Көрнекіліктер:қар мен жаңбыр бейнеленген суреттер.
Ойын барысы: Балаларға қар мен жаңбырдың суреттерін көрсетіп,олардың бір-бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында табиғат құбылыстардың қасиеттерін айтып берулері керек.
«Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты:Бидайды қалай өсіру және одан нанды қалай жасау жөніндегі балалардың білімдерін толықтырып жүйелеу. Диқаншылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Сөздік қорын толықтыру:майдалау,себу,диқаншы,комбайын,элеватор,диірмен.
Көрнекіліктер: егін даласына қажетті суреттер
Ойын шарты:Жүргізушінің белгісінен кейін бос тор көздерді жарыса отырып,қажетті суреттермен толықтыру.
«Бұл қандай құс?»
Мақсаты: белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстардың суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу.
Көрнекіліктер: құстардың суреттері.
Ойын барысы: Жүргізуші қарлығаш пен тоқылдақтың суреттерін балаларға көрсетіп,әр қайсының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшелігін суреттеп, аттарын атайды. Бұл құстарды тағы қалай атауға болады? Олардың қандай пайдасы бар?(тоқылдақ орман дәргері,қарлығаш адамның досы)
«Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға,олардың қимылын,қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттер,оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:үй жануарларының,төлдердің суреті.
Ойын барысы:Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі,олардың қалай аталатынын,қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап,үй жануарлары туралы білетін жұмбақтарын шешкізеді.
«Жалпы атауын ата»
Мақсаты:Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ен соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |