Көрнекілік:жемістер,ойыншықтар,оқу құралдары
ойын барысы: Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.
«Қайсысы ұнайды?» Мақсаты:Суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын,не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Көрнекілік:Әр түрлі суреттер,жануарлар,жыл мезгілдерінің суреттері
Ойын барысы:Әр түрлі суреттерді көрсетіп,олардың қайсысының ұнайтыны туралы сұралады, олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін тақпақтарын айтқызуға болады.
«Не артық?» Мақсаты:Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Әр түрлі құстар мен жануарлары бейнеленген суреттер.
Ойын барысы:Үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден не артық екенін табады. Берілген суреттерді топтастырып,оларды жалпы атауын айтады.
Неліктен артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.
«Сән ательесі» Мақсаты:Балаларға суреттен көрген киімдердің аттарын атап,киімдер мен ұлтық киімдерді ажыратып топтастыруға баулу, мата түрлерін ажырата алуға үйрету,қайсынан қандай киім тігеді жайлы түсіндіру.
Көрнекілік: жаңаша киімдер,ұлттық киімдер
Ойын барысы : бірнеше матаның қиықтары алып,қайсысынан қандай киім тігуге болатындығын тауып,суретке бейнеленген киімнің тұсына қоюды ұсынады.
Жер, су, ауа» Мақсаты:балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге,жерде ,ауада,суда не болатынны дұрыс айтуға төселдіру,қоршаған ортаға қамқорлық сезімен тәрбиелеу.