Видеоролик «Шуақты 4 жыл …» Мейірбек


Мейірбек -Дұрыс айтасың Мерует! Олай болса сол алтын сыныптастарымызды ортаға шақырайық! (Музыка әуенімен оқушылар кіреді) Меруерт



бет2/11
Дата06.10.2024
өлшемі42.83 Kb.
#504364
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
бастауышпен қоштасу 4 в сынып

Мейірбек
-Дұрыс айтасың Мерует! Олай болса сол алтын сыныптастарымызды ортаға шақырайық! (Музыка әуенімен оқушылар кіреді)
Меруерт: Мейірбек, бүгін сахнада осылай бойымыздың да ойымыздың да өсіп үлкен қадамға аяқ басып отырғанымыз ең алдымен біздің ыстық-суығымызға қатар төзіп жүрген, асыл аналарымыз бен ұстаздарымыздың еңбегі деп білемін
Мейірбек: Олай болса алғашқы әнімізді неге аналарымыз мен бастауыш сыныбымызға арнамасқа.

  1. ХОР: АНА -ҰСТАЗ

Меруерт:«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Мейірбек?
Мейірбек:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Меруерт :Дұрыс айтасың Мейірбек, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Мейірбек: Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Композиция
Малика:
Шәкірттердің тыңдар жауап сұрағын
Жас санаға төгіп білім шуағын
Хат танытып жол сілтеген өмірге
Барша жанға құрметті жан мұғалім.
Еркеназ:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы
Өң бойымда тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын ақылын
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Айару
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңді ұнаттық арамызда
Аяна:
Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісін,
Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр.
Сізге деген алғыстың шегі де жоқ,
Әр бірінің азамат болған үшін.
Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсіз,
Әр балаға сіз ана, әкедейсіз.
Болашақтың көктеген жас шыбығын
Бағбанындай аялап мәпелейсіз,
Каусар:
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сіздің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет