Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдiстерi



бет3/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдiстерi. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқыту барысында қоғам тарихының дамуы және қоғамдық-экономикалық формацияның заңды түрде алмасуының негiздерiне мән беру керек. Өндiргiш күш пен өндiрiстiк тәсiл қоғамдық дамуды анықтаудың басты айқындаушы негiзi болады. Бұл тұста бiздiң сүйенерiмiз — экономикалық тiрек (базис) пен қоғамдық қондырма (надстройка) туралы баяндап және олардың бiр-бiрiне жасайтын ықпалына назар аударып, таптық күрес пен мемлекет және құқықтың дамуындағы, әлеуметтiк революция, көпшiлiк халықтың рөлiне көңiл бөлу.
Бiздiң елiмiзде мемлекет және құқық бүкiл әлемдегi адамзат қоғамының дамуы секiлдi заңдылықтармен пайда болып, дамыды және дами бередi де. Мемлекет және құқық тарихының пайда болуы мен дамуы қоғамның өндiргiш күшi мен өндiрiстiк қатынастарының бiр-бiрiне қарама-қайшы (антагонистiк) таптар күресiнiң өрiс алуына байланысты болды. Алғашқы қауымдық және әлеуметтiк топ арасындағы қарым-қатынасты реттеу немесе жүйелеу белгiлi бiр мемлекет құру керектiгiне итермелейдi. Бiздiң заманымызға дейiнгi I мың жылдықта Қазақстан территориясын Андронов және Дәндiбай-Беғазы мәдениетi мен өркениетi деген атпен енген тайпа қоныстанған. Олар кейiн грек тарихшыларының жазып қалдыруынша “скифтер” де, ал парсы мәлiметтерi бойынша “сақтар” деген атаумен аталып, кейiн әртүрлi тарихи қоғамдық жағдайларға қарап өзгерiп кете берген.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң өзiндiк зерттеу әдiстемелерi бар. Ол республика, мемлекет және құқық тарихының қалай дамып, қандай жолдармен өрiстегенiн және оның мәдени-өркениеттiк даму процестерiн айқындайды. Кез келген әдiске баратын жолмен бiрге оның мақсат-мүдделерiн шешетiн принциптерi болады. Сондықтан да мемлекет және құқық тарихын оқып, зерттеп-зерделеу үшiн оны төмендегiдей әдiстерге бөлуiмiз керек. Бiрiншi, жалпы философиялық әдiстеме. Оған диалектикалық және метафизикалық әдiстемелер жатады. Екiншi, жалпы ғылыми әдiстемелер. Оған мемлекет және құқық тарихын уақыт пен кеңiстiк тұрғысынан зерттеумен бiрге iс-әрекеттiң және құбылыстың iшкi-сыртқы қасиеттерiн ашатын логикалық әдiстемелер жатады. Мұнымен бiрге жалпы ғылымдық әдiстемеге жүйелiк тәсiлмен де келуiмiз керек. Үшiншi, арнаулы әдiстемелер. Оған арнаулы-тарихи және арнаулы-құқықтық әдiстемелермен бiрге тарихи-генетикалық әдiстемелер жатады. Тарихи-жүйелi зерттеп-зерделеуден кейiнгi қол жеткiзетiн бiрден-бiр әдiстеме — ол тарихи-салыстырмалы әдiстеме. Тарихи-салыстырмалы әдiстеме — ежелгi Қазақстан территориясын қоныстанған халықтардың мемлекет және құқық тарихының даму заңдылықтарын, сонымен бiрге өзге территорияларды қоныстанған халықтардың және олардың қай дәуiрлерде өмiр сүргенiн салыстырмалы түрде анықтауға мүмкiндiк бередi. Әдiстемелiк курстың басты шарты — мемлекет және құқық дамуының бiр-бiрiмен сабақтастығының тарихилығында. Барлық мемлекет және құқықтық құбылыстар алдыңғылардан, яғни өткеннен өрiп бастау алады да, болашақта болатын жағдайларға алмастырыла өзгерiп (трансформацияланып) отырады. Мұндай құбылыстарды “уақыт үндестiгi” бiр тарихи негiзде қарастыруға ықпал етедi. Дамудың бiрнеше жолы бар, мысалы ол баяу да бiр қалыпты (эволюциялық) немесе бiр қалыпты емес секiрмелi (революция) түрде, тiптi болмаса бiр кездегi ұмытылған институттар ретiнде қайта оралуы мүмкiн (толық немесе бiрен-саран күйде), болмаған жағдайда олар үзiлiп немесе одан ары дамуын тоқтатуы да ғажап емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет