Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
62
келтіруін және әлсіреп отырған Осман империясының қайта күшеюін қаламады.
Дегенмен де әуелде
Англия мен Франция теміржолдың салынуына қаржылай қолдау білдіріп, теміржол концессиясының
айтарлықтай бөлігін өз қолына алмақшы болған еді [10].
1903 жылдың сәуір айының басында ағылшын премьер-министрі Бальфур, сыртқы істер министрінің
өкілі Лэндсдоун, британдық банкирлердің ірі өкілі Эдвард Бэринг (Ревелсток) және Дойче банк атынан
Артур фон Гвиннер Бағдат теміржолына ағылшын капиталының салынуы туралы сұхбат құрды. Бұл
әңгіме барысында теміржолдың салынуына, басқаруға және пайдалануына герман, француз,
ағылшын
капиталистері 25 пайызына үлес қосатын болып шешім қабылданды. Сонымен қатар, Анадолы теміржол
компаниясының үлесіне 10 пайыздық үлес тиді. Лорд Лэндсдоун мен премьер-министр Бальфур бұл
келісімді мақұлдап оны жүзеге асыру үшін Британ үкіметінің ешбір қарсылық көрсетпеуге кепілдік
берген еді.
Бірақ, бұл мәселе ағылшын парламентінде көтерілген кезде, Англияның Бағдат теміржолын салуға
ортақтасуы үлкен қарсылыққа ұшырады. Оның басты себептері, ағылшын парламентінің өкілдерінің
ұйғарымы бойынша біріншіден егер бұл теміржол Бағдатқа
дейін салынып жететін болса, онда оған
Үндістан жақындай түсетін болды. Екіншіден, Англиядан Үндістанға және Парсы шығанағына шығатын
жолдарына Германия тарапынан қауіп төнетін болды. Үшіншіден, бұл аймақтарда герман экономикасы
мен империализмі кеңінен жайылатын болды. Ағылшын парламентінің өкілдері тарапынан ұсынылған
мұндай идеялар Бағдат теміржолын салуға Англияның белсенділігін төмендетті. Осы тұста айта кетерлігі,
Үндістанға, жалпы Парсы шығанағына теміржолдың жақындауы Британия үшін тиімді болатын еді.
Дегенмен, мұнда ағылшын парламенті мұндай тиімділіктен қарағанда Шығысқа Германияның
жақындамағаны дұрыс деп шешті.
Алайда, мұндай талаптардың шынайлығы негізсіз еді [11]. Ағылшын парламентінің мұндай
талаптарын жоққа шығаруға тырысқан жалғыз саяси тұлға ол Бальфур болды. Ол Германияның Шығысқа
қарай жылжуын күтіп отырмай,
керісінше оның алдын-алып, Шығыста герман империализмін тарат-
пауды ұсынды. Бальфур сол кездегі әлемнің ең қуатты империалистік мемлекеттің үкіметін басқарып
отырғандықтан Англияда бүкіләлемдік империализмнің таралу жолдарын жақсы білетін еді. Оның Бағдат
теміржолына қатысты ағылшын үкіметіне түсіндіргісі келген басты ұстанымы Англияның Осман
империясы және Германиямен бірге осы теміржолдың салынғанынан бастап біткеніне дейін оның
басында болу қажеттігі еді. Бұл жағдайда болашақта Үндістанға жақындайтын бұл жолдың Германияның
немесе Францияның иелігіне өтіп кетуі әбден мүмкін еді. Егер Бағдат теміржолының салынуынан бастап
оның бітуіне дейін Англия қатысатын болса, бұл теміржол халықаралық көлік дәлізі қызметін атқаруға
тиіс болатын болды және ең маңыздысы осы кезде енді ғана Кувейтті
өзіне тәуелді етіп отырған
Англияның Кувейт жеріне жақын жолмен жетуге үлкен мүмкіндіктер туындайтын еді. Осының негізінде
болашақта теміржолдың аяқталар тұсы тіпті Англияның тікелей қарамағына өту мүмкіндіктері бар екені
көрсетілді. Сонымен қатар, бұл кезеңде Осман империясының Таяу Шығыстағы провинциялары мен
жалпы Шығыста сауда мен экономиканың үлкен бөлігін өз қолында ұстаған Англия үшін бұл теміржол-
дың экономикалық пайдасы өзге мемлекеттерге қараған да орасан зор болатыны айтылды [11, s. 166-167].
Алайда, Бальфурдың бұл ұсыныстарын да көпшілік қолдамады. Парламент өкілдерінің теріс пікір-
лерінен соң, баспасөз өкілдері бұл пікірлерді жарыса жазды. Осының салдарынан Англияда Германияның
Бағдат теміржолын салуға қатысты теріс көзқарас қалыптасты. Бальфурдың көзқарасы мен теміржолға
қатысты ұстанымдары үкімет пен қоғам тарапынан қабылданбаған соң,
парламенттің Қауымдар
палатасында Бағдат теміржолын салуға Англияның қатыспайтыны және ағылшын капиталистері
тарапынан бұл жобаның жүзеге асырылуына қолдау көрсетілмейтіндігі жарияланды [12].
Бұл шешімнен соң, ағылшын және герман банкирлерінің келісімінің бұзылуы көзге көрініп тұрған
жағдай еді. Екі жақтың қатысуымен Бағдат теміржолының салынуына қатысты қабылданған жоспарлар
премьер-министр Бальфурдың парламенттегі үндеуінің сәтсіз болуына байланысты нәтижесіз қалды.
Ағылшын банкирлері әбігерге түсті, оларға Британ үкіметінен ешқандай қаржылай қолдаудың болмауы
анық еді. Атақты магнат Морган тобының құрамында болған ағылшын капиталистерінің бірі Клинтон
Дакинз Дойче Банктің бас директоры Гвиннерге жазған хатында өзінің қиын жағдайда қалғанын жеткізіп,
ағылшын кәсіпкерлерінің атынан Дойче Банктен кешірім сұрады. Ағылшын капиталистерінің мұндай
өтінішіне Гвиннер өзінің ешқандай ренішін білдірмей, өз ренішін тек
Британияның сыртқы істер
министрлігіне ғана білдірді [6, s. 202-203].
Дойче Банктің бұрынғы бас директоры Сименстің ағылшын теміржолымен ортақтасу жоспарын одан
кейін басшы болған Артур Фон Гренвиль жалғастырып, алайда, оны толық жүзеге асыра алмады. Мұндай
сәтсіздіктерге парламенттің шешімі себепкер болды. Ағылшындардың орнына 1831 жылдан бері Бағдат