Біз нені үйрендік?
Аружан: Оқуды,жазуды есеп шығарып,ән айтуды, би билеуді.Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды үйрендік.
Біз нені сүйеміз?
Ернур: Отанды, ата-ананы,халқымызды,достарымызды, табиғатты, ұстаздарымызды,мектебіміздісүйеміз.
Біз нені ажырата аламыз?
Сафуан: Жақсылық пен жамандықты,ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты ажыратамыз.
Бізді болашаққа не бастайды?
Нұрай А: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы,болашаққа деген сенім бастайды.
Біз кім боламыз?
Малика: Адал азамат, ақылды ару,оқымысты ғалым,елін сүйген ер боламыз.
Айару: Ұстаздарымыздың еңбегін ақтап,тәрбиелі, білімді, сабағымызды өте жақсы оқып, биіктен көрінеміздеп ант етеміз! (хормен: 3 рет)
Достарыңызбен бөлісу: |