттеулер жүргізіп, ол «Берлин-Бағдат теміржолының құрылуы мәселелері» [5] атты тақырыпта 
ғылыми еңбек жариялаған. Зерттеушінің негізгі ғылыми объектісі бұл теміржолды құрудағы негізгі 
жоспарлар жолдың құрылу мәселелері болып табылады. Автор, ең алдымен бұл теміржолдың құрылу 
қажеттігін туындатқан саяси және экономикалық факторларды негізге алып, сол бойынша талдау 
жүргізген. Сонымен қатар, Германия мен Осман империясы арасындағы сыртқы саяси және экономика-
лық байланыстар тарихын зерттеген түркиялық тарихшылардың бірі Мұрат Өзйүксел екі мемлекет 
арасындағы саяси және экономикалық қатынастарға өзінің үлкен септігін тигізген Берлин-Бағдат 
теміржолының салыну тарихын зерттеді [6].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет